Неміс ботанигі Маттиас Шлейден және цитолог Теодор Шванн 1839 жылы жасуша теориясының негізін қалады.
Жасуша теориясы бойынша барлық тірі ағзалар жасушалардан тұрады және құрылысы мен биохимиялық қасиеттері ұқсас болады.
Жасушалар – тірі ағзалардың негізгі құрылымдық және функционалдық бірлігі. Оларды көлеміне, пішініне, құрылысына және атқаратын қызметіне қарай ажыратады.
Тірі ағзалардың жасуша құрылысының ұқсастығын ашу биология ғылымында ең іргелі жаңалықтардың бірі болып табылады .
Жасуша қабықшасы еріген заттарды таңдап өткізетін қабілеті бар плазмалық мембрана.
Қабықша үш қабатты болып келеді және полисахаридтер – целлюлоза мен май заттарынан тұрады.
Қабықшаның ішкі мембранасы диктиосомалардың есебінен үнемі жаңарып отырады.
Цитоплазма
Жасушаның ішін толтырып тұратын іркілдек сүйықтық. Жасуша мен сыртқы орта арасында жүретін зат алмасуды қамтамасыз ететін жасушаның қажетті бөлімі. Цитоплазма жасушаның ішінде үздіксіз қозғалыста болады.
Органоидтар:
-митохондриялар,
-жасушалық орталық,
-эндоплазмалық тор,
-Гольджи жиынтығы,
-рибосомалар,
-лизосомалар.
Жасуша органоидтары - жасушалардың
тұрақты арнаулы бөлігі болып табылады.
Жасушаның қызметі тек органоидтардың
көмегімен ғана орындалады.