Бронхылық астма ( грекше: asthma- тұншығу)-аллергиялық жауаптың салдарынан бронхылық тарамдар арқылы ауаның кері шығуы(экспирация) қиындап, ұстамалы ентікпе дамитын сырқат. Бронхылық астма тұқым қуалайтыны күмәнсіз, бірақ оның басты себебі экзогендік аллергендер. Бронхылық астманың ұстамасы лаброцит, базофил клеткаларына бекіген антиденелер аллергенмен қосылғанда басталады. Сол сәтте түзілген антиген- антиденелік кешеннің әсерінен лаброциттер грануласынан биологиялық активті заттар ( гистамин, серотонин, кининдер) бөлініп бронхылардағы тамырлардың экссудатты жауабын өрбітеді.Бронхылардың бұлшықетті қабаты жиырылып,кілегейлі қабықшасы шырышты тым көп түзеді,сөйтіп олардың саңылауы арқылы ауаның өтуі қиындайды.
Бронхтық демікпе– бронх қабырғасындағы тегіс бұлшық еттердің спазмасы салдарынан, бронх ағашының шырышты қабығының ісінуінен болады.Соның салдарынан дем шығару қиындайды (Экспираторлық ентігу)
Бронхтық демікпе– бронх қабырғасындағы тегіс бұлшық еттердің спазмасы салдарынан, бронх ағашының шырышты қабығының ісінуінен болады.Соның салдарынан дем шығару қиындайды (Экспираторлық ентігу)