Және Редакциялық баспа кеңесі ұсынған


І. 2. 1. Публицистикалық стиль



Pdf көрінісі
бет7/91
Дата31.12.2021
өлшемі1,56 Mb.
#21478
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   91
           І. 2. 1. Публицистикалық стиль         
         
         Публицистикалық  стильге  радио-телехабарлар  тілі,  газет-журналдар  тілі  
жатады.  Публицистикалық  стильде  қоғамдық  саяси  мәселе  қарастырылады.  
Қоғамдағы  әлеуметтік  мәні  бар  өзекті  мәселелерді  шешуге  көмектесетін,  сол 
мәселелерді  халыққа  жеткізетін,  үгіт-насихаттық  қызмет  атқаратын  бұл 
стильдің де өзіндік белгілері бар: 
     
 
 
тілдің    эмоциональды  элементтері  мен  сөзді  образды  қолдану 
жағынан әдеби стильге жақын;  
        фактіні  толық  және  логикалық  жүйелі  баяндау  тәсілі  жағынан  
ғылыми   стильге жақын. 
      
Публицистиканың  жанрлары:  бас  мақала,  ақпараттық  хабар,  очерк, 
памфлет,  халықаралық  шолу,  теледидар  мен  радиодан  берілетін  әр  түрлі 
хабарлар. Осы жанрлардың өзіндік ерекшеліктеріне қарай олардың  сөз қолдану 
ерекшелігі, тіл ерекшелігі айқындалады.  
      
Публицистикалық стильдің ауызша түрі - шешендік сөз. 
«Шешендік  сөз  (ораторство)  -  Ежелгі  Греция  мен  Рим  заманынан  бері  қарай 
көптеген  халықтардың  мәдени-рухани  өмір-тіршілігіндегі  өнердің  бір  түрі. 
Шешендік өнер мен шешендік сөз бір-бірімен тығыз байланысты болғанымен, 
екеуі екі басқа түсінік атаулары: шешендік өнер актінің, яғни іс-әрекеттің атауы, 
ол әлеуметтік  қызмет атқарады. Шешендік өнер (риторика)  - өзінің нысанасы, 
теориясы, категориялары, тарихы бар жеке сала болып табылады. Ал шешендік 
сөз  сол шешендік  өнер иелерінің шаршы топ алдында сөйлейтін сөзі. Мұнан 
көпшілік  алдында  сөйлейтін  сөздің  кез  келгені  шешендік  сөз  деген  ой  тумаса 
керек. Шешендік сөз мынадай талаптарға жауап беру керек: 
-  белгілі  бір  әлеуметтік  мәні  бар  тақырыпты  қозғайтын  және  шаршы  топ 
алдында айтылатын сөз болуы керек;  
-  әңгіме  өзегінің  дәлелі  (аргументі)  болуы  тиіс,  соның  арқасында 
тыңдаушыларға бір нәрсені әуелі түсіндіріп, содан соң ойлантып, ақырында бір 
харекетке ұмтылдыруды көздеуі қажет; 
-  тыңдаушыларға  жақсы  әсер  етіп,  сүйсіндіретін    эстетикалық  қасиеті  болуы 
тиіс.» 


 

 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет