М. О.Әуезовтің 125 жылдық мерейтойының құрметіне Қалалық эссе жазу байқауы туралы ереже жалпы ережелер



Дата17.12.2022
өлшемі19,34 Kb.
#57793

М.О.Әуезовтің 125 жылдық мерейтойының құрметіне
Қалалық эссе жазу байқауы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
«Семей қаласының Жастар ресурстық орталығы» КММ және «Шығыс жастары» қоғамдық қоры М.О.Әуезовтың туғанына 125 жыл толуының құрметіне орай қалалық эссе жазу байқауын жариялайды.
Байқау мерзімі: 27.09.2022 ж
Байқау келесі мақсаттар мен міндеттерді айқындайды.
2. Байқаудың мақсаты:
Қаламыздағы дарынды жастардың шығармашылықтарына қолдау көрсету. Жас жазушылардың талантын шыңдау. М.О.Әуезовтің Рухани құнды еңбектерін қастерлеу, проза жанрын жаңа деңгейде насихаттау.
3. Байқаудың міндеттері:
1. Қазіргі бәсекеге қабілетті қазақстандықтың образын насихаттау.
2. Байқауға келіп түскен жұмыстарды қарау және одан әрі жеңімпаздарды анықтау қазылар алқасына жүктеледі.
3. Осы ереже байқауға қатысуға үміткер барлық мүдделі тұлғаларға танысу үшін бұқаралық ақпарат құралдарында, орталықтың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланады.

4. Байқау шарттары:
1. Байқауға ЖОО және колледж студенттері қатысуға құқылы.
2. Байқау аясында авторлардың бұрын жазылған шығармалары қарастырылмайды.
3. Байқауда жазылатын эсселердің тақырыбы байқау кезінде беріледі.
4. Байқауға әдепсіз сөздерді қамтитын, сондай-ақ үшінші тұлғалардың этикалық нормалары мен авторлық құқықтарын бұзатын туындылар жіберілмейді.
5. Байқауға 250 сөздің көлемінде, 50 минут ішінде эссе жазу тапсырылады.

5. Байқауға қатысушы үміткерлер назарына:


Байқауға қатысушылар өзі туралы қысқаша ақпаратты төмендегі 1 қосымшаға сәйкес 26.09.2022 ж. сағат 17:00 ге дейін zhas.qalamger@mail.ru почтасына жіберуі қажет.
Қосымша сұрақтар бойынша жоба кординаторының 8 707 206 18 99 (Қайсар Беделхан) ватсап нөмеріне байланысқа шығуға болады.

Жеңімпаздарды анықтау тәртібі:

  1. Жеңімпаздарды анықтау және сыйлықтарды беру байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады.

  2. Байқауға қатысқан жұмыстарды бағалау кезінде комиссия мүшелері мынадай критерийлерді басшылыққа алады:

  1. Байқаудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі,

  2. Авторлық тұжырымдама дербестігі, жаңашылдығы, стильі,

  3. Мазмұндау тілі, идеяның бірегейлігі, әдеби – көркем құндылығы, эстетикалық әсер ету тереңдігі.

6. Байқаудың жүлде қоры:
Бірінші орын(1 жүлде) – 30 000 теңге
Екінші орын (2 жүлде) – 20 000 теңге
Үшінші орын (3 жүлде) – 10 000 теңге
Жеңімпаздар М.О.Әуезовтің 125 жылдық мерейтойының құрметіне арналған Абай ауданында өтетін тойға жолдама табыс етіледі.(1 күндік тур) Барлық шығындар ұйымдастырушы тараптан өтеледі.
Толық ақпарат: 8 707 206 18 99

Қосымша 1




Аты - жөні

Оқу орны

Туған жылы, айы күні

Байланыс телефоны:














































































Қалалық эссе жазу байқауына қатысушының тіркелу парағы:

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет