Өткізген күн: 24.11.23 Тексерілді____________ Тақырыбы: Бабалар өсиеті – балаға мұра Мақсаты: Аталардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру, сол сөздерден өнеге алуға баулу.
Көрнекілігі: Ұлағатты сөздер, ақын-жазушылар кітап көрмесі.
Жоспар: 1.Ата тәлімі.
2.Ескірмейтін есті сөз.
3.Құпия хаттарға жауап.
Барысы:
Мұғалім: Біздің ата-бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлық, тамаша тәлім-тәрбие берерлік өсиет сөздер көп. Бүгінгі таңдағы жас ұрпақ, сіздердің міндеттеріңіз осы қасиетті сөздермен танысып, оның мән – мағынасын жете ұғынатын дәрежеге жету болып табылады. Тәрбие сғатымыз үш бөлімнен тұрады.
I бөлім: «Ата тәлімі» 1-оқушы: Арман деген не? – деп сұрапты қария жігіттен.
Жігіт: Ата, арман дегеніміз не? – ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, қыз көрікті болсам дейді, жігіт бақытты болсам дейді, қарт жүзге жетсем дейді, ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді.
Ата: Арманына адаспаған жетеді, адасқан жете алмайды. Арманына ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді, - депті қарт.
2-оқушы: - Бақытты болу оңай ма? – депті қарт.
-Ата, жары жақсы болса, бақыты жанында, - депті жігіт.
-Жоқ, балам, ақыл басында болса, бақыты жанында болады.
Ақыл адамды азаптан да, мазақтан да құтқарады. Өмірде шын бақытты болам десең, ақылдықты үйрен, не ақылды қызға үйлен.
3-оқушы: - Дос табу оңай ма? – депті қарт.
-Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын, - дейді жігіт.
-Жоқ, балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай.
Жақсылығы жоқ достың қастығы аяқ астында жатады. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың.
4-оқушы: -Өмірде не жетім? – депті қарт.
-Ата – анасы жоқ бала жетім,-депті жігіт.
-Дұрыс, балам, өмірде ата – анасы жоқ болса, бала тірі жетім. Өмірде 7 жетім бар. Халқына сенімсіз болса, хан жетім, кеңесшісі ақылсыз болса, әкім жетім, суы жоқ құдық жетім, ұлы жоқ әке жетім, қызы жетесіз болса, шеше жетім, досы жоқ жігіт жетім, шәкіртсіз ұзтаз жетім. Өмірде жетім болсаң есірме. Ақылды жетім кеңесуге құмар, ақылсыз жетім егесуге құмар. Егескен ел болмайды.