Метрология Орындаған : Мырзабек Н.Қ Қабылдаған : Туреханова Г. И метрология



Дата13.05.2022
өлшемі151 Kb.
#34239

Метрология

  • Орындаған :Мырзабек Н.Қ
  • Қабылдаған : Туреханова Г.И

Метрология

  • “Метрология” деген термин екі грек сөзінен “metron”- “өлшем” және “logos” – “ғылым” құралады.
  • Метрология - өлшеу, өлшеу бірыңғайлығын қамтамасыз ететін құралдар мен әдістер және қажетті дәлдікке қол жеткізу тәсілдері туралы ғылым.
  • Метрологияның мән-мағынасы- бақылау аясының түрлері және өлшем құралдарының жай күйі мен өлшеуді орындау әдістемелердің қолдануын,шама бірлігінің эталондарын метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын,сауда операцияларын жасауда тауарлардың мөлшер санын мемлекттік есептеуді заманауи түрге келтіру.

Метрология үш тарауға бөлінеді: теориялы, заңды және қолданбалы.

  • Метрология үш тарауға бөлінеді: теориялы, заңды және қолданбалы.
  • Теориялық метрология – метрологияның іргелі негіздерін зерттеп дайындаумен айналысады.
  • Заңды метрология - қолдануға жіберілген мемлекеттік талаптарды бекітеді.
  • Қолданбалы метрология – теориялық метрологиясы зерттеп дайындағандарды тәжірибеде қолданумен айналысады

Метрологияның негізгі мәселелері:

  • Өлшемнің жалпы теорияларын жүргізу;
  • Өлшемнің бірлік жүйесі мен бірліктерін жіргізу;
  • Физикалық шамалардың және оның жүйелерінің бірліктерін ұйымдастыру;
  • Өлшеудің әдістері мен құралдарын жетілдіру;
  • Өлшеу дәлдігін анықтау әдістерін дамыту;
  • Эталон жүйесін құру;
  • Өлшеу ғылымының қызметін дамыту;
  • Метрологияға ғылым мен техниканың жетістіктерін енгізу;
  • Өлшем бірлігін қамтамасыз ету;

Метрология объектілері

  • физикалық шамалар, олардың бірліктері, өлшеулер;
  • өлшеу принциптері және әдістері, техникалық өлшеу құралдары;
  • Өлшеу құралдары қателіктері, қателікті болдырмау мақсатымен жасалатын өлшеу нәтижелерін өңдеу әдістері мен құралдары;
  • өлшеу бірыңғайлығын қамтамасыз ету, эталондар, үлгілер;
  • мемлекеттік метрологиялық қызмет;
  • салыстырып тексеру сұлбаларының әдістемелері;
  • өлшеу жұмыс құралдары.

Өлшем бірлігін қамтамасыз етудегі метрологияның мақсаттары:

  • Азаматтарының мүдделерін және ел экономикасын өлшемнің теріс нәтижелері салдарынан қорғау;
  • Отандық және импорттық өнімдерді үдерістердің(жұмыстардың) және көрсетілген қызметтің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету;
  • Материалдық және энергетикалық ресурстардың барлық түрлерінің дұрыс құралдармен есептелуін қамтамасыз ету;
  • Іргелі зерттеулерде және ғылыми талдамаларда өлшемнің дұрыстығын қамтамасыз ету;
  • Диагностикада және сыртқаттарды емдеу,адамдардың еңбек және тұрмыстық жағдайларының қауіпсіздігін бақылау,қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету,спортта ,қоршаған ортаны кезінде сенімді өлшем нәтижелерімен қамтамасыз ету

  • Қолдануға рұқсат етілген шама бірліктеріндегі өлшеу нәтижелерінің бірыңғайлығы;
  • Берілген қателік шекараларында орналасқан өлшемді ықтималдықпен жүзеге асыру;
  • Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мақсатында бірлік өлшемін жаңғыртуға,сақтауға және мемлекеттік эталондардың көмегімен немесе тікелей жұмысшы өлшем құралдарына беру;
  • Заңды және нормативтік құжаттарға сәйкес өлшем бірліктерін қамтамасыз ету жөніндегі жоспарларды жүзеге асыру;
  • Метрологияның негізгі ұстанымдары

Метрологиялық қасиеттеріне қарай өлшеудің топтарға бөлінуі:

  • Геометриялық шамалар –ұзындықтар,бұрыштар,үстірт пішіннің ауытқуы,күрделі үстірт параметрлері;
  • Механикалық шамалар-масса,күш,айналу моменттері,кернеу,деформация,қаттылық т.б
  • Шығын-сыйымдылық,газ шығыны,деңгей,ағы параметрлері,көлем,қысым,вакуум;
  • Физика-химиялық өлшеу-ылғалдылық,тұтқырлық, тығыздық,қаттардың құрамы,электрлік-химиялық;
  • Жылу физикалық,температуралық өлшеу;
  • Уақыт пен жиілік;
  • Радиоэлектрондық өлшеулер;
  • Акустикалық шамаларды өлшеу;
  • Оптикалық және оптика-физикалық;
  • Иондық сәулелерді,ядролық константты өлшеу;


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет