Және жанар майды бөліп алғаннан кейінгі қалған қалдық өнім. Қара қоңыр түсті қою сұйықтық



Дата11.12.2023
өлшемі387,68 Kb.
#137242
түріҚұрамы

МАЗУТ
Мазут — мұнайдан бензинлигроинкеросин және жанар майды бөліп алғаннан кейінгі қалған қалдық өнім. Қара қоңыр түсті қою сұйықтық.
МАЗУТ
Мазуттың физикалық қасиеттері мен химиялық құрамы бастапқы мұнай құрамына (парафиндікүкірттішайырлы, т.б.) және жеңіл фракцияларды бөлу әдістеріне байланысты болып келеді. Тығыздығы 0,89 — 1,00 г/см3, жану жылуы 39,4 — 40,7 МДж/кг. Құрамында 0,8 — 3,5% күкірт, 60%-ға дейін шайыр, 0,1 — 0,5% күл бар.
Мазут моторлық отын мен жағар майбитумкокс өндірісінде, сондай-ақ, сұйық қазандық отын ретінде қолданылады.
МАЗУТ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ
СХЕМАСЫ
Мазут цистерналардан бак-сақтағыштарға құйылады, әдетте олар жер астында орналасады. Сақтағыш-бактарда иректүтікті бу қыздырғыштары орналасқан, олар арқылы мазут тұтқырлығын төмендету үшін белгілі температура сақталып отырылады (шамамен 70 0С). Сонымен қоса бұл бактарда мазуттың судан бөлінуі жүреді, су бактің төменгі бөлігіне жиналып дренажды насос арқылы жойылады. Бактан мазут құбырлар арқылы фильтрден өтіп мазут насосына беріледі.
Арынды құбырда бу қыздырғыш және одан кейін мазутты екінші ретті тазалауға арналған фильтр орналасқан. Фильтрден өткенен кейін мазут қайта қыздырылып, қазандық магистраліне беріледі, одан соң оны шашыратуға арналған форсункаларға бағытталады. Фильтрлер мазутты қатты қоспалардан тазалауға көмектеседі. Ол қатты қоспаларды жоймаса, олар форсунканы бітеп оның жұмысын бұзады. Сору насосына кедергісі төмен ірі фильтрлер орналасады. Ал арынды линияда кдергісі жоғары тесіктері кіші фильтрлер болады.Мазут қатып қалмау үшін мазут құбырлары мықты оқшауланады.
Бу сызықтарын мазутты жылыту мақсатында мазут сызықтарының жанында орналастырады. Мазут линияларының шеткі бөліктері бактармен байланысқан кері сызықпен біріктірілген; бұл мазуттың тұрып қалуын, сәйкесінше қатып қалуын болдырмайды.Мазутты жылыту оның фильтрлеу, тасымалдау және шашырату жеңіл болуы үшін жасалады. Қазандықтарда жағылатын мазуттар өте тұтқыр болып келеді, сондықтан олар салыстырмалы жоғары температурада қатып қалады (20-40 0С). Әдетте мазут түріне қарай 70-90 0С дейін қыздырылады. Жоғары парафинді мазуттар өте тұтқыр болғандықтан олар жоғары температураға дейін қыздырылады (кейде 100–105 0С дейін).Мазут қыздырылуы ирек типті беттік жылуалмастырғышта төмен қысымды бумен (6-12 ат) жүргізіледі
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет