Жеке жазылушылар үшін 65367 6 айға 1541,52 1637,40 1713,84 Мекемелер мен ұйымдар үшін



жүктеу 2.86 Mb.
Pdf просмотр
бет3/11
Дата06.03.2017
өлшемі2.86 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Дәуіржан ТӨлеБаев

деңгейі жөнінен 29-орынды ие-

ленген. Жұмыс орындарын ашу 

перспективасы бойынша 6-орынға 

тұрақтаса, еңбек нарығының тиім-

ділігі рейтингінде 140 елдің ара-

сында 18-орынға жайғасқан. 2016 

жылға арналған экономикалық 

еркіндік индексінде Қа зақстан 

178 мемлекеттің ішінде 68-орында 

тұр. Елбасы бизнес үшін барынша 

қолайлы жағдай жасаудың жаһандық 

рейтингінде еліміз 189 елдің ішінде 

41-орынды иеленгенін айтты. 

«Біз «Нұрлы Жол» мемлекеттік 

бағдар ламасын, бизнесті дамыту 

және жұмыспен қамту жол карта-

сын жүзеге асырып, фермерлерге 

көмектесіп келеміз» дей келе, мұның 

бәрі азаматтарымыздың болашағына, 

лайықты жұмыс және жоғары өмір 

сапасы тұрғысынан сенімді болуы 

үшін жасалып жатқанына мән берді. 

Елбасының сөзінен байқағаны-

мыздай, бүгінде Қазақстан нық әрі 

сенімді қадамдармен ілгерілеп келеді. 

Әлемдік экономиканың ірі ойыншы-

лары, алпауыт елдердің өзінде қазір 

қаржылық дағдарыстан келіп туын-

дайтын тұрақсыздық орнаған. Үлкен 

компаниялар да өз жұмысшыларын 

қысқартып, қаржылық шығындарды 

қайта қарай бастады. Кез келген 

елдің өркендеуіне негіз болатын асыл 

құндылықтар болады. Ол, әрине, 

елдегі бейбіт өмір, азаматтардың, 

ұлт өкілдерінің ауызбірлігі мен 

түсіністігі екені сөзсіз. Қазір барша 

халықтар мұны жақсы түсінеді. Бұл 

тұрғыдан алғанда бірлігі жарасқан 

өмірімізді көздің қарашығындай 

сақтап, ардақтай білсек, әлі де 

көптеген жетістіктерге жетеріміз 

анық. Сессия дан бір түйген ойымыз 

осы болды. 

Сессия барысында Нұрсұлтан 

Назарбаев экономикадағы  басым 

бағыттарға, оларды тиімді жүзеге 

асыру мәселесіне де тоқталды. 

Е л і м і з д е г і   и н д у с т р и я л а н д ы р у 

жұмысын жүргізу мен экономикалық 

өсімді қамтамасыз ету тіпті әлемдік 

дағдарыстың күшті ықпалына 

қарамастан бизнестің дамуы-

на кеңінен жол ашатынына на-

зар аударды. Сонымен қатар Бес 

институттық реформаның тағы бір 

бағыты – есеп беруші мемлекет пен 

ашық үкімет қалыптастыру аясында 

қазақстандықтар үшін мемлекеттік 

органдардың шешімдерін талқылау, 

қабылдау және орындау барысы-

на қатысу мүмкіндіктері кеңейе 

түсетінін айтты.

– Олардың жанында үкіметтік 

емес ұйымдармен қатар, Қазақстан 

халқы Ассамблеясының өкілдері бел-

сене қатысатын қоғамдық кеңестер 

құрылып, жұмыс істеп жатыр. Сыбай-

лас жемқорлық пен шенеуніктердің 

ысырапшылдығына қарсы ең сенімді 

тосқауыл – азаматтық бақылау. Біз 

бұл бағыттан таймаймыз. Бірақ бұл 

да азаматтық қоғам үшін маңызды 

сәт. Оның қоғамдық кеңестер 

жұмысына қатысуы бастамашылдық, 

кемелдік және азаматтар алдындағы 

жауапкершілік қағидаттарына 

негізделуі тиіс, – деді Нұрсұлтан 

Назарбаев.

Мәртебелі жиында отандық білім 

берудің жайы да кеңінен сөз болды. 

Бұл мәселе де қазір жұртшылық ара-

сында, әлеуметтік желілерде кеңінен 

талқыланып келе жатқаны белгілі. Ел 

күткен сөзді Елбасы айтты. 

– Егер біз балаларымыз бен 

бүкіл еліміздің болашағын ойлайтын 

болсақ, мұндай өзгерістер білім беру 

сапасын арттыру үшін қажет. Бірақ 

бәрі де тиянақты қарастырылғаннан 

кейін қабылдануға тиіс. Мектеп 

мәселесі әр отбасыға қатысты, 

сондықтан барлық пікір ескерілуі 

тиіс, мұнда жөнсіз сынақ жасауға 

болмайды. Жалпы, бұл ақпараттық 

жұмыстағы олқылықты көрсетеді. 

Халыққа реформаның мәні жете 

түсіндірілмеген, – деді Президент. 

Бүгінде қоғамды алаңдатқан тағы 

бір мәселе – жер мәселесі болып 

отырғаны белгілі. 

Бұл орайда Елбасы соңғы кездері 

Қазақстанның жерін шетелдіктерге 

сату туралы жалған ақпараттың та-

ратылуы салдарынан жер мәселесіне 

қатысты алаңдаушылық көбейгенін 

айтты. 


– Мұның шындыққа жана-

спайтыны бірнеше рет түсіндірілді. 

Тағы да айтқым келеді – ауыл 

шаруашылығы жерлерін шетел 

азаматтарына және компания-

ларына сату туралы мәселе жоқ, 

талқыланбайды да. Бұл тақырыптың 

төңірегіндегі алып-қашты әңгі-

менің бәрі негізсіз. Біздің мақсат 

– ауыл шаруашылығымен айна-

лысатындарға жекеменшігіне жер 

алу мүмкіндігін беру. Егер олар 

жерге иелік ететін болса, оны 

күтіп-баптап, қадірлейтін бола-

ды. Жер – ата-бабамыздан мұраға 

қалған біздің басты байлығымыз. 

Қазақстанның 14 мың шақырымнан 

астам мемлекеттік шекарасын 

ресімдеу үшін мен көрші елдердің 

басшыларымен 8 жыл бойы келіссөз 

жүргіздім. Осының бәрі жеріміздің 

тұтастығын қамтамасыз ету үшін 

жасалды. Мен азаматтарымыздың 

осы мәселені көтергеніне қуаныш-

тымын. Егер жерге дәл осылай 

көңіл бөлінетін болса, бұл біздің 

халқымыз өз жерін қасық қаны 

қалғанша қорғайтынын көрсетеді, 

–деді Н.Назарбаев.

Сессия барысында Қазақстан 

халқы Ассамблеясының алдағы 

атқарар жұмыстары да пысықталды. 

Елбасы бүкіл ел бойынша 1993 

қоғамдық келісім кеңесі және 820 

аналар кеңесі құрылғанын атап өтті. 

Олар халықтың нақты мәселелерін 

шешумен айналысатынын тілге тиек 

етті. Сонымен қатар Ассамблеяның 

бастамашылдығымен атқарылған 

жұмыстарға оң баға берді. 

Қазақстан халқы Ассамблея-

сының төрағасы сессия қорытын-

дысы бойынша қабылдануы жос-

парланып отырған Мәңгілік Ел 

патриоттық актісінің жалпыұлттық 

идеяның құжаттамалық пішіні 

екеніне назар аударды.

«Мәңгілік ел патриоттық актісі» 

қа зақ стан дықтардың  біртектілігі 

мен бірлігінің ауқымды да бірегей 

генетика лық бағдарламасы екенін, 

акт біздің рухани құндылықтарымыз 

бен ұмтылыс тарымыздың негізгі 

ф о р м а т ы н   ұ р п а қ т а н - ұ р п а қ қ а 

жеткізуге тиіс екенін, онда эконо-

мика мен саясаттың, мораль мен 

діннің мәселелері, Қазақстанның 

жаһандық әлемдегі орны жөніндегі 

к ө з қ а р а с т а р ы м ы з   б і р   а р н а ғ а 

тоғыстырылғанын айта келе: 

– Бұл құжатқа қатысты екі 

жыл бойы қызу қоғамдық жұмыс 

жүргізілді. Ол Қазақстан халқы 

Ассамблеясының барлық буынын-

да, ғылыми ортада, саясаткерлер, 

кәсіпкерлер, мәдениет қайраткерлері 

арасында жан-жақты талқыланды. 

Былтыр республикалық патри-

оттар форумында оның жобасы 

мақұлданды, – деді.

М ә ң г і л і к   Е л   п а т р и о т т ы қ 

актісінде халқымыз қалыптастырған 

және өз жан-жүйесінен өткерген 

басты жалпыұлттық құндылықтар, 

м е м л е к е т т і ң ,   қ о ғ а м н ы ң   ж ә н е 

а з а м а т т а р д ы ң   Қ а з а қ с т а н н ы ң 

тағдыры мен оны дамыту, өркендету 

жолындағы өзара жауапкершілігі  

н а қ т ы л а н ғ а н ы н   а т а п   ө т т і . 

Патриоттық акт қабылдай отырып, 

біз бүгінгі өмірімізде орны бар және 

бәріміз үшін қастерлі нәрселер мен 

болашақ Қазақстанның барлық 

дәуірінде өмірлік маңызы зор және 

бағалы болатын дүниелер арасын-

да  берік көпір саламыз. Біз жаңа 

белестерге қарай ілгері басқан 

қадамымыздың дұрыстығын компас-



4

№17 (1327) 

28 сәуір – 4 мамыр 

2016 жыл


АНА ТІЛІ

АНА ТІЛІ

5

№17 (1327) 



28 сәуір – 4 мамыр 

2016 жыл


қазақ тілінің әдістемесі 

қандай болу керек?

ДосТық


ДәНекеРі

ҚоғаМДЫҚ КөлІКтЕГІ 

тІлБҰзаРлЫҚ

бұған сала басшылары неге мән бермей отыр? 

«қАЗАқТық» 

сАлТ-ДәсТүР ТуРАлы

ашиды жаның...

ұлттық болмыс ұғымдары

 Мырзаберген МалБаҚҰлЫ,

филология ғылымының 

докторы, профессор

Қазақ тілінің тазалығын сақтау – 

ұлтымыздың әр баласына тиісті міндет 

деп білемін. Қазіргі таңда сөзді дұрыс 

қолданбау, ежелден қалыптасып, әбден 

орныққан тұрақты тіркестерді өзгертіп 

жіберу тәрізді тілбұзарлық құбылыстар 

жүріп жатқаны жасырын емес. Мұның 

бәрі, сайып келгенде, ата-баба тілін 

мансұқ етумен бірдей. «тіл тағдыры 

– ел тағдыры» деп түсіну өз алды-

на, ал енді тіл алдындағы күнделікті 

атқарылатын жауапкершілігімізді біз 

неге сезінбейміз деген де ой келеді. 

өйткені қалай болса солай сөйлеу, 

ана тіліміздің ажарына нұқсан келтіру 

сынды жағымсыз дүниелер біле 

білсек ұсақ-түйектен басталып, үлкен 

қатерлерге апарып соқтырады.  

Қазіргі таңда отандық білім беру жүйесі бірқатар реформаларды басынан кешіріп 

жатқаны белгілі. Мұндағы басты мақсаттың бірі – білім беруді заман талабына сай 

ету.  Білім және ғылым министрлігінің өкілдері осы бағытта жаңа бағдарламалар 

қабылдап та үлгерді. Бірақ ол бағдарламалардың ерекшелігі, тиімді тұстары 

қандай деген мәселеге байланысты министрлік тарапынан бұқара халықты 

ақпараттандыру қажеттілігі сезіледі. өйткені Қазақстан халқы ассамблеясының 

кезекті сессиясында Елбасы айтқандай, енгізіліп жатқан жаңалықтардың бәрін 

жұртшылыққа кеңінен түсіндіру керек. 

үШтұғырлы тіл: заМан талаБы

Байқау 

Қазақ қазақ болғалы басымыздан сан ғасырлық заман өтті. Содан бергі кезеңде 

«қазақ кім?», «қазақ қандай халық?» деген сұрау да сан мәрте қойылып, оған 

сан алуан жауап беріліп келеді. ол жауаптардың көбісінде шындық бар. Деген-

мен, ғылыми ортада айтылып жүргенмен, жалпы жұртшылықтың, қалың қазақ 

қауымының назарына ілікпей жүрген жайттар да жоқ емес. Әңгіме соның бірі 

туралы. Ендеше, сөз бойындағы тарихи жад-бейнеге назар салып, «қазақ» тура-

лы, «ер жігіт» туралы сөз етелік. 

Қазақтың ел болуы жөніндегі қай аңызды алсаңыз да, оның бастауында жас 

жігіттер тұрады. Әуелі бір жігіт дүлей табиғат аясына, құла далаға кетеді де сонда 

қалып, жалғыз өзі күнелте бастайды. Есен-сау, малды-жанды болады. Бірнеше 

жылдан соң оны іздеп жүз жігіт келеді. одан соң тағы бір жүз жігіт келіп қосылып, 

кейін соңғы жүз жігіт келіп, үш жүз жігіттен, өңшең жастардан жаңа ел құралады...

ТоРпАқ 


Торпақ. Сиыр малының алты ай-

дан бір жасқа дейінгі бұзауы. Ірі 

қараның алты айға дейінгі төлі бұзау, 

алты айдан бір жасқа дейінгісін 

торпақ, баспақ десе, бірден екі жасқа 

дейінгілерін тайынша, тана дейді. 

Торпақ ұғымының екінші мағы-

на сы да бар. Ол 12 зодиактік шоқ-

жұл дыздардың бірі. Торпақ аспанның 

солтүстік жарты шарында Пер-

сей, Тоқты, Кит, Эридан, Таразы, 

Егіздер, Жетекші шоқжұлдыздардың 

аралығында орналасқан. 

Торпақтай. Салыстырмалы теңеу. 

Торпақ сияқты деген ұғымды білдіреді. 

Үлкендігі кішігірім торпақтай қызыл 

секті басып алып, қорапты шана-

мен қасына келіп тоқтай қалды 

(Ж.Молдағалиев, Сарыарқа). Құлқым 

соқпағасын оқыра тиген торпақтай 

әдейі тапырақтап, реверанс жасадым 

(М.Қабанбаев, Кермек дәм).

Торпақ-тана. Торпақ және тана, 

тайыншаға қатысты қолданылатын 

сөз. Көркем әдебиеттен мысалдар 

келтіретін болсақ, Б.Тоғысбаевтың 

ж ә н е   Т . И м а н б е к о в т ы ң   т у ы н -

дыларында: «Жекжат-жұратынан 

е к і   т о р п а қ - т а н а   т а у ы п   а л д ы » 

(Б.Тоғысбаев, Алдыңғы.). «Торпақ-

таналарын ар қандап, биебайлап, 

ұзын арқан, кең тұсаулы жүргендеріне 

де дәл қазір көздері жеткендей» 

(Т.Иманбеков, Тұт ағашы.) деген сөз 

қолданыстары бар. 

Торпақтат. Аты болса болды деп 

ірі малдың орнына ұсағын беру деген 

мағынада. Мал үлестіру жөніндегі 

үкімет заңын, нұсқауын құлағына да 

қыстырмай, ат тұяғын тайға басты-

рып, тай тұяғын танаға бастырып 

«торпақтата» беріпті (І.Жансүгіров, 

Шығ.).


Торпақша. Бұл да салыстырмалы 

теңеу. Торпақ сияқты деген ұғымды 

білдіреді. Қара қаламсабы шарбаққа 

сүйкенген қотыр торпақша үйкектей 

жөнелді (Ғ.Қабышев, Мінездеме).

Тана. Ақықтан жасалған, киімге 

тағылатын жалтырауық түймені 

де тана деп атаймыз. зергерлер 

өрнектейді ақтананы, Жақсылар 

өнеріне мақтанады (Айтыс).  Біреуі 

ақық моншақ, бірі  т а н а. Алып 

кел: «Омырауыңа – дейді, – қада». 

Шеріктеп, кездеп шығып шәйі 

көйлек, Табылды камзол тігер Қатипа 

да (Сара, Тордағы.).



Тана көз.  Мұнда да салыстыр-

малы теңеу ұғымын байқауымызға 

болады. Мөлдіреген дөңгелек көзді 

көбіне-көп тана көз деп айтып жата-

мыз. Мысалы, Балқияның әжімсіз ақ 

жүзінде, жайнаған тана көзінде сезік 

бар (Ғ.Мұстафин, Дауыл.). Тағы бір 

мысал: «Ол су болған шашын сипап, 

тана көздерін төңкере Нұрқасымға 

аударды» (Д.рамазанов, Тас түлек.).



Т а н а   т а ғ у .   Д ә с т ү р л і   қ а з а қ 

қоғамындағы жас баланың қуанышын 

үстемелейтін жораны тана тағу деп 

атайды. Жақын туысқаны немесе 

көрші-қолаңның жас баласы алғаш 

рет өз бетімен іс тындырса, үлкенге 

тән ақылдылық танытса, оның осы 

көшелілігін құптап, әспеттеп, ерек-

ше ескеру белгісі ретінде баланың 

киім-кешегіне тананы (түйме, 

күміс түйме) әйел адам өз қолымен 

тағып: «Бәрекелді, азамат екенсің, 

ақылды екенсің» деген сөздермен 

қолпаштайды. Тана тағуда үлкендеу 

нәрсе сыйлық ретінде ұсынылса 

о н ы   б а й ғ а з ы   д е й д і .   Т а н а   т а ғ у 

дәстүрлі қоғамдағы бала тәрбиесіне 

қатысты қалыптасқан нормаларды, 

эстетикалық құндылықтарды реттеу-

ге қызмет етеді. Жас баланың мерейін 

өсіріп, болашақта қасиеттерді бойына 

сіңіруіне септігін тигізетін тәрбие 

тетігінің бірі саналады.

Танадай. Тана сияқты, тана тәрізді 

деген мағынаны білдіреді. Қазақ жыр-

дастандарында: «Енді Жанат жөнелді, 

Танадай көзі жарқылдап, Алтын 

кебіс сартылдап, Сырғасы алтын 

күректей», «Жанбай қалған ағаштың 

шаласындай Соқтығып әркімге бір 

ұрынады. Сиырдың тентек болған та-

насындай» деген мысалдар кездеседі. 

Құлаққа ұрған танадай.  Жым-

ж ы м ы р т ,   т ы п - т ы н ы ш   м ә н і н д е 

қолданылатын сөз. зал іші құлаққа 

ұрған танадай, ұшқан шыбынның 

ызыңы естілерліктей, тып-тыныш 

бола қалды (Қ.Жармағанбетов, 

Әнші.).

Таназар. Ой, ес, ми. Кірпігі іліне 

бергенде Күкіш келіп, қарсы алдына 

тұра қалып, ұйқысын шайдай аша-

ды. Содан әрі қарай оның бар дүние 

тағы  да таназарынан  шығады да, 

санасында тек Күкіш қана қалады 

(Ж.Тұрлыбаев, Тамыз таңы). 

Танамоншақ. зергерлер ақықтап 

жасалған моншақты осылай деп 

атайды. Танамоншақ сөзіне бай-

ланысты сөйлемдер мен сөз тір-

кестері, салыстырмалы теңеулер 

көр кем әдебиетте өте көп. Мысалы, 

Ж.Аймауытовтың шығармаларында: 

«Шәкесі танамоншақтарына безелек-

теп жабыспақ болып еді, Тұмарбай 

қабағын түйіп, тістеніп, үндетпеді», 

«Апасы жылтырағанды Күнікейдің 

үстіне жапсырады, шашын жылты-

ратып тарайды, өреді, омырауын 

қызыл, жасыл жіппен кестелейді, 

танамоншақты камзолына тағады, 

уақ күмістен сылдырмақтай шашбау 

да істейді» деген сөз қолданыстары 

кездеседі. Мұнан біз танамоншақтың 

өмірде көп қолданысқа ие екенін 

аңғарамыз. 



Бұқа. Сиыр малының піштіріл-

меген еркегін бұқа деп атайды. Бұл 

сиыр малының тұқымдық аталығы 

саналады. Мақтаншақтың бұқадан 

артық жері – Бұқа қойса, оймайды 

біздің сері. Жуан мойын, алакөз, 

мүйізі алай, Менен артық кім бар 

деп жүргендері Ш.Құдайбердиев, 

Шығ.). Жамыраған қой, азынаған 

сиыр, кірген бұқа, айғайлаған бала, 

ауқаулаған қатындардың  даусы 

қосылып, көлдің басы ың-жың 

(Ж.Аймауытов, Шығ.). 

Б е с т і   б ұ қ а .   А т а л ы ғ ы   ә б д е н 

жетілген, бес жасқа келген бұқа.



Бұқа – буға, азбан – дуға.  Құр 

кеуде, босқа тыраштану дегенді біл-

діретін сөз. Хан қарық боп түсіп жүр 

айғай-шуға Самсы да асық болып 

Айсұлуға, Бата алмай жүреді екен 

сөз айтуға (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). 

Сөйтсе де жағаласып бір қалмайды, 

егендей «бұқа – буға, азбан – дуға» 

Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Күймедегі 

Баянды көргені жоқ, «Бұқа – буға» 

деген сөз содан қалды (Батырлар 

жыры).


Бұқа дауысты. Даусы күжілдеген, 

күрілдеген. «Ей, ей, қақтықпа, 

қақтықпасайшы! Жынды немемісің 

өзің!» деді бұқа дауысты  біреу 

(С.Сейфуллин, Әңгім.).

Бұқа көз. Төңкеріле қарайтын ала 

көзді бұқа көз деп айтады. Қайырбек 

мұртын тазының құйрығындай 

шығыршықтаған, қыр мұрынды, 

бұқа көз, шүйдесі тоқпақтай балуан 

денелі жігіт (Ж.Аймауытов, Шығ.). 

Айтқандай-ақ  бұқа көз Абақтың 

өзі келді. Екі езу екі иығында, мәз 

(Ә.Тарази, Асу.).

Бұқа мойын. Бұқаның мойнындай 

күжірейген, жуан мойын. Гүржиген 

бұқа мойын, оған тұшталаңдай ерген 

тапал қазақ ортаға шығып ойындары-

на қажет саймандарын құра бастады 

(А.Сатаев, Дала.). Әр жерде төрт-

бестен оңаша сөйлесіп отырған ылғи 

кебеже қарын, бұқа мойын, шұбар 

төстерді көргеннен-ақ Мүсәпірдің 

ж ү р е г і   м ұ з д а п   с а л а   ж ө н е л д і 

(Ә.Әлімов). «Шығар кісіңді, шығар!» 

- деп, қыпшақтар жағы діңкілдеп 

тұрғанда бура сан, бұқа мойын, түкті 

қараға тең түсерлік балуан таппай, 

арғындар жағы шынымен-ақ жасып 

қалды (О.Бодықов, Ақ құс).



Бұқа мінез.  Дүлей, ұрда-жық 

мінез. Бұқа мінез әлгі пәлекеттің 

сыры белгілі: жолындағыны жалмай-

ды, қаусатады (Д.Досжанов, Жібек.).



Бұқаның әукесіндей.  Үлкен, 

с а л б ы р а ң қ ы   б ұ ғ а қ .   Ж а л ғ ы з -

ақ қолағаш мұрнының ұшы со 

қалпы  бұқаның әукесіндей қыж-

қыж (з.Шашкин, Тоқаш Бокин). 

Дурновтың беті қып-қызыл, мұрны 

қоңқақ, Бұғағы бұқаның әукесіндей 

салбырайды, қарны бұлтиып кетіпті 

(Ә.Шәріпов, Партизан.).

Д.ТӨлеБаев

«Қазақ әдеби тілінің сөздігі» 

бойынша дайындалды

төрт түліКтің төл атаулары

БәрЕКЕлді!

«ҚазаҚ тілін үйренеміз! 

Изучаем казахский язык!»

«ҚазаҚ тілін үйренеміз! 

Изучаем казахский язык!»

Продолжение рубрики «Қазақ тілін үйренеміз! Изучаем казахский язык!» будет 

в следующем номере газеты. Ждем отзывов и предложений по электронной почте: 

anatili_gazeti@mail.ru, а также по телефонам: 394-42-46, 394-41-30, 394-37-75. 

 Рубрику ведут: Дәуіржан ТӨлеБаев, Динара МаСаКОва

в повседневной жизни мы часто употребляем слова и выражения связанные 

с торговляй. Сегодняшняя тема нашей рубрики называется «Открытие торгового 

дома», что в переводе на казахский означает «Сауда орталығының ашылуы».  Для 

закрепления темы выучите слова, которые предложены в кратком словаре.

Ниже предлагаем  рецепт салата «Рауми» с переводам. выучите необходимые 

слова.

Қысқаша сөздік – Краткий словарь:

Примеры:

Бұл тағам неден әзірленген? –  Из чего это приготовлено?

«Рауми» салаты – салат «Рауми»

Құрамы – состав.

Дайындау әдісі – способ при-

готовления.



Осынша – столько.

Бір шымшым тұз – щепотка 

соли.


Бір шай қасық қант – одну сто-

ловую ложку сахара.



Жарты ас қасық су май – пол 

столовой ложки подсолнечно-

го масло.

едәуір – достаточно.

Сүтшөп – латук.

Руккола – руккола.

Қияр – огурец.

Маринадталған қияр – марино-

ванные огурцы.



Чили қызанағы – помидор чили.

Ірімшік – сыр.

Балғар бұрышы – болгарский 

перец. 



Тұз, бұрыш – соль, перец.

Зәйтүн майы – оливковое мас-

ло.


Бальзамик соусы – соус баль-

замик.


Сауда үйі – торговый дом.

Сауда орталығы – торговый центр.

Ойын-сауық орталығы – развлека-

тельный центр.



Дүкен – магазин.

Дүңгіршек – киоск.

ашылу – открываться.

ашылуына орай – в связи с откры-

тием.


Тәулік бойы – круглосуточно.

Үзіліссіз – без перерыва.

Салтанатты – торжественно.

Салтанатты ашылуы – торжествен-

ное открытие.



Тегін – бесплатно.

Сатылым – продажа.

Сату – продавать.

Сатылу – продаваться.

Сатылып жатыр – продаются.

Сатып алу – купить.

Таңдау – выбирать.

Өлшеу – мерить.

Киіп көру – примерить.

Киімін шешу – снять одежду.

Тарту ету – преподнести в подарок.

Дүкен аралау – ходить по магазинам.

Түймесін салу – застегнуть.

Жабылу – закрываться. 

Жарасу – подходить, соответствовать.

Сәйкес болу – сочетаться.

Төлеу – оплачивать.

Іздеу – искать.

Сатушы – продавец.

Сатып алушы – покупатель.

Каталог: wp-content -> pdf
pdf -> №47 (18256) 29 сєуір 2015 ж сєрсенбі Бір халыќ, бір ел, бір таѓдыр Бір халыќ, бір ел, бір таѓдыр Бір халыќ, бір ел, бір таѓдыр
pdf -> Жаныс ақынға Асылдан асыл тараған жамбыл өмірзақ ҚАрғабайұЛЫ
pdf -> Қазақстан Республикасының Тәуел- сіздігін жариялаған күн – біздің
pdf -> Жеке жазылушылар үшін 65367 6 айға 1541,52 1637,40 1713,84 Мекемелер мен ұйымдар үшін
pdf -> №4 (18366) 15 ќањтар 2016 ж ж±ма Облысымыздыњ ќ±рылѓанына 80 жыл толуын мереке- леу аясында «Ењбек Дањќы кітабы»
pdf -> «Болса болар, бәлкім, менің паңдығым »
pdf -> Жеке жазылушылар үшін 65367 1 жылға 3083,04 3274,80 3427,68 Мекемелер мен ұйымдар үшін
pdf -> Жеке жазылушылар үшін 65367 1 жылға 3083,04 3274,80 3427,68 Мекемелер мен ұйымдар үшін


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет