Жазылым бөлімі (сөйлеу әрекетінің түрі) Жазылым жұмыстарының түрлері мен құрылымы. Жазылым дағдыларының ішкі кезеңдері.(жазу алдында; жазу кезеңі; жазудан кейін) Елімізде он төрт облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар жұмыс істейді. Қазақ тілі пәні (Т2) оқулықтар тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым әрекеттері бойынша оқытылып келеді.Мені осы мектептің мұғалімі ретінде бала бойындағы жазылым іс-әрекеті дағдысын дамыту жолдары толғандырды. Интернат қабырғасында тұрып жатқан орыс сыныбы оқушыларының қазақ тілінде қарым-қатынас жасайтын ортасы бар. Өйткені қазақ сыныптары оқушыларының басымдылығы.Олар мектепте, асханада, мерекелік іс-шараларда.тіпті түрлі жарыстарда жүргенде қазақ тілінде араласатынын байқадым. Спортта дарыны бар оқушылардың табиғатынан шапшаң болады да, тілді игеруде сөйлеуден, тыңдаудан ерекше қабілеттілік танытады. Көптеген дерек көздеріне сүйенсек, жазылым дағдысы асықпай ойлап, баяу қимылдайтын оқушыларға лайықты дағды екендігі көрсетілген1 Олар әр сөйлеміне баса мән беріп, ерекше идеяларын жинақтап баяндауға тырысады және бұл істе керемет шеберлік танытады. Табиғаты шапшаң балалардың жазылым дағдысы кешеуілдейтіні байқалады екен. Ал спортта дарынды балаларда осы жазылым дағдысы төмен екендігін өз тәжірибемде байқадым.
Оқу үрдісінде оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамытуды сөйлесім әрекетінің түрлерімен (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім) бірлікте қалыптастыру;
оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамытуда жүргізілетін жазба жұмыстарының түрлерін айқындау
жазбаша сөйлеу тілін қатысымдық бағытта дамытудың әдіс-тәсілдерін анықтау;
Жаңа технологияларды қазақ тілі сабағында қолданғанда жазылым дағдысы бойынша күтілетін нәтижелер:
оқушылардың жазбаша сөйлеу тілінің дамуы сөйлесім әрекетінің түрлерімен (тыңдалым, айтылым, оқылым, тілдесім) бірлікте қалыптасады;
шағын әңгіме, мәтін, ертегі, әңгімені өз бетімен аяқтай алады;
грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі;
оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады;
оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады;
Жазылым 4 дағдының ішінде оқушының нәтиже көрсететін, мұғалімнің
өнім алатын дағдысы болып табыладыОқушыға жазуды үйретпес бұрын өзіме мына сұрақтарды қойдым:
Оқушылардан не туралы жазуды сұраймын?
Оқушыларға жазылым дағдысын қалай игертуге болады?
Осы сұрақтарды шешудің бір жолы – оқытуда инновацияны қолдану, яғни мұғалімнің жаңа қаруы ретінде инновациялық технологияны кеңінен пайдалану. Инновация дегеніміздің өзі жаңалықты енгізу, жаңалық әкелу, жаңа әдістеме мен жаңа технология. Осыдан жазу дағдысын қалыптастырудың жолын осы инновациялық технологиялар шешпек.
Ақпаратты белсенді түрде сіңірген оқушы жадында өздері айтқанның 80% сақталса, өздері істеп жазғанның 90% қалады. Қандай инновациялық әдіс-тәсілдер тиімдірек болады деген сұрақ туындайды?
«Жазылым» термині «жазу» деген мағынаны емес, «жаза білу», «ойыңды басқа біреуге түсінікті болу үшін, қағаз бетінде сауатты жеткізе білу» дегенді білдіреді.
Осы жазылым дағдысын меңгеруде СТО технологиясының ұтымды жақтары мол деп ойлаймын. Осы бағытта қазақ тілін қосымша оқыту сабақтарына арнап, оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыруға арналған мәтіндер бойынша сабақтар өткізудемін. Жазылым жұмысының сәтті шығуы ең алдымен сөздік қордың мол болуына тікелей байланысты. Сөздік қор оқылым арқылы келеді. Бұны танымал адамдардың мынадай сөзі арқылы дәлелдеуге болады.
Жазу- біздің ойымызды тілге аударушы. (Byren)
Мәтінмен жұмыс барысында үлгірімі жақсы оқушылар, мәтінің мағынасын тез айқындап, жанындағы үлгірімі төмендеу серіктестеріне түсіндіріп үлгіріп жатқанын да көрдім. Сабақтың келесі бөлімдерінде «суретті сөйлету» әдісін қолданғанымда, білімалушылардың сөйлеу шеберлігінің шыңдалып, сыни тұрғыдан ойлауға, сындарлы сөйлеуге уйреніп шығармашылық қабілетінің дамуына мол мүмкіндік бергенін де айтып өткім келеді.
Жаңа технологияны пайдаланудың тиімді тұстары:
Жаңа технологияны пайдаланудың оқытушыға береріне келсек:
Барлық баланы оқытуға көмек береді;
Оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі;
Білім берудің формасын оңайландыру міндеттерін атқарады;
.Жазылым әрекетінде жоғарыда аталған жаттығу жиынтығы мен мәтіндерден бөлек жазылым дағдысын дамытатын қалыптасқан әртүрлі жазба жұмыстарын жүргізуге болады. Солардың бірнешеуін атап өтейік: Жазылым дағдысы оқылым арқылы келетіндігін жоғарыда атап өткен болатынбыз. Соған дәлел ретінде газет-журнал мақалаларымен жұмысты алуға болады. Мысалы, «Негативтен-позитивке» тапсырмасы мақаланы қайта өңдеп жазуға көмектесумен қатар, кейбір грамматикалық ұғымдарды игеруге де көмектеседі. Ол үшін жағымсыз хабар айтылған газет мақалаларын қиып ала келемін. Әр оқушыға әр түрлі мақаланы беріп, оқуды тапсырамын. Мақаланың ішінен өздеріне жағымсыз әсер тудыратын сөздерді бірінің астына бірін теріп жазғаннан соң, сол сөздерге антоним сөздерді табады. Сөйтіп, тапқан сөздерін пайдалана отырып, позитив мақала жазып шығады.3