Бұл қызығушылықты ояту кезеңінде Миға шабуыл стратегиясы , Топтастыру, Т кестесі стратегиясы арқылы қолдану тиімді. Өйткені орыс тілді аудиторияның сөздерді мәтін мазмұнын тез түсініп,ойын қағазға түсіруіне оңай әдістің бірі.
Осы кезеңінде алдыңғы өткен тақырыпты тексеру мақсатында тест жұмыстарын өткізу арқылы оқушы білім деңгейін қадағалап, жаңа сабақты бастар алдында «Топтастыру» стратегиясы арқылы оқушылармен бірлесе жұмыс жасауға болады.Осылайша, күн сайын сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді енгізе отырып, жазылым сынды дағдыны да қызықты етіп өткізуге болады.
Мағынаны тану кезеңінде «Кейіпкерге хат жазу» немесе «RAFT» стратегиясын Түртіп алу, ДЖИК СО , Талдау картасы тәсілдерін қолдану тиімді деп ойладым.
Ой толғаныс кезеңінде Эссе, Топтастыру, Пирамида, Құндылық сызығы, Т кестесі, Sinkuein немесе бес жолды өлең, RAFT, Түйін сөз, Семантикалық карта, Концептуалды таблица, Бір айналым сұхбат, стратегияларын қолданып жүрмңін.
Көбінесе орыс сыныбында тәлім алатын оқушылардың бойында жаза алмаймын деген қорқыныш болады. Осы қорқынышты жеңу үшін жазудың барлық адамның қолынан келетіндігін ұғындыра келе, сыныбы туралы жазуға, соңғы оқыған кітабы туралы, болмаса, атасы мен әжесінің өмірбаянын жазуды, не өзі құрметтейтін адамнан сұхбат алып, соны үй жұмысына жазуға кеңес беремін. Жазба жұмысын тексермес бұрын ұйымдастыру жұмыстарына баса назар аударамын. Мәселен, жазба жұмысында қарындашты пайдалану өте маңызды. Олай дейтініміз, қарындаш оқушының қателігін өзі түзетуіне мүмкіндік береді. Сөйтіп оқушылар өзін-өзі бағалауы қалыптасады. Суммативті түрде де бағаланады.
Жаңа әдіс-тәсілдерді ендіріп , дәстүрлі оқытудағы іс-әрекеттерді ұмытпаған жөн. Әдетте , ойлау механизмдерін оқушыларға үйреткенде жазбаша жұмыстарға уақыт аз қалып жатады , ал тіл сабақтарында мұғалім 4 бағытта жұмыс жасайды. Олар: жазу, оқу, тыңдау, сөйлеу. Тыңдау мен сөйлеу ойлаумен тығыз байланыста , бұл байланысты табу оңай . Ал енді жазу мен оқуды дамыту мақсатына жүйелі жұмыс жасағанда ғана пайдалы уақыт табуға болатын сияқты.
Орфографиялық дағды қалыптастыруда жазбаша жаттығу, диктант, мазмұндама және шығарма жұмыстарын ұтымды ұйымдастыру жақсы нәтиже береді. Тілдік қатысымды жетілдіретін шығарма,эссе жұмыстары оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, өздігінен ой қорытуға, шешім жасауға үйретеді Сабақтың қай құрылымында болмасын осындай стратегияларды қолданғанда «Жаңа технологияның принциптері- оқытуды ізгілендіру,өздігінен білім алып, ізденіс арқылы дамитын, өзіндік дұрыс шешім қабылдай алатын, өмірге бейім жеке тұланы қалыптастыру. Жаңа оқыту технологиясы арқылы оқушы қандайда болмасын ақпаратты өздігінше игеріп, өз өміріне жарата алатын әмбебап тәсілдерді үйрену керек. Технологиялық жүйелікті сақтай отырып, қазіргі сабаққа қойылатын талапарды қатаң ескерген мұғалім, оқушылар шығармашылығын арттырып, білім бәсекелестігіне дұрыс бағыт – бағдар бере алады.
Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденген де ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», — деген сөзі ізденімпаз, жаңаша ұстаздарға арналғандай. Мұны әрбір мұғалім жадында сақтауы тиіс.
Қорытынды жасай келе айтарым, өз іс тәжірибемнен жаңа технологияларды қолданып өткізген дәрістердің, оқушының бойына білімнің нәрі болып сіңетініне және оқушының келесі сабаққа деген қызығушылығын, ізденіп, берілген тапсырмаларды ұстазбен қатынаста болып орындауларына септігін тигізетініне сенімдімін.