"Жыл оқушысы" конкурсын өткізу бойынша білім беру ортасына әдістемелік әзірлемелер мен ұсынымдар «Жыл оқушысы»



бет1/20
Дата24.11.2022
өлшемі94,24 Kb.
#52255
түріКонкурс
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Автор: Мүсіреп Сәуле
25.04.2022 жыл


"Жыл оқушысы" конкурсын өткізу бойынша білім беру ортасына әдістемелік әзірлемелер мен ұсынымдар


«Жыл оқушысы»
республикалық конкурсының
Ережесі


Жалпы ережелер

«Жыл оқушысы» республикалық конкурсы жоғары уәжді және дарынды балалармен жұмыс істеу жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады.


Қазіргі білім берудің негізгі міндеттерінің бірі Қазақстандық қоғамның зияткерлік элитасы болатын оқушыларды даярлау болып табылады.
Бұл – ықтимал салдарын болжай отырып, таңдау жасайтын жағдайда жауапты шешімдерді өз бетінше қабылдай алатын, жинақтылығмен, динамизмімен, сындарлылығымен ерекшеленетін, ел тағдыры үшін дамыған жауапкершілік сезімге ие болатын, заманауи білімді, өнегелі және пысық адамдар.


Конкурстың мақсаттары:

  • оқушылардың білім деңгейін арттыру;

  • оларды білімнің әртүрлі салаларында дербес ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмысқа тарту;

  • тұлғалық қабілеттерінің жаңа деңгейін қалыптастыру.



Конкурстың міндеттері:

  • мектеп оқушыларын рухани-адамгершілік тәрбиелеу және қалыптастыру, олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру;

  • оқушылардың зияткерлік дамуы;

  • әр түрлі қызмет түрлерінде жоғары уәжді және дарынды оқушыларды анықтау, дамуы және қолдау үшін жағдайлар жасау;

  • мектеп оқушыларының оқуға деген уәжін дамыту;

  • конкурсқа қатысушылармен жұрт алдында сөз сөйлеуге, тыңдаушылардың алдында өздерінің нанымдарын қорғауға дағдылануы;

  • дарынды балалар мен педагогтардың қауымдастығын қалыптастыру;

  • мектептегі білімнің беделін арттыру.



Конкурсты ұйымдастыру және өткізу.
Конкурсқа жалпы басшылық Ұйымдастыру комитетімен жүзеге асырылады. Конкурсты өткізу үшін білім бөлімі бастығының бұйрығымен Ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітіледі, оған білім бөлімінің мамандары мен әдіскерлері кіреді. (өз комитетін қалыптастыру)
Ұйымдастыру комитеті оқу жылы басталғанға дейін білім бөлімінің бастығымен қалыптастырылады және конкурсты дайындау, ұйымдастыру және өткізу бойынша негізгі үйлестіруші орган болып табылады.
Ұйымдастыру комитеті конкурсты өткізу мерзімдерін тағайындайды және оның уақтылы және сапалы өткізілуін қамтамасыз етеді. Мыналарды анықтайды:

  • конкурстың тақырыбын және Қазылар алқасы құрамын қалыптастырады;

  • материалдық-техникалық жарақтандыруды;

  • конкурстық тапсырмаларды орындау шарттарын, құрылымын, мазмұнын;

  • тапсырмаларды бағалау критерийлерін әзірлейді;

  • Портфолионың сараптамасын жүргізеді;

  • конкурсты ұйымдастыру мен өткізу бойынша қажетті құжаттаманы жүргізеді;

  • конкурстың қорытындылары бойынша білім мекемелерінің рейтингін жинақтайды, талдайды.

Қазылар алқасының құрамына білім ұйымдарының жоғары біліктілік санатының оқытушылары (пән мұғалімдері де, сондай-ақ қосымша білім беру мамандары да тартылады), әдіскерлер кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет