Жетісу облысында туризм саласын дамыту бойынша анықтама



бет1/4
Дата24.11.2023
өлшемі21,84 Kb.
#125545
  1   2   3   4
Байланысты:
Справка туризм каз


Жетісу облысында туризм саласын дамыту бойынша анықтама

Заманауи әлемдегі туризм онымен байланысты барлық инфрақұрылымның дамуына тікелей әсер ететін әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде қарастырылады. Қазіргі туризм көліктің, әлеуметтік саланың және қызмет көрсету саласының даму деңгейіне негізделген.


Дүниежүзілік туристік ұйымның (ДТҰ) мәліметтері бойынша, бүгін туризм әлемдік экономиканың жоғары табысты және серпінді салаларының бірі болып табылады. Табыстылығы жағынан ол мұнай өндіру мен өңдеуден кейінгі екінші орында. Туризм әлемдік жалпы ұлттық өнімнің шамамен 6%, әлемдік инвестициялардың 7% , әрбір
16-шы жұмыс орнын, әлемдік тұтыну шығындарының 11% және барлық салық түсімдерінің 5 % құрайды.
Жетісу облысы өзінің әсемдігімен, табиғи-рекреациялық және тарихи-мәдени ресурстарға бай табиғатымен ерекшеленеді, бұл туризмнің барлық түрлерін дамытуға мүмкіндік береді. Мұндай әлеует пен дұрыс көзқарас туризм саласын экономиканың толыққанды драйверіне айналдыруға мүмкіндік береді.
Статистика деректері бойынша 2023 жылдың 1 тоқсанында облыста 334 орналастыру орны жұмыс істейді, 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсім - 103% (2022 ж. - 325 бірлік).
Келушілер саны 43,8 мың адамды құрады, оның ішінде орналастыру орындары бойынша 35,2 мың адам, ұлттық парктер бойынша 8,6 мың адам, бұл 2022 жылғы деңгейден 1,3 есе көп (2022 ж. - 27,3 мың адам).
2023 жылдың 6 айында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 7,7 млрд. теңгені құрады, бұл ағымдағы жылдың жоспарлы көрсеткішінен 87,5% - ға төмен (2023 жылы-52,8 млрд.теңге).
Анықтама: 2022 жылдың 6 айында инвестиция көлемі - 4,0 млрд. теңгені құрады.
Ағымдағы жылы жеке инвестициялар есебінен 3,2 млрд.теңге сомасына 16 жаңа туризм нысанын іске қосу жоспарлануда.
2023 жылдың 6 айында жалпы сомасы 1,4 млрд. теңгеге 11 жаңа нысан іске қосылды.
Облыста туризм саласын дамыту 5 негізгі дестинацияның әлеуетіне негізделген .
Олар – Алакөл және Балқаш көлдерінің жағалаулары, «Жоңғар-Алатау» және «Алтын-Емел» ұлттық парктері, Жоңғар Алатауының тау жүйесі.
Туристер арасында ең танымал орындардың бірі – Алакөл көлінің жағалауы.
Туризмді дамыту мақсатында «Қабанбай-Көктұма» автомобиль жолын орташа жөндеу, Үшарал қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңарту бойынша инфрақұрылымдық жобалар аяқталды.
Кәріз және электр энергиясы жүйесін салу жұмыстары жалғасуда.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет