Жылына 4 рет шығады



жүктеу 6.08 Mb.
Pdf просмотр
бет33/56
Дата28.12.2016
өлшемі6.08 Mb.
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   56

Әдебиеттер:  
1.
 
Ысмайылов Е. Жамбыл және халық ақындары. – Алматы: Санат, 1996.  – 240 б.  
2.
 
Қазақ әдебиетінің тарихы. І т. Екінші кітап.  – Алматы: Қазақ ССР Ғылым Академиясы, 
1964.  – 389 б.   
3.
 
Керімов Ш. Әнші ақындар поэзиясындағы дәстүр мен даралық мәселесі. – Алматы: 1991. 
– 155 б. 
4.
 
Сыдиқов Қ. Ақын-жыраулар. – Алматы, 1974. – 239 б. 
5.
 
Жұбанов  А.  Орталық  Қазақстанның  бұрынғы  музыкалық  дәстүрі.  Қазақ  Ғылым 
Академиясының хабарлары. Көркем өнер зерттеу сериясы. Бірінші кітап. – Алматы: 1999. – 136 б. 
6.
 
Мусин Ж. Жер шоқтығы Көкшету. – Алматы: Жалын, 1974. – 169 б. 
7.
 
Негимов С. Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі. – Алматы: Ғылым, 1991. – 174 б. 
8.
 
Новиков Н. Советские фольклористы и современность. Русский фольклор. – М-Л.: 1999. – 150 С. 
9.
 
Ақын-жыраулар. – Алматы: Ғылым, 1978. – 136 б. 
10.
 
Кәкімов Т. Арқаның ардақтысы. – Ленин туы, 1972. 7 қазан. 
11.
 
Сыздықов Қ. Соғыс ардагері, Петропавл қаласының тұрғыны, 1998. 
12.
 
Қоспақов З. Сыр тартсақ тарихынан әншілердің. –  Алматы, 1996.– 120 б. 
 
Кадыров Ж.Т., Карипжанова Г.Т., Таласпаева Ж.С. 
Традиции поэзий поэтов-певцов в Северном регионе 
В  данной  статье  описываются  особенности  поэзии  поэтов-певцов,  анализируются  причины 
традиционной преемственности в творчестве народных поэтов.  
Ключевые  слова:  поэты-певцы,  поэзия,  устная  народная  литература,  традиционная 
преемственность, школа певцов.  
 
Kadyrov Zh.T., Karipzhanova G.T., Talaspayeva Zh.S. 
Traditions poetries poet-singer in the Nordic region  
The  peculiarities  of  poetry  poets-singers  have  been  analyzed  in  the  given  article.  Some  reasons  of 
traditional continuity in creativity of folk poets are given in this article. 
Keywords: poets-singers, poetry, oral folk literature, traditional continuity, singer’s school. 
 
 
ӘОЖ: 81.(07. 3Я)  
 
Қайыров А.Б. – филология ғылымының кандидаты, доцент, 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
206 
Батыс Қазақстан инженерлік гуманитарлық университеті, 
Бақытжанова А.Б. – Батыс Қазақстан инженерлік гуманитарлық 
университетінің магистранты 
(Орал қ., Қазақстан), E-mail: assan.kairov@mail.ru 
 
ПРОФЕССОР Қ.Қ. ЖҰБАНОВТЫҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ МҰРАСЫ 
 
Аннотация. Мақалада профессор Қ.Қ. Жұбановтың грамматикалық көзқарастары мен оның қазақ 
тіл білімінде алатын орны баяндалады. Атап айтқанда, ғалымның сөздерді таптастыру принциптері, сөз 
таптарының  түрлері,  күрделі  сөздер,  олардың  жасалуы,  көмекші  етістіктер  мен  шылаулар,  олардың 
мағыналық ерекшеліктері туралы ой-пікірлері нақты деректермен жан-жақты талданады.  
Кілт сөздер: грамматика, морфология, сөз табы, күрделі сөз, шылау. 
 
Қазақ  тіл  білімінің  тұңғыш  профессоры  Қ.Қ.  Жұбановтың  лингвистикалық  мұрасы  туралы 
айтқанда,  ғалымның  грамматика  саласына  қатысты  ой-пікірлері  ерекше  назар  аудартады.  Әрине, 
қазақ  ғылымының  бастаушыларының  бірі  ретінде  Қ.Қ.  Жұбановтың  қазақ  тіл  білімінің  барлық 
саласы  бойынша  еңбек  етуіне  тура  келді.  Соның  ішінде,  ғалымның  қазақ  тілінің  грамматика 
саласына  қатысты  еңбектері,  грамматик-ғалым  ретіндегі  теориялық  тұжырымдыры  күні  бүгінге 
дейін өз мәнін жоймаған.  
Профессор  Қ.Қ.  Жұбановтың  грамматикалық  көзқарастары  «Қазақ  тілінің  жоғарғы  курсы. 
Дәрістер»  (1937  ж.),  «Қазақ  тілінің  емлесі  мен  грамматикасының  кейбір  мәселелері  (Жанғазыға 
хат)»  (1936  ж.),  «Қазақ  тілінің  грамматикасы»  (1936  ж.),  «Жаңа  грамматиканың  жаңалықтары 
жайынан»  (1937  ж.),  «Қазақ  тілінің  программасы»  (1936  ж.)  атты еңбектерінде  және  орыс  тілінде 
жазған  «Из  истории  порядка  слов  в  казахском  предложении»  (1936  ж.),  «Заметки  о 
вспомогательных и сложных глаголах» (1936 ж.), «Образование сложных слов в казахском языке», 
«О  формах  сочетания  слов  в  казахском  языке»,  «О  построении  речи  на  казахском  языке», 
«Служебные слова» атты зерттеулерінде кеңінен баяндалады.  
Профессор  Қ.Қ.  Жұбанов  өз  зерттеулерін  грамматика  деген  не,  ол  нені  қарайды,  қандай 
пәндерден  құралады  деген  сұрақтардан  бастайды.  Осы  ұғымның  мәнін  ашу  барысында  ғалым  ол 
жөнінде орыс және шетел тіл біліміндегі Ф.Ф. Фортунатов, Петерсон, Пешковский, Н.Я. Марр, Ф. 
Соссюр,  Шапиро  сияқты  зерттеушілер  көзқарастарының  ерекшеліктерін  жан-жақты  талдайды. 
Нәтижесінде,  «грамматика  өз  алдына  ғылым  деп  танылған  соң  және  ол  бірнеше  ғылымдардан 
құралып  пайда  болған  деп  білгесін,  алдымен,  грамматикаға  кіретін  ғылымдардың  бәріне  ортақ 
жалпы қасиетін ашып алу керек, әрі мұның бәрін де осы жалпы қасиет желісімен матастырып, өзара 
біріктіріп басын қосу керек, екіншіден, тіл ғылымының басқа тарауларымен грамматика пәндерінің 
арасында  қандай  айырмашылық  барын  ашу  керек»  деп,  грамматика  ғылымының  өзіндік  зерттелу 
ерекшеліктерін анықтауды мақсат етеді. 
Бүгінгі таңдағы «тілдің грамматикалық құрылысы туралы ілім грамматика деп аталады, тілдің 
грамматикалық  құрылысы  сөзге  сүйенеді  және  сөз  арқылы  көрінеді»  деген  анықтама  Қ.Жұбанов 
еңбектерінен  бастау  алады.  Ғалым  сөз  деген  грамматикалық  бірлікті  екі  түрлі  мағынада  қолдана 
отырып,  сөз  бөлшектері,  сөз  бұйымы  мен  сөз  материалдары  ұғымдарының  сыр-сипатын,  жасалу 
жолдарын ашып көрсетеді.  Осыған орай  «сөз бұйымының қалай құралатынын, сөз материалының 
сыр-сипатын  білдіретін  ғылым  грамматика  деп  аталады»  деген  анықтамасының  қазіргі  кездегі 
сөздің  сыртқы  дыбыстық  жағы  және  ішкі  мағыналық  жағы,  яғни  білдіретін  мазмұны  деген 
мәселелермен тығыз байланыстылығы аңғарылады.  
Қ. Жұбанов зерттеулерінде грамматика қазіргідей морфология және синтаксис деп екіге бөлініп 
қарастырылмағанымен,  екі  салаға  да  қатысты  мәселелер  кеңінен  зерттеледі.  Әсіресе,  ғалымның 
морфологияның  зерттеу  нысанына  байланысты  айтқан  ой-пікірлері  өте  маңызды.  Морфологияға 
қатысты ғалым сөз тұлғалары, оның түрлері, сөз құрамы, сөз мағынасы, оның түрлері, сөз таптары мен 
оның түрлері, сөздерді таптастыру принциптері, күрделі сөздер, олардың жасалуы, көмекші етістіктер 
мен шылаулар, олардың мағыналық ерекшеліктері туралы аса құнды зерттеулер қалдырды.  
Енді  ғалым  зерттеулерінің  бір  парасын  арнайы  сараласақ.  Ең  алдымен,  сөздерді  таптастыру 
принциптері  мен  сөз  таптары  туралы.  Әрине,  арнайы  филологиялық    білімі  бар  маман  ретінде 
Қ.Жұбановтың сөз таптары мен сөздерді таптастыру принциптері туралы сол кезеңдегі орыс, шетел тіл 
біліміндегі  зерттеулермен,  сондай-ақ  қазақ  тіліндегі  сөз  таптарының  түрлері  туралы  орыс 
түркітанушылары  Н.И.  Ильминский,  П.М.  Мелиоранский,  Г.  Архангельский  еңбектерімен  таныс 
болғаны  күмән  тудырмайды.  Бірақ  Қ.Жұбанов  қазақ  тіліндегі  сөздердің  лексика-грамматикалық 
мағынасына  қарай  белгілі  бір  сөз  таптарына  бөлінуін  және  соның  негізінде  сөздерді  таптастыру 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
207 
принциптерін  ғылыми  түрде  өзінше  жүйелейді.  Ғалым  тіліміздегі  сөздердің  лексика-грамматикалық 
сипатына  қарай  үнемі біркелкі  болмайтынын,  олардың іштей  бірнеше  жіктерге  бөлінетінін,  әрі ондай 
жіктердің  белгілі  бір  заңдылықтарға  негізделетінін,  соның  негізінде  сөздердің  өзара  ыңғайласып, 
топтасып  келетінін  атап  көрсетеді.  «Қазақ  тілінің  емлесі  мен  грамматикасының  кейбір  мәселелері 
(Жанғазыға хат)» деген еңбегінде «Мәні ретінде қазақ сөзі неше тапқа бөлінеді?-депсің. Жалғыз мәнмен 
мәселе шешілмейді. Бұл – тіл, логика емес. Сондықтан сөз табын ашу үшін әр тілдің өзіндегі әр мағына 
қалай формаланған? Осыны тиек қылу керек. Формаланудың өзі әр тілде әртүрлі. Біздің тілімізде үш 
түрлі өлшеуді  қабат  алып отыру  дұрыс.  Үшеуінің  бірдей сынына  толса,  сонда ғана  бұл  пәлендей сөз 
табы деуіміз керек. Ол үшеудің бірі – мағына, екіншісі морфология, үшіншісі - синтаксис» деп жазады. 
Қ.  Жұбанов  айқындаған  бұл  үш  түрлі  өлшем  қазіргі  грамматикалық  оқулықтарда  берілетін  сөздерді 
таптастырудағы  лексика-семантикалық  және  лексика-грамматикалық  (немесе  семантикалық, 
морфологиялық, синтаксистік) принциптердің бастау көзі болып табылады.  
Профессор  Қ.  Жұбанов өзі анықтаған  үш  өлшемді  басшылыққа  ала  отырып,  қазақ  тіліндегі 
сөздерді сегіз сөз табына бөліп қарастырады. Олар: зат есім, сын есім, сан есім, мезгіл-мекен есім, 
орынбасар  есім,  етістік,  шылау,  одағай.  Көріп  отырғанымыздай,  кейбір  сөз  таптарының  атауында 
(мекен-мезгіл есім, орынбасар есім), ішкі құрамында өзгешеліктер болғанымен, негізінен, ғалымның 
сөздерді таптастыру жүйесінде қазіргі сөз таптарының барлығы дерлік қамтылған. Ол осы аталған 
сөз  таптарын  бірден  таптастыра салмай,  негізгі  үш  түрге  бөледі:  1.  Түбір  тап.  Оған  зат  есім, сын 
есім,  сан  есім,  мезгіл-мекен  есім,  орынбасар  есім,  етістік  жатады.  2.  Шылау  тап.  Ол  өз  ішінен 
қосалқы және қосымша деп бөлінеді. 3. Одағай тап. 
Қ. Жұбановтың сөздерді белгілі бір сөз таптарына топтастыруда өзіндік ерекшеліктері де жоқ 
емес.  Ең  алдымен,  ондай  ерекшелік  түбір  тапқа  жатқызылған  мезгіл-мекен  және  орынбасар 
есімдерінен көрінеді. Ғалым «мезгіл-мекен есімдері болатындар: кеше, бүгін, мана, енді, әлі, қазір, 
бұрын,  соң,  жоғары,  төмен,  аст,  үст,  орта,  алд,  арт,  ілгері,  кейін,  алғаш,  басы,  аяқ,  т.б.  сөздер. 
Мағынасы – істің мезгілін не мекенін көрсету» деп анықтайды. Байқап отырғанымыздай, ғалымның 
мезгіл-мекен  есімдері  деп  келтірген  сөздерінің  бәрі  қазіргі  кездегі  мезгіл  және  мекен  үстеулері 
қатарына жататын сөздер не зат есімдермен тіркесіп қолданылатын көмекші есімдер. 
Келесі «орынбасар есім (есімдік) деп түбірдің де, қосалқы шылаудың да орнына жүре беретін 
түбірлерді  айтамыз»  деп  олардың  мағынасы  мен  қызметіне  байланысты  біршама  дұрыс  анықтама 
береді.  Бірақ  орынбасар  есімдер  (есімдік)  деп  берілген  сөздердің  ішінде  қазіргі  жіктеу,  сілтеу 
есімдіктерімен  (мен,  сен,  ол,  бұл,  сол  т.б.)  қатар  туынды  сын  есімдер  (мұндай,  сондай),  туынды 
үстеулер  (сонша,  мұнша,  олай,  бұлай),  етістіктер  (өйтіп,  сөйтеді),  шылау  сөздер  (өйткені,  онда) 
араласып кеткен. Бұл жерде орынбасар есімдердің (есімдік) аты айтып тұрғандай, тек есім сөздердің 
(зат есім, сын есім, сан есім) орнына ғана қолданылатыны зерттеуші назарынан тыс қалған сияқты. 
Сол себепті олар «морфология, синтаксис жағынан қай сөз табының орнына жүргеніне қарай есімдер 
мен етістіктердің тонын кие береді» деп жаңсақ пікір білдіреді. Оның себебі сол кезеңде есім сөздер 
мен етістіктердің лексика-грамматикалық сипаты толық зерттеліп ашылмауында жатса керек.  
Етістік,  оның  мағыналық  түрлері, етіс,  есімше,  көсемше,  тұйықша  (тұйық  етістік),  олардың 
түрлері  мен  мағыналары,  арнаулы  қосымшалары,  етістіктің  шақтары  мен  олардың  мағыналық 
түрлері  Қ.  Жұбановтың  «Қазақ  тілі  программасының»  ҮІ  класқа  арналған  бөлімінде  жан-жақты 
баяндалады.   
Етістікті зерттеуде Қ. Жұбановтың үлкен жетістігі қазіргі қазақ тілінде қалып етістіктері деп 
аталатын  төрт  етістік  (отыр,  тұр  жүр,  жатыр)  туралы  тұжырымдары.  Профессор  А.  Ысқақовтың 
«Қазіргі  қазақ  тілі.  морфология»  оқулығында  қалып  етістіктерінің  тұлғаларына,  мағыналық 
реңктеріне, қызметіне байланысты ортақ алты ерекшелік бөліп көрсетілсе, оның негізгі үшеуін ең 
алғаш 1936 жылы Қ. Жұбанов «Заметки о вспомогательных и сложных глаголах» деген зерттеуінде 
терең  талдап  жазған  болатын.  Сондай-ақ  еңбекте  осы  төрт  етістіктің  осы  шақ  мәнін  берудегі 
ерекшеліктері,  аналитикалық  күрделі  етістік  құрамында  жұмсалу  арқылы  кейін  профессор  Н. 
Оралбаева еңбектерінде  зерттелген сипат, көрініс мағыналарында  қолданылу  ерекшеліктері  тілдік 
деректермен саралап көрсетіледі. [1, 458 б]. 
Қ.  Жұбанов  шылау  тап  деп  бөліп  көрсеткен  екінші  сөз  табы  жайында  «екінші  түрлі  сөз 
мүшелері түбіршілеп өздігінен пайдаға аса алмайды, тек түбірге жамалып, жалғанып қана, түбірдің 
шылауында  тұрып  қана  белгілі  мағына  шығара  алады.  Бұларды осы  қасиетіне  қарай  жамау  мүше 
немесе  шылау  мүше  деп  атадық»  деп  жазады.  Автор  шылауларды  одан  әрі  атқаратын  қызметі 
жағынан қосымшалар және  қосалқылар  деп  бөледі.  Қосымшалардың өзі  іштей жалғау  және үстеу 
болып ажыратылады. Бұл жерде автор жұрнақ деген сөздің орнына үстеу деген сөзді алады. Мұның 
себебін ғалым былай түсіндіреді: «Барлық қосымша болған жер екі түрлі қызмет атқаратын болып, 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
208 
сонысына қарай екі түрлі жікке айырылады. Бір түрі өзінің жалғанған сөзіне жаңа мағына үстейді де 
қояды. Екінші түрі жаңа мағына үстегеннің үстіне ол сөзді басқа бір сөзбен байланыстырады. Осы 
соңғы түрі қашаннан қазақ грамматикаларында жалғау делініп келген. Бұл аты затына жанасады да. 
Сондықтан оны біз де өзгертпей жалғау деп атадық. Ал ана екінші түрін, өзінің жалғанған түбіріне 
тек мағына үстеп қана қоятын түрін жұрнақ деп атағаннан гөрі, осы мағына үстейтіндігін көрсеті 
үшін  үстеу  деп  атау,  әрине,  қолайлы.  Осыны  ескеріп,  жұрнақ  деген  терминнің  қолайсыздығын 
ойлап, оны алып тастап, үстеу деген терминді осы жұрнақтың орнына бердік. Сөйтіп, қосымша екі 
түрлі  болатын  болды  да,  оның  бір  түрін  жалғау,  бір  түрін  үстеу  деп  атадық».  Әрине,  автордың 
жұрнақты үстеу деп атап, оған берген сипаттамасы өте орынды. Алайда бұл сипаттама қазіргі кезде 
сөз  түрлендіретін  жұрнақтарға  қатысты  қолданылады.  Қ.  Жұбанов  шылаулардың  екінші  түрі  – 
қосалқыларды  жалғауыш  және  үстеуіш  деп  бөледі.  Мұндағы  жалғауыш  деп  отырған  сөздер 
«жалғауға ұқсап, өзін ерткен сөзді басқа бір сөзбен жалғастыру үшін жұмсалатын» қосалқы шылау 
сөздер де, үстеуіш дегені «өзін ерткен сөзге тек мағына үстеп қана қоятын» қосалқы шылау сөздер. 
Қазіргі  грамматикада  жалғауышқа  берілген  алғашқы  анықтама  сөз  бен  сөзді  байланыстыру  үшін 
жұмсалатын септеулік  не жалғаулық  шылаулардың, ал үстеуішке  берілген анықтама өзі  тіркескен 
сөзге қосымша мағына үстейтін демеулік шылаулардың сипатына сәйкес келеді.    
Қ. Жұбанов классификациясындағы үшінші тап сөз табы – одағайлар. 
Ғалым  одағайларды  екінші  атаумен  таптаспаған  сөздер  деп  атайды  да  олардың  мағынасы 
жағынан  үш  түрін  көрсетеді.  1.  Шаруашылық  одағайлары.  «Бұлар  тілге  тән  сөз  емес,  өйткені  ол 
адамдар арасында қолданылмайды. Адамнан басқа жан-жануарларға қолданылады» деп анықтайды. 
Қазіргі  тілімізде  бұлар  –  шақыру  одағайлары.  2.  Көңіл  одағайлары.  Автор  «арнаулы  одағай 
сөздермен де көңіл райын білдіруге болады. Мысалы, бай-бай, қап,, ишша, алақай, бәрекелде, т.б. 
Бұлар  –  көңіл  одағайлары,  өйткені  көңіл  райын  хабарлайды.  Құрылысы  жағынан  –  жеке  сөз, 
мағынасы  жағынан  –  сөйлем»  деген  нақты  сипаттама  береді.  Бүгінгі  оқулықтарда  да  көңіл  күй 
одағайлары  деп  аталады.  3.  Қатынас  одағайларын  қызметі  жағынан  сөйлесу  кезіндегі  адамдар 
арасындағы қарым-қатынастың түрлі мағыналық реңктерін білдіру үшін жұмсалатын сөздер ретінде 
анықтайды да оған мынадай сөздерді жатқызады: әй, ау, о, мә, ал, әйдә, иә, әләй, жақсы, жарайды, 
мақұл, дұрыс, жоқ, тек, қой, тәйт, әнеки, мінеки, кәне, кәнеки т.б. Бүгінгі күні бұл сөздер әртүрлі сөз 
таптары құрамында, не қаратпа сөздер, не модаль сөздер ретінде қарастырылып жүр. 
Қазіргі  грамматикада  сөздің  морфологиялық  құрылымы  деп  қарастырылып  жүрген  сөз 
тұлғалары да Қ. Жұбанов назарынан тыс қалмаған.  
Автордың  «Қазақ  тілі  грамматикасының»  үшінші  бөлімі  толығымен  сөз  тұлғалары,  оның 
түрлеріне арналған. Ғалым  «сөздің сыртқы көрінісін сөздің тұлғасы» деп атайды да, сөз тұлғасын 
түріне қарай мынадай алты арыс болады дейді: түбір сөз, қосымшалы сөз, кіріккен сөз, қыйулы сөз, 
қосар сөз, қосалқылы сөз. А. Ысқақовтың жоғарыда аталған оқулығында да сөздер морфологиялық 
құрамына қарай алты топқа бөлінеді. Олар: түбір сөз, туынды сөз, біріккен сөз, кіріккен сөз, қос сөз, 
қысқарған сөз.  
Салыстыра қарағанда, сөз тұлғалары мағыналары жағынан өзара бірдей, жақын болғанымен, 
олардың терминдік аталымында ұқсастықтар мен өзгешеліктер жоқ емес. Ең алдымен, түбір сөз бен 
қосымшалы сөз туралы. Автор «сөздің түп мағынасын беретін бөлшегін түп бөлшек немесе түбір 
дейміз. Сөздің түбірі қосымшасыз, өзі ғана тұрса, түбір сөз болады» деп анықтайды. Бұл анықтама 
қазір де солай.  
«Сөздің  түбірі  оңаша  тұрмай,  қосымша  қосып  алып  тұрса,  қосымшалы  сөз  дейміз.  Мысалы, 
көлде,  көлді,  көлшік  түрінде  сөздердің  бәрі  қосымшалы  сөздер».  Берілген  мысалдардан  байқап 
отырғанымыздай,  Қ.  Жұбановтың  қосымшалы  сөз  дегені  -  қазіргі  туынды  сөздер.  Бірақ  автордың 
қосымшалы сөздер деп атап отырған туынды сөздері қатарында тек жұрнақ жалғанған сөздер ғана емес, 
жалғау жалғанған сөздер де беріледі. Жоғарыда айтқанымыздай, Қ. Жұбанов жұрнақ деген терминнің 
орнына үстеу деген сөзді қолданады да, қосымшалы сөздерді жалғаулы сөз және үстеулі сөз деп бөліп 
қарайды. Бірақ жалғау мен үстеуге (жұрнаққа) берген анықтамасы қазіргімен бірдей. «Бір сөзді басқа бір 
сөзбен  қиындастыру  үшін  жалғанатын  қосымшаны  жалғау  дейміз.  Түбір  сөзге  жалғау  қосылса, 
жалғаулы  сөз  болады.  Мысалы,  көлде,  көлді.  Сөздің  түп  мағынасына  үстеме  мағына  қосатын 
қосымшаны үстеу дейміз. Түбір сөзге үстеу қосылса, үстеулі сөз болады. Мысалы, көлшік». Сонда Қ. 
Жұбановтың  қосымшалы  сөз,  соның  ішінде,  үстеулі  сөз  деп  отырғаны  –  жұрнақ  арқылы  жасалатын 
қазіргі туынды сөздер. Қ. Жұбанов зерттеуіндегі қиюлы және кіріккен сөздер қазіргі біріккен сөздермен 
сәйкеседі. Мысалы, еңбеккүн, белбеу, қолғап, ашудас, жермай, т.б. Кіріккен сөздер құрылысына қарай 
жалғасулы кіріккен және қиюлы кіріккен сөздерге ажыратылады. «Жалғасулы кіріккен сөз тұтас күйінде 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
209 
тұрып  тек  жалғасып  кірігеді.  Ол  –  қолғап,  ашудас  сияқтылар.  Қиюлы  кіріккен  сөздер  тұтас  тұрып 
жалғаспайды,  жарықшақталып,  қиюы  клтіріліп  барып  кірігеді.  Мысалы,  ауатком,  партком,  казатком 
сөздері».  Мұндағы  келтірілген  мысалдардан  көрінетін  ерекшелік,  жалғасулы  кіріккен  сөздер  – 
тіліміздегі дыбыстық өзгеріске ұшырап біріккен сөздер де, ал қиюлы кіріккен сөздер – қазіргі қысқарған 
сөздер. Қ. Жұбанов еңбегінде қысқарған сөздер деген айтылмайды, алайда олар қиюлы кіріккен сөздер 
деген терминмен беріледі, әрі олардың құрылысы үш түрлі болады (буын қиюлы, әріп қиюлы, аралас 
қиюлы)  деп  көрсетіледі.  Тіліміздегі  қос  сөздер  еңбекте  қосар  сөздер  деп  аталады  және  құрылысына 
қарай  бес арыс болады:  теңдес  қосар, сөздес қосар, матаулы  қосар,  тіркеулі  қосар,  қосалқы  қосар.  А. 
Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында жасалу жолына қарай қос сөздер қайталама қос өздер және 
қосарлама қос сөздер деп екіге бөлінеді. Салыстыра қарағанда, Қ. Жұбанов зерттеуіндегі қосар сөздердің 
төртеуі (сөздес қосар, матаулы қосар, тіркесті қосар, қосақты қосар) - қайталама қос сөздерге, ал біреуі – 
теңдес қосар қосарлама қос сөздерге фонетикалық, морфологиялық және семантикалық сипаты жағынан 
толық сәйкес келеді. Ал соңғы қосалқы сөз деп автор «түбір сияқты оңаша жұмсала алмай, басқа бір 
түбір сөз, үстеулі сөз, жалғаулы сөздердің біріне қосалқы болып жүретін сөздерді» атаған. Бұған ең, бек, 
қас,  өте,  тым,  тап,  қой,  ғой,  әрең,  да,  мен  шейін,  сайын  тәрізді  қазір  үстеу  мен  шылаулар  қатарына 
жататын сөздер жатқызылған. Үстеулер сөз түбірінің алдында тұратындықтан, олар дәйек қосалқылар, 
ал шылаулар соңынан келетіндіктен аяқ қосалқылар деп аталып, олар «өзі тағылып тұрған сөздің ғана 
мағынасын  үстеу  үшін  жұмсалатыны»  айқындалған.  [1,  164  б].  Сонымен,  сөздердің  тұлғалық, 
мағыналық  түрлерін  терең  талдай  келіп,  Қ.Жұбанов  «сөз-сөздің  қалай  құралатынын  жалпы  түрде 
қарайтын ғылымды жалпы морфология дейміз» деп анықтайды.  
Грамматиканың екінші бір саласы – синтаксиске қатысты мәселелер де ғалымның назарынан тыс 
қалмаған. Синтаксис мәселелерін Қ.Қ. Жұбанов кең мағынада сөйлем жүйесі тұрғысынан қарастырады. 
Ғалымның синтаксис саласындағы зерттеулері, негізінен, мынадай мәселелерді қамтиды.  
Ғалым  еңбектерінде  синтаксис  ілімі  қазіргідей  сөз  тіркесі,  жай  сөйлем,  құрмалас  сөйлем 
синтаксисі  болып  арнайы  бөлініп  қарастырылмағанымен,  осы  үш  салаға  да  қатысты  теориялық 
мәселелер  қамтылып  зерттелген.  Ең  алдымен,  сөз  тіркесі  мәселесі  автордың  айрықша  назарында 
болған. Мұны ғалым сөз қиыны деп атаған, яғни автор қазіргі «сөз тіркесі» деген терминнің орнына 
«сөз қиыны» деген атауды қолданған. «Сөйлемде бір сөз болмай, бірнеше сөз болса, бұл сөздер бір-
бірімен  қиындасып  тұруы  керек.  Қиынын  келтірмей  құрастырған  сөйлем  не  тіпті  сөз  болмай 
шығады, немесе айтайын деген сөзің болмай, басқа бірдеме болып шығады» деп, сөз тіркесі болуы 
үшін  сөздердің,  ең  алдымен,  бір-бірімен  мағыналық  байланысы  болуы  керек екендігін  аңғартады. 
Өйткені өзара мағыналық жақындығы жоқ сөздер сөз тіркесін құрай алмайды. 
Сондай-ақ  Қ.  Жұбанов  сөз  тіркесінің  құралуының  шарттарын  да  атап  көрсетеді.  «Сөздің 
қиыны  келуі  үшін екі  шарт  керек.  Алдымен,  әр сөзді  орны-орнына  дұрыс  қою  керек;  тиісті орны 
ауысып кетсе де сөздің қиыны келмейді. Екінші, оның үстіне, бір сөзді екінші сөзге байлап беретін 
жалғаулар бар, соны дұрыс жалғау керек; тиісті жалғауы жалғанбай қалса да, я теріс жалғанса да 
сөздің қиыны келмейді» деп, сөз тіркесі құрамындағы сөздердің байланысу амалдарын да анықтап 
береді.  Ғалым  «Тас  ұршықтың  тесігі,  Мамадан  бидай  сорады»  деген  өлең  жолдарындағы  сөз 
тіркестерін  анықтап,  ол  сөз  тіркестерінің  құрамындағы  сөздердің  орнын  ауыстырғанда,  қиыны 
қашып кететінін, яғни тиісті тәртібі бұзылатынын, сондай-ақ сөз тіркесіндегі сөздердің бір-бірімен 
арнайы  жалғаулар  арқылы  байланысатынын,  қазіргі  тілмен  айтқанда,  сөз  тіркесі  құрамындағы 
сөздердің  байланысуының  синтетикалық  тәсілін  нақты  мысалмен  дәлелдеп  көрсетеді  [1,  158  б.]. 
Жалпы, Қ. Жұбановтың сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі мен байланысу тәсіліне қатысты арнайы 
жазылған «О формах сочетания слов в казахском языке» атты мақаласы да бар. Онда автор он бес 
сөзден тұратын бір сөйлемді мысалға алып, оның құрамындағы сөздердің байланысуының тұлғалық 
және мағыналық ерекшеліктерін жан-жақты талдап көрсетеді [1, 477-482 б]. 
Сөз  тіркесіне  байланысты    Қ.  Жұбановтың  тағы  бір  көңіл  бөлген  мәселесі  –  сөз  тіркесі 
құрамындағы  сөздердің  бір-бірімен  мағыналық  қатынасы.  Қазір  тілімізде  сөз  тіркесінің 
құрамындағы алдыңғы сөз мағыналық жағынан кейінгі сөзге тәуелді болғандықтан, бағыныңқы сөз 
немесе бағыныңқы сыңар, ал кейінгі сөз  - басыңқы сөз немесе басыңқы сыңар деп аталады. Кейде 
оларды  меңгерілуші  сөз  бен  меңгеруші  сөз  деп  те  атаймыз.  Ал  Қ.  Жұбанов  сөз  тіркесіндегі 
бағынушы сөзді жетек сөз, бағындырушы сөзді жетекші сөз деп атайды. Бұлар жайында  «Сөйлем 
ішінде  сөздер  бірін-бірі  ерте  де,  біріне-бірі  ере  де  байланысады.  Еруші  сөзді  -  жетек  сөз,  ертуші 
сөзді  жетекші  сөз  дейміз»,  -  деп  жазады.  Автор  Біздер  мектепке  келдік  деген  сөйлемде  біздер, 
мектепке  деген  екі  сөз  жиналып,  келдік  деген  бір  сөзге  арқандалған.  Демек,  біздер  келдік  деген 
тіркестегі біздер  – жетекші сөз, ал келдік – жетек сөз. Ал мектепке келдік деген тіркестегі келдік – 
жетекші сөз, мектепке  – жетек сөз. Өйткені мектепке сөзіндегі  –ке жалғауын керек қылып тұрған 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
210 
келдік сөзі бұл арада бір сөзге жетек бола тұрып, енді бір сөзге өзі жетекші болып тұр. Тура күйінен 
айырылып,  бұрма  күйде  түскен  сөз  басқа  бір  сөздің  жетегіне  ерген  жетек  сөз  болады.  Оны 
жетектеген сөз жетекші сөз болады. Бұрма сөздің (жалғаулы сөздің) бәрі де жетек сөздер, ал тура 
сөз жетек сөз де, жетекші сөз де бола алады, - деп түсіндіреді.  
Синтаксиске байланысты Қ. Жұбановтың қарастырған тағы бір мәселесі - күрделі сөздер мен 
атаулардың  синтаксисі.  Ғалымның  «Из  истори  порядка  слов  в  казахском  предложении»  атты 
еңбегінде  жалқы  есімдердің  күрделі  сөздер  арқылы  жасалу  тарихында  тіліміздің  талай 
заңдылықтары  жатқандығы  байқалады.  Мұнда  автор  жалқы  есімдерді  жасауға  күрделі  сөздердің 
қатынасы  болатындығын,  ал  бұл  заңдылықтың  өзі  тағы  да  сөз  тіркесінің  табиғатымен  тығыз 
байланысты  екендігін  ескертеді.  Бұлардың  да  сөз  тіркесінің  заңдылықтарына  келіп  тірелетінін 
нанымды баяндайды [1, 410-456 б]. 
Профессор  Қ.Қ.  Жұбановтың  синтаксистік  көзқарастары  оның  сөйлем  жайындағы  ой-
пікірлерінен анық байқалады. Ғалым сөйлемдердің айтылу барысындағы түрлерін саралауға дыбыс 
сазын басшылыққа алған. Осы негізде ол жай сөйлемдерді қандай сазбен айтылатынына қарай хабар 
сазды  сөйлем,  сұрау  сазды  сөйлем  және  леп  сазды  сөйлем  деп  үш  түрге  бөліп  қарастырады.  1. 
Болған, болып жатқан немесе болашақ оқиғалардың жайын хабарлай сөйленген болса, сөйлем хабар 
сазды сөйлем болады. 2. Бір нәрсе жайынан сұрала сөйленген болса, сөйлем сұрау сазды болады. Қ. 
Жұбанов  сұрау  сазды  сөйлемнің  жасалуының  бір  ғана  жолын  –  сұраулық  шылаулар  арқылы 
жасалатынын көрсетеді. Мысалы: Каспийдің сұлулығы сұрғылт құм ба? Кавказдың сұлулығы зәулім 
шың  ба?  (Ілияс).  3.  Бір  нәрсеге  таңдана,  опына,  біреуге  өтіне,  бұйыра,  ашулана,  қуана  сөйленген 
немесе  хабар  өте  көтеріңкі  я  өте  басылыңқы  көңілмен  берілген  болса,  сөйлем  леп  сазды  болады. 
Тілек, ұран сөйлемдер де леп сазды сөйлемдерге қосылады. Автор келтірген мысалдардан леп сазды 
сөйлемдердің  көңіл-күй  одағайлары  және  көтеріңкі  интонация  арқылы  жаслатыны  аңғарылады. 
Мысалы:  Апырай,  мынау  бір  қызық  екен!  Қап,  кеше  келмегенекенмін!  Менің  кітаптарымды  осы 
барған кісіден қалдырмай жібере көр! Сорғала, тіл, сорғала! Жасасын Кеңес елі! [1, 153 б.]. 
Қ. Жұбановтың синтаксистік көзқарастарының өзіндік бір ерекшелігі оның сөйлем мүшелерін 
жіктеу барысынан айқын көрінеді. Автор бастауыш пен баяндауышты негізгі мүшелер деп қарайды 
да, тұрлаусыз мүшелерді, ең алдымен, мағыналық белгісіне қарай айқындауыш мүше деп атайды. 
Мұны  ғалым  «сөйлемде  баяндау  қызметін  атқарып  тұрғанына  қарай  баяндауыш  деп  атағанымыз 
сияқты  басқа  мүшелерді айқындап  тұрғанына  қарай айқындауыш  деп  атағанымыз  дұрыс болады» 
деп  түсіндіреді.  Содан  кейін  айқындауыштарды  формасына  қарай  екі  түрге  -  жалғаусыз  түрін 
анықтауыш,  жалғаулы  түрін  толықтауыш  деп  бөледі.  Көріп  отырғанымыздай,  Қ.  Жұбанов 
тұрлаусыз мүшелерді саралауда мағына мен форманың өзіндік қызметін басшылыққа алады. Сонда  
анықтауыш  пен  толықтауыш  мүшелер  бір-бірінен  бұрынғыдай  мағыналық  жағынан  сұрақ  қою 
арқылы емес,  тек  формалық жағынан ажыратылады.  Мұның  тағы  бір  дәлелі  ғалымның  тұрлаусыз 
мүшелерді  жіктеуінде  қазіргі  тілімізде  аталып  жүрген  пысықтауыш  айтылмайды,  ол  сөйлем 
мүшесінің  жалғаусыз  түрі  ретінде  анықтауыштың  қатарында  қарастырылады.  «Сөйлемдегі 
бастауыш  пен  баяндауыштан  басқа  жалғаусыз  сөздің  бәрі  де  анықтауыш  болады.  Баяндауыштан 
басқа жалғаулы сөздің бәрі де толықтауыш болады» дейді [1, 162 б.]. Профессор Қ. Жұбанов сөйлем 
мүшелерінің  орналасу  тәртібіне  де  айрықша  назар  аударған.  Бұл  ретте  ол  сөйлем  мүшелерінің 
қалыптасқан  орын  тәртібі  бола  тұра,  кейде  одан  ауытқушылықтың  да  кездесіп  қалатындығын 
нақтылы материалдармен дәлелдеп береді. Мәселен, автордың баяндайтынындай, сөйлеу тілімізде 
айтылатын  «күн  ұзаққа  қайда  жүрдің»  сөйлеміндегі  күн  ұзаққа  тіркесі  әдеби  тіліміздің  нормасы 
бойынша ұзақ күн болып, анықтауыш анықтайтын сөзінің алдында тұруы керек еді. Сол тәрізді о 
бастағы  дұрыс  қолданыс  «тағы  адам»  тіркесі»  керісінше  де  болып  орналасатыны  көрсетілген. 
Мысалы: Елден безіп, адам тағы болып кетіпті [1, 413-416 б.]. 
Қорыта  айтқанда,  Қ.  Жұбановтың  грамматикаға,  сөздерді  таптастыру  принциптеріне,  сөз 
таптары  мен  олардың  түрлеріне,  сөз  тұлғаларына,  сөйлем  түрлеріне,  сөйлем  мүшелеріне  қатысты 
ғылыми  тұжырымдары  қазақ  тілі  грамматикасының  бастауы,  оның  дамуына  қосылған  зор  үлес 
болып табылады. 
 


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   56


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет