Жастар саясатын дамыту тұжырымдамасы туралы



Дата03.12.2023
өлшемі15,04 Kb.
#133685
Байланысты:
по молодежке на селектор


Жастар саясатын дамыту
тұжырымдамасы туралы

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық дамыту министрлігімен 2023-2030 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы әзірленуде.


Тұжырымдаманы іске асыру жоспарында жергілікті бюджеттен іс-шараларды жүзеге асыруға бөлінген және жоспарланған қаражат мөлшері келісілді.
Жоспар аясында жастардың азаматтық белсенділігін, қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша жобалар, NEET санатындағы жастар санын азайтуға бағытталған жобалар (гранттар, еріктілік, «Жасыл ел» бағдарламасы), жас мамандарды өзін-өзі дамытуға жағдайлар жасау үшін іс-шаралар желісі қамтылған.
Анықтама ретінде: Ұлытау облысы жастарының жалпы саны (14-29 жас) 49 387 адамды немесе өңір халқының жалпы санының 22,3% құрайды.
2023 жылы жастар саясатын қаржыландырудың жалпы сомасы 130 413 000 теңгені құрады.
NEET-жастардың үлесі 2,5% (Статистика ақпараты бойынша – 9,8), жастар жұмыссыздығының деңгейі 4,7% құрайды.
ҚР Үкіметімен бекітілген «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» шеңберінде жастарды жұмысқа орналастыруға тарту және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары бойынша жұмыс жүргізілуде. Жыл басынан бері Ұлытау облысының жұмыспен қамту орталықтарына 18-29 жас аралығындағы жастарды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша 2843 адам жүгінді,оның ішінде :
- тұрақты жұмысқа 1858 адам жұмысқа орналастырылды,
- әлеуметтік жұмыс орнына жіберілді-63 адам,
- жастар практикасына-193 адам,
- қоғамдық жұмыстарға-733 адам жіберілді,
- бірінші жұмыс орнына-67 адам
- қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға-34 адам.
- 20 бос орындар жәрмеңкесі өтті.
2022 жылға Ұлытау облысы бойынша гранттар алу жоспары 245 адамды құрайды, оның ішінде жастар -120, (халықтың әлеуметтік осал топтары) -125.
Жыл сайын жастар кәсіпкерлігін қолдау және дамыту бойынша жоба іске асырылуда. Ағымдағы жылы облыс грантына 100 000 000 теңге жоспарланған, аталмыш жоба басталып 350-ден аса өтініш қабылданып, оның 55-і 1 млн.-нан 7 млн.ға дейінгі грант иегері атанды.
Осыған ұқсас жобалар облыстың қалалары мен аудандарында іске асырылуда. Ағымдағы жылы гранттардың жалпы бюджеті 148 млн. 600 мың. теңге құрады (облыс – 100 млн., қалалар мен аудандар – 38 млн. 600 мың., «Jas Project» жобасы – 10 млн. тг).
«Жасыл ел» еңбек маусымында 511 адам жұмысқа орналастырылды. Мұнда халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан жасөспірімдерді «Жасыл ел» қатарына қабылдаудың басымдылығын атап өту маңызды.
«Дипломмен – ауылға!»ауылдық жерлерге жұмыс істеу үшін келген тіркелген мамандар көтерме жәрдемақылар мен тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредиттер алады. Бүгінгі таңда жас мамандардың үлесі Жезқазған қаласы, Малшыбай ауылында – 1 маман, Жаңаарқа ауданында – 23 маман, Ұлытау ауданында – 13 маман жұмыс жасауда, барлығына 100 АЕК мөлшерінде жәрдемақы төленіп, 27-сі төмендетілген пайызбен несие рәсімдеді.
Жастарды жеке тұрғын үй сатып алуға қолдау көрсету мақсатында жас мамандарға арналған өңірлік ипотекалық бағдарлама жүзеге асыру жоспарлануда. Бірінші жылы жоба пилоттық режимде облыс орталығының аумағында іске қосылады. Бағдарламаны іске асыруға облыстық бюджеттен 500 млн.теңге, «Отбасы банк» АҚ желісі бойынша - 250 млн. теңге бөлінеді. Бағдарлама аясында жас мамандар жылдық 5% - бен 20 млн. теңгеге дейін қарыз ала алады. Жеңілдетілген ипотека мұғалімдерге, дәрігерлерге, медбикелерге, спортшыларға, мәдениет қызметкерлеріне, журналистерге, ЖОО оқытушыларына, ғылыми қызметкерлерге және әлеуметтік сала өкілдеріне қолжетімді болады.
2022 жылы Ұлытау облысында ерікті негізде 6 мыңға жуық ерікті (5840 адам) белсенділік танытып, жұмыс істейді. Жыл басынан бері 21 300 волонтердің қатысуымен 1055 іс-шара өткізілді.
Жастар саясатын іске асыруға 5 Жастар ресурстық орталығы қызметі ықпал етеді. Ұлытау облысыны бойынша жастар ресурстық орталықтарының штат саны: Жезқазған қаласында - 13, Сатпаев қаласында - 10, Қаражал қаласында - 7, Жаңаарқа ауданында - 10 және Ұлытау ауданында штат саны - 10 адамды құрайды.
Облыстағы 5 жастар ресурстық орталықтары жастарға арнайы психологиялық және заңгерлік көмек көрсетіп келеді. Жыл басынан бастап жалпы заңгерлік көмекке 5347, психологиялық көмекке 3781 адам жүгінді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет