Жәдігерқызы Айна 201 топ Эссе 1.Қосалқы тарихи пәннің мақсаты мен міндеттері, тарих ғылымындағы орны. 2.Тарихи хронология және қазақтың жылсанау жүйесі Қосалқы тарихи пәндерді оқытудың мақсаты-белгілі бір тарихи деректерді қолданысқа енгізу үшін арнайы әдістерді қолдана отырып, зерттеуге үйретеді. Қосалқы тарихи пәндер Отандық тарихқа қатысты мәселелерді саралауға бағытталған десек қателеспегеніміз. Тарих пәнінің қосалқы салаларын атап өтер болсақ, олар: палеография, метрология, нумизматика, хронология, сфрагистика, геральдика және генеология және тағыда басқа ғылым түрлері. Бұл пәндерді әр түрлі қырынан оқып-білу әлемдік тарихтағы тарихи оқиғалардың нақты уақыты мен орнын анықтай білуді үйренуге, тарихты оқып білуде шежіренің, таңбалардың, мемлекеттік белгілердің алатын орнын, зерттеу әдістерін оқытады. Қосымша тарихи пәндер мазмұны белгілі тарихи мәліметтерді байыта түсіп, тарихи оқиғалардың әр алуан деректік көзін саралауға, тарих ғылымын жан-жақты игеруге мүмкіндік береді.
Пәнді оқытудың міндеттері: Студенттерді тарихи қосалқы пәндер салаларымен, олардың зерттеу әдістерімен кешенді түрде таныстыру; Тарихтағы теориялық мәселелерді қосалқы тарихи пән деректері арқылы тереңдетіп оқыту; Тарихи дерек түрлерінің сыныпталуын меңгеруге үйрету; Тарихи деректерден ақпарат ала білуге, ішкі, сыртқы сыннан өткізуге баулу; Тарихи деректермен жұмыс істеуде қосалқы тарихи пәндер әдістерін кешенді түрде қолдана білуге үйрету; Қосалқы тарихи пәндер салаларының өзара байланысы мен ерекшелігін саралай алуға баулу; Деректердің сипатына қарай пайда болу, авторын анықтау, хронологиясын анықтау сияқты тәсілдерге үйрету; Ғылыми-теориялық мәліметтер-ге сүйене отырып, тұжырым жасауға, сын көзбен қарауға бейімдеу; Қосалқы тарихи пәндердегі терминологиямен жұмыс жасауға үйрету.
Қосалқы тарихи пәндер және оның міндеттері. Палеография ғылымының дамуы. Эпиграфика. Хронология. Календарь тарихы. Тарихи метрологияның қалыптасып дамуы. Ежелгі өлшем бірліктері. Нумизматика. Тарихи жағрапия. Тарихи топонимика. Тарихи антропонимика. Тарихи сфрагастика. Геральдика. Вексиллография. Фалеристика. Генеология. Қосалқы тарихи пәннің мақсаты – баршамызды қоршаған дөңгелек өмір атты құбылысты ішіндегі тірі жан иегерінен бөлек сол тірі жандарға керекті заттар яғни әрбір заттардың шегу тегін, оның құрылысын, мәнін, мағынасын зерттеп тарих атты құбылысқа қосымша жаңалықтар енгізумен туындаушы пән болып саналады.
Қосалқы тарихи пәндердің арасында түп деректануға ерекше орын беріледі, мұның міндеті тарихи түп деректерді тауып анықтау оларды ғылыми жүйеге келтіру, сын көзімен талдау, зерттеумен пайдалану методтарын тұжырымдау, әрі ақырында адамзаттың өткен шағының тарихын баяндау үшін түп дерек бере алатындардың бәрін, нақтылы да жан-жақты алып анықтап шығу болып табылады.
2.Қазақ календары.
Адамзат өркениетінің алғашқы бесігінің бірі – Орталық Азияның байырғы халықтарының аспан әлемі мен халықтарының аспан әлемі туралы ғасырлар бойы жинаған білімі мен тәжірибесі күнтізбе жасау мен жыл есебін жүргізуде өзіндік дәстүрі болғаны белгілі. Қазақ күнтізбесінің даму тарихы мен қалыптасу жолына назар аударар болсақ мндетті турде көне туркі әлеміне көңіл аударамыз. Жалпы қай халықты алып қарасақта олардың астрономиялық түсініктерімен білімдері күнтізбе жасауға негіз болған. Ежелден мал шаруашылығымен айналысып аспанастында аттың жолында атаның қамында өмір сүріп келген халықтардың бірі қазақ халқы.
Қазақ халқы ежелден –ақ күн ай жұлдыздар бойынша ауа райына тәуелсіз астрономиялық негізі бар күнтізбе жасаған. Аспан құбылыстарының қайталану заңдылықтарын бақылау нәтижесінде уақытты есептеудің әр түрлі жүйесін игерген. Ол халқымыздың өмір сүру тәсіліне мал бағу кәсібі мен диқаншылық өміріне байданысты шыққан. Қазақстанды мекендеген ежелгі түркі тайпалары күн мен айдың қозғалысын көптеген жұлдыздардың туатын және бататын кездерін жасы білген. Соның негізінде байтақ далада жол тауып жыл мезгілдерін айырып мал алу мерзімдерін біліп уақытты есептеп отырған. Ежелгі түркілердің жазба ескерткіштерінде жұлдыз аттары жиі кездеседі. Оларда жұлдыздарды бақылап жүретін абыздар “жұлдызшалар ” деп аталады. Археологтар Орталық Қазақстандағы Жанғабыл өзеннінің бойынан ҮІІ-Х ғғ жерленген бір жұлдызшының зираты табылды. Оның қасынан күн бейнесі көрсетілген жұлдызшының гранидтен жасалған тас мүсіні қойылған ол бізге жұлдызшының белгілі роль атқарғанын көрсетеді. Асандағы “Темір қазық”, “Жеті қарақшы”, “Үркер”, “шолпан” жұлдыздарының орналасуы мен олардың қозғалыстарын білудің өзі көп жеңілдіктер беретін.
Қазақстанның ежелгі тайпалары күн мен айдың қозғалысын көптеген жұлдыздардың туатын және бататын кездерін. Көрінетін орындарын жақсы білген. Бұл білімдер ауыз әдебетінен орын алып сол арқылы атадан балаға мирас болып қалған.
Бұрынғы қазақ календарындағы жыл неше ай бөлінген және ол жылда неше күн болған деген мәселеге келетін болсақ неміс тарихшысы А Штубендор “Орыс географиялық қогамының хабаршысы” атты еңбегіндеҮІ томында түркі халықтары 13 айға бөлінетінін айтады.
Б.А Куфтин Қазақ жылында 13 ай болады дей келе : 12 айлық жыл қазақтарда болуы мүмкін емес деген үзілді кесілді пікір айтқан. өз пікірін дәлелдегенде тоғыз санын қадір тұады. 12-ні елемейді дейтін.
айды Куфтин де дұрыс айта алмаған. Ол айлардың санын 13 ке жеткізу үшін әдеттегі 12 айға 2-ағайынды дегенді қоса салған.
Куфтин қазақ айларын былай түзген 1. шілде 8 қаңтар
2. тамыз 9 ақпан
3. қараша 10 ала сапыран
4. қыркүйек 11 көкек
5. қазан 12 мамыр
6. желтоқсан 13 маусым және отамалы