Жылына 4 рет шығады



жүктеу 6.08 Mb.
Pdf просмотр
бет50/56
Дата28.12.2016
өлшемі6.08 Mb.
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   56

Литература
1.
 
Айтмухамбетов  А.А.  Казахские  служащие  Российской  империи:  формирование, 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
310 
профессиональная и общественно-политическая деятельность в XIX – начале XX вв. (исторический 
аспект). / Диссер. на соиск. учен. степ. д.и.н. – Семей, 2010. 
2.
 
Галиев В.З. Годы учебы Мыржакыпа Дулатова. – www.tugan-olke.kz/ru 
3.
 
Захаренко  А.Л.  Общественно–политические,  культурные  связи  Северного  Казахстана  и 
Поволжья, Южного Урала, Западной Сибири (Х1Х – начало ХХ в.): Учебное пособие. – Павлодар, 
2004. 
4.
 
Султангалиева Г.С., Койшигарина Г.М. Формирование казахского чиновничества в первой 
половине ХІХ века. На материалах Неплюевского кадетского корпуса. // Вестник КарГУ.  – 2006. – 
http://articlekz.com/

5.
 
Комментарии к родословной династии Абулхаир-хана. // Международный фонд Абулхаир-
хана: становление и первые результаты. – Алматы, 2003. 
6.
 
ГА ОО РФ ф. 94, оп. 1, д. 4. 
7.
 
ГА ОО РФ ф. 94. оп. 1. д. 17. 
8.
 
Адрес-календарь  личного  состава  служащих  в  Оренбургской  губернии  Тургайской  и 
Уральской  областях  и  в  Уфимско-оренбургских  учреждениях  на  1880  год.  //  Изд.  Оренбургского 
Губернского Статистического комитета. Оренбург. Тип.Б.А. – Бреслина, 1879. – 443 с. 
9.
 
ГА ОО РФ ф. 94. оп. 1. д. 33. 
10.
 
Тихановский  А.  Казахский  султан  Сейдалин  на  государевой  службе  (история).  – 
http://www.centrasia.ru/news

11.
 
Жаксылыков  М.  Имя  его  сохранили  века.  //  «Казахстанская  правда».  №  232  (27506)  от 
13.07.2013 г. 
12.
 
Серекбаева  Л.И.  Деятельность  А.  Букейханова  в  экспедиции  Ф.А.  Щербины  (1896-1903 
гг.). // Вестник КарГУ. – 2007. – 
http://articlekz.com/

13.
 
ГА ОО РФ ф. 94. оп. 1. д. 15. 
14.
 
Базылева 
Е.А. 
Издательская 
деятельность 
Оренбургского 
отдела 
Русского 
Географического общества (1867-1917). // Электронный архив УрФУ. – elar.urfu.ru/handle. 
15.
 
Журнал обыкновенного собрания членов Оренбургского отдела ИРГО за 1877-1879 гг. 19 
марта 1877. – 23 марта 1879 г. – Оренбург, 1879. – 61 с. 
16.
 
ГА ОО РФ ф. 6, оп. 10, д. 3850. 
17.
 
ГА ОО РФ ф. 94, оп. 1, д. 14. 
18.
 
Известия  общества  археологии,  истории  и  этнографии  при  Императорском  Казанском 
университете. Том XXI. Вып. 4. – 1905 – С. 389-392. 
19.
 
Айтмухамбетов А.А. Общественная деятельность казахских прогрессистов (XIX  - начало 
XX вв.). // Вестник КазНПУ им. Абая. Серия  «Исторические и социально-политические науки».  – 
2010. – №2 (25). – С.18-24. 
20.
 
Хорина  В.  Основная  тематика  исследований  научных  обществ  Енисейской  губернии  в 
конце  XIX  –  нач.  XX  вв.  //  Региональные    социогуманитарные    исследования.  История  и 
современность:  материалы  III  международной  научно-практической  конференции  25–26  января 
2013 года. – Прага: Vědecko vydavatelské centrum «Soci-osféra-CZ», 2013 – 186 с. – С. 86-96. 
21.
 
Центральный  государственный  архив  Республики  Казахстан.  Ф.  И-255,  1902-1914  гг.  – 
forum.vgd.ru. 
22.
 
Журнал собрания членов-учредителей «Тургайского сельскохозяйственного общества». 17 
мая 1903 г. // Тургайская газета. – 1903.– №22. – С. 1. 
23.
 
Бийсенов М. Уркер (киргизская легенда). // Тургайская газета. – 1897. – №25. – С. 3. 
24.
 
Бийсенов М. Предостережения покойника. // «Тургайская газета». 1897. – №28. – С. 4. 
25.
 
Наурызбаев Б. О деятельности киргизских властей. // Тургайская газета. 1898. – №16. – С. 1. 
26.
 
Сейдалин Т. Происхождение кукушки. // Тургайская газета. – 1898. – №17. –С. 2. 
27.
 
www.old-site.karlib

28.
 
Труды ОУАК вып. XXXV. – Оренбург: Тип. Тург. обл. Управы, 1917. – 254 с. 
 
Тукешева Н.М. 
XIX ғасырда қазақ зиялыларын ғылыми зерттеулерге қатыстыру 
Мақалада  отаршыл  ресейлік  әкімшіліктің  қызметкерлері  ретінде  қазақ  зиялыларын  ғылыми 
қызметке тарту үрдісіне қатысты мәселелер қарастырылады, өлке территориясын отарлау жағдайындағы 
ғылыми қызметтердің негізгі бағыттары сарапталады. 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
311 
Кілт сөздер: қазақ зиялылары, тартылуы, ғылым, зерттеу, жарияланым. 
 
Tukesheva N.M. 
Involvement of the Kazakh intelligentsia in scientific research in the 19th century 
The article deals with the process of integration of the Kazakh intelligentsia in scientific work as servants 
of colonial Russian administration, the analysis of the main directions of scientific activity in the colonization of 
the territory of the region. 
Keywords: Kazakh intelligentsia, part, science, research, publications. 
 
 
 
 
 
ӘОЖ: 929.624.8(574) 
 
Шадыман Ахметұлы – Қоғамдық ғылымдар академиясының 
Тарих институты, аға ғылыми қызметкер 
(Үрімші қ., Қытай), E-mail: 
shadyman715@outlook.com
 
 
УАҚ ТАЙПАСЫНЫҢ ТАҢБАЛАРЫ 
 
Аннотация.  Мақалада  Тамға  руының  таңбасы  тарихи  зерттеулер  және  фольклорлық  деректер 
бойынша сарапталып жазылған. 
Кілт сөздер: ру, таңба, тарих, қорым, тайпа, ғалым. 
 
Есте жоқ  ескі  заманда  қалыптасып  ұрпақтан-ұрпаққа мирас  қалып  отырған  рулық  таңбалар 
бейнелі  жазу  қызметін атқаруы  мүмкін.  Өйткені  түрік руна  жазуында  кезігетін  бірсыпыра әріптік 
белгілер рулық таңба ретінде әлі де қызмет өтеп отырғаны белгілі. 
Сәрсен  Аманжолов  таңбалар  бойынша  қазақ  руларын  қаңлы,  қыпшақ,  қоңырат,  алшын, 
найман, жалайыр, дулат, арғын, керей сынды 9 рулар одағы мен қаңлы, қыпшақ, қоңырат, алшын, 
найман, ошақты, шеркеш (есентемір, жүй, жағалбайлы, мансыр), бағаналы, бекболат, шапырашты, 
сіргелі, шөмекей, жалайыр, тарақты, сарыжомарт, шанышқылы, дулат, арғын, балталы, қаракерей, 
уақ, сарыүйсін, адай, матай, қаракесек, керей секілді 26 руға бөледі. 
Қолда  бар  шежірелік  деректерге  сүйене  отырып  уақ  тайпаларында  сақталған  таңбалардың  13 
түрін оң жақтағы суретте көрсеттік. Олар ашамай, бақан, босаға ергенек және жалпы уаққа ортақ қос 
ай  таңба.  Бұдан  тыс,  1832-жылығы  А.И.  Левшиннің 
мәліметтерінде  уақтарда  тараққа  ұқсас  таңба  кезігеді. 
Босаға  таңбаның  8-суреттегі  үлгісі  қоңырат  (конграт), 
саңлы (санглы), маңғытай (мангатай) руларында бар, ал 
9-суреттегі 
бейнесі  ҚР  Ғылым  ордасы  Сирек 
қолжазбалар  қорынан  алынды.  Дәл  осы  таңбаға 
ұқсайтын  таңба  Кіші  жүз  қаракесектерінде  бар.  Бөрі  таңбаның  екі  үлгісі  Нығымет  Мыңжани
 
мен 
Сәрсен Аманжоловтың
 
еңбектерінде көрсетілген. «Қазақ ру-тайпаларының тарихы» атты еңбекте тілге 
алынып отырған тараққа ұқсас делінген таңба М. Тынышбаев көрсеткен таңбаның
 
алғашқы тұлғасы 
болса  керек.  Қазір  түрлі  басылымдарда  (мысалы,  «Ана  тілі»  газетіне  түскен  қалың  шежірелік 
мәліметтер  негізінде  жасалған  «Қазақ  шежіресі»,  Ысты  Мейірханның  «Қазақ  шежіресі»,  «Баян 
батыр»)  оның  6-суреттегідей  тұлғасы  да  кезігіп  жүр.  Бұл  таңбаны  дұрыс  түсіре  алмаудан  болған 
жаңсақтық  па,  әлде  тарих  толқынында  жан  жаққа  шашыраған  тайпаластарда  жаңаша  таңбалар 
жасалған ба, мұны анықтаған жөн [1, 428 б.; 2, 110-121 б.; 3; 4 160 б.; 5, 33 б.; 6, 8 б.; 7, 46 б.]. 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
312 
Уақ  тайпасының  рулық-тайпалық  құрылымын  анықтауда  рулық  таңба  мен  ұран 
жөнінде айта кету  қажет. Уақтың таңбалары да қазақтың өзге руларынікі 
секілді көп түрлі болып келеді. Дегенмен ең басты таңбасы ретінде зерттеу 
еңбектерінде  көбірек  аталатыны  мен  құлпытастарға  көбірек  қашалған 
тұлғасы деп  сол жақта көрсетілген таңбаны атаған жөн. Халық арасында бұл бақан 
таңба  делінеді.  Осы  таңба  ҚР  Павлодар  облысы  Шарбақты 
ауданы  Арбаиген  елді  мекенінен  шамамен  12  шақырым 
жердегі  Келдіқыз  қорымындағы  бидалы  уақ  Ғабдул-Уахит 
қазірет  Тіленшіұлының  (1853-1926)  құлпытасына  қашалған  (оң  жақтағы 
суретке қараңыз). Тарбағатай аймағы Толы ауданы Ақбелдеу ауылындағы шоға 
уақ Сасан Құлжанұлының (1843-1939) құлпытасында оның өңделген нұсқасы 
(сол жақ астыңғы құлпытасқа қараңыз) бар. Біз таңбаның жаңа туған ай мен қос 
әліптен түзілген порымына сай қос ай таңба атауды ұсынамыз. Уақтарда жаңа 
туған  ай  мен  бір  әліптен  түзілген  дара  ай  таңбасы  (4)  да  кезігеді.  Сауан 
ауданында  тұратын  Нұрпай  батырдың  ауылдарында  ай  таңбаның  жылқыға 
басылатыны жөнінде сенімді дерек бар. Ол жоғары қараған ай порымында, әрі 
жоғарыда  аталған  қос  ай  таңба  мен  дара  ай  таңбасының  астындағы  белгілер 
алынып тастаудан жасалған. Жоғарыда Сәрсен Аманжолов атаған тоғыз рулар 
одағын уақпен толықтырып, он рулар одағы деп атау керек секілді. 
Таңбалар  ұзақ  тарихи  дәуірді  бастан  өткеріп  қазіргі  заманға  жеткенде,  осы  таңбаны  рәміз 
ретінде  пайдаланушы  ұрпақтардың  діни  сана-сезімдері  мен  қоғамдық  өмірдегі  орнының  өзгеруі, 
өзге  тайпалық  одақтарға  қатысуы  секілді  күрделі  даму  барысын  өткеруіне  байланысты 
қалыптасатын рухани өмірдегі жаңарыс негізінде алуан аттармен атала беруі заңды. Бұған өздерін 
күн  таңбалы  дулат  атай  тұра,  таңбаларын  дөңгелек  таңба  атайтын  дулат  руын  көрсетеміз.  Орта 
ғасырлық  Түргеш  қағанаты  тұсында  Он  оқ  бодұн  аталған  әрі  он  оқ  таңбасын  мемлекеттік  рәміз 
ретінде  шақаларына  қашаған  (оң  жақтағы  суретке  қараңыз)  үйсін  ұлыстарының  қазіргі  таңбасы 
ағын су делінуі де біраз сырдың бетін ашады. 
Түргеш қағанатынан қалған теңгенің бір бетіне “түргеш қаған бай баға”, ал екінші 
бетіне  “сатым  он  оқ  қаған”  деген  сөздер  өрнектелген.  Мұндағы  “x”  түрік  руникасында 
жеке тұрғанда “оқ” деп оқылады. Ал “ = ” не деп оқылатындығына түркология жауап бере 
алмайды,  ол  тек  американдық  майялардың  сандарды  таңбалау  тәсілі  арқылы  ғана  дәлелденеді. 
Майяларда сандарды таңбалаудың үш белгісі бар: бақалшақ нөлді,  бір 
нүкте бірді, ал көлденең бір сызықша бесті көрсетеді. Өзге сандар осы 
үш таңбадан құрап жазылады. Жоғарыдағы суреттегі төрт нүкте төртті, 
екі  сызықшаға  үстелген  бір  нүкте  11-ді,  үш  сызықшаға  үстелген  үш 
нүкте 18-ді бейнелейді (Сол жақтағы суретке 
 
қараңыз). 
Түргештердің жоғарыда көрсетілген таңбаны “он оқ” деп түсініп 
қолданғаны  белгілі.  Бұл  майя-түрік  мәдениеттерінің  егіздігінің 
бұлтартпас айғағы. 
Үйсін  таңбасының  көлденең  екі  ирек  сызықтың  астына  оқтың 
белгісі  салынудан  жасалатын  түрі  он  оқ  таңбасының  үйсін  елінде  күні 
қазірге дейін маңызын жоймағанын дәлелдеумен қатар, таңба атауының ағын суға өзгеруінің сырын да 
шешуге  мол  мүмкіндіктер  береді.  Он  тайпалы  Батыс  Түрік  қағанатының  орнына  келген  Түргеш 
қағанаты құлаған тұста қалыптасқан саяси жағдайлар үйсін елінің он оқ таңбасының ендігі жерде өзгеше 
атпен қос оқ аталуына жебеді, моңғол жаулаушылығы тұсында қосоқ таңбаның орнын ағын су алды. 
Бұл үйсін одағынан албандар мен суандардың жеке иелік құру дәуіріне сай келеді [8; 9; 10, 439 б.]. 
Ай таңба 
Уақ таңбалары жөніндегі жоғарыдағы суреттегі 4-таңбаны бірсыпыра еңбектерде бақан таңба 
ретінде  көрсеткен.  Алайда  Ұлы  жүз  бестамғалы,  шымыр,  шапырашты 
руларында,  Кіші  жүз  жаппас  руында  кезігетін  бұл  таңба  бақан  емес,  ай 
таңба 
 
аталуы керек секілді. Шапырашты таңбасын М. Тынышбайұлының 
ай  таңба 
 
атауы  тегін  емес.  Осы  ай  таңба  секілді  шапырашты  елінің 
таңбасы туралы Сәрсен Аманжолов мынадай пікір айтқан: “Шапырашты 
негізгі  тайпа.  Бұларға  қатысты  рулар:  бестамғалы  мен  шымыр.  Осы 
аталған  рулар  Ұлы  жүз  рулары  саналады. 
Мүмкін 
олар 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
313 
қоғамдық өмірде бірге өмір сүрген шығар. Бірақ біз шапырашты руын бөлек қарастырамыз. Себебі 
шапырашты  руының  таңбасы  мен  суреті  мына  таңбамен  сәйкес  келеді”  (оң  жақтағы  шапырашты 
таңбаларының  суретіне  қараңыз).  Ғалымның  ойынша,  шапырашты  атауы  шапыраш  (көзі  қисық, 
қыли)  сөзіне орай жасалуы мүмкін секілді. Бұл  шапыраштылардың  күн таңбалы ел  болмастан, ай 
таңбалы  ел  болғанын  сыпаттайды.  Демек  сол  жақтағы  суретте  көрсетілген  таңба  мен  оң  жақта 
көрсетілген  4-таңбаның  кескіні  Сәрсен  Аманжоловта  көрсетілген  шапыраштының  таңбасымен 
бірдей  (соңғы  таңбаға  қараңыз)  сызылған,  алайда  М.  Тынышбайұлының  көрсетуінше  кішкене  тік 
сызық  сәл  көлбеу  түрінде  (екіншісіне  қараңыз)  келеді.  С.  Аманжоловтың  шапырашты  таңбасын 
шапыраш  сөзінен  іздеуі  осы  жайды  аңғартса  керек.  Осы  аталған  4-таңбаны  Рашид  әд-дин  Оғыз 
тайпаларының оң қанатын құраушы бозоқтар қатарында айтылатын Күн ханның тұңғышы Қайының 
таңбасы  деп  көрсетеді  (Оң  жақтағы  суреттегі  ортаңғы  таңбаға  қараңыз.    Бұл  қай  тайпаларының 
ұрпақтарының уақтар құрамын толықтырғанын тағы бір қырынан дәлелдейді. 
Моңғолия ғалымдары Ноян тауынан ашқан ғұн моласынан табылған ыдыстың түбінде қазақ 
руларындағы ай таңбаға ұқсас таңбалар (оң жақтағы суретке қараңыз) басылған. 
Оғыздар  арабтар  мен  византиялықтардың  тарихи  хроникасында  oguz,  guz,  ūz  деген  атпен 
мәлім.  Оғыздар  туралы  ерте  дүние  еңбектерінде  аса  құнды  жазба  деректер  сақталған.  4-ғасырда 
Үйсін  мемлекетінің  аумағында  оғыз-қыпшақ  тілінде  генеалогиялық  көне  аңызға  негізделіп 
жазылған эпикалық көркем туынды «Оғызнама 
 
жырында Оғыз қаған алтын садақты бұзып еншіге 
бөліп  берген  үш  ұлын  бұзықтар,  ал  алтын  оқты  тауып  әкелген  үш  ұлын  үш  оқтар  деп  атағаны 
туралы әдемі аңыз қалған.  
Ежелгі  сақ-скифтердің  ичгуз  руының  оғыздардың  ішкі  оғыз,  ташқы  оғыз  деп  бөлінген 
тарихынан хабар беретіні де көп зерттелді. Геродоттың айтуынша, бұл жабайыларды скифтер деп 
атаған – гректер, ал скифтер өздерін патшаларының атымен сколоттар (Σκολοτες, Scoloti) деп атаған. 
Бір  рулық  бірлестікте  болған  рулардың  ең  ілкі  топтары  ішкілік,  ал  ол  бірлестіктің  құрамын 
толықтырған өзге рулардың ташқылық аталуы қырғыз жұртында қазірге дейін сақталып отыр. 
Олжас  Сүлейменов  ич-огуз  немесе  ичк-ўз  термині  өзге  түрік  халқының  тілінен  алынған, 
сөздікте olot – “ру, тайпа, халық”: ički-olot, iški-ulut – “ішкі халық” деген сөз кездеседі дей отырып 
сколот, ичгуз байланыстарын аша түскен. Оғыздардағы бұзоқ, үшоқ рулары «Оғызнама» жырынан 
көп бұрын қалыптасуы мүмкін. Дала озандары (жыраулары) бозоқ этнонимін – бұз оқ деп түсіндіруі 
Оғыз қағанның кіндігінен тарауы мүмкін болған алты ата оғыз тайпаларын байырғы үрдіс бойынша 
ішкі  және  ташқы  (сыртқы)  деп  бөлместен,  бір  атаның  кіндігінен  тараған  етіп  көрсету  мақсатын 
жақсы орындаған. 
«Оғызнама»  жырында  бұзықтар,  үшоқтар,  аққойлылар,  қарақойлылар  деп  аталған  оғыз 
рулары жөнінде мынадай аңыз хатталған: «Оғыз қаған әйдік орда тіккізді. Оң жағына қырық құлаш 
ағаш қадатты, оның басына бір алтын тауық қойды, түбіне бір ақ қой байлады. Чоң (сол) жағына 
қырық құлаш ағаш қадатты, оның басына бір күміс тауық қойды, түбіне бір қара қой байлады. Оң 
жақта бұзықтар отырды, сол жақта үшоқтар отырды. 
Мәтінде айтылған қара қой мен ақ қой қазірде Ұлы жүз үйсіндегі дулат тайпасының сиқым 
руында  қатар  айтылатын  аққойлы,  қарақойлы  аталарының  есімін  еске  салады.  Аққойлы  (ақ 
қойұнлұ), қарақойлы (қара қойұнлұ) оғыздары кезінде іргелі мемлекет те құрған. Ғұн қағанатында 
да аққойлы руы болғанын Жұңго жылналарындағы аққойлы ханы (白羊王) деген лауазым растайды. 
Бозоқ  терминіндегі  боз  сөзі  ақшыл,  қылаң  түс,  боз  ала  таң,  таң  сәрі  мағыналарынан  тыс, 
бетегелі, изенді,  селеулі ақ дала деген мағына береді. Бозоқ  – ақ боз үй мағынасын беруі мүмкін. 
Бұл «Оғызнамада» айтылғандай қағанаттың шығыс бөлігін (Таң сәріні) мекендеуші алтын жақтың 
мұрагерлері Күн, Ай, Жұлдыз атты ағайынды үш жігіттің кіндігінен тараған Жоңғарияның шексіз 
шетсіз  боз  даласынан  Сыр  бойына  жылжыған  оғыз  ұлыстарын,  ал  алтын  оқтың  мұрагерлері 
үшоқтар  қағанаттың  батыс  бөлігі  (Түн  сәрі)  тарихи  ичгуз  тайпаларынан  біріккен  Көк,  Тау,  Теңіз 
атты ағайынды үшеудің ұрпақтары сыңайлы. «Оғызнамада» бұл үш ағайындының шешелерінің көзі 
көктен көгірек деп суреттелуі де, олардың еуропеидтік сипатын ашады. 
Оғыздың  үшоқ  тобының  таңбасы  садақтың  оғы  порымдас.  Бір  кездері  ғұн  қағанатына  қараған 
аққойлылар  ғұндардың  ұлы  қоныс  аударуы  кезеңінде  батысқа  қоныс  аударған  соң  бозоқтарға  енген 
секілді.  «Оғыз  қаған»  жырында  бозоқтардың  ақ  қой  байланған  оң  жаққа  отыруы  осы  жайдан  хабар 
береді  әрі  бозоқтардың  қағанаттың  шығыс  бөлігін  қоныстаған  тарихи  жағдайын  паш  етеді.  Оғыз 
қағанның бәйбішеден туған үш ұлын таң сәріге (шығысқа) алтын жақты іздеуге аттандыруы да осыдан. 
Бұл 
дала 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
314 
жырауларының  эпикалық  жырда  тұтас  қағанаттың  тарихынан  жазған  үзік  сырдың  бетін  ашады. 
Ғалымдар “оғыз атауы, сірә, алғашқыда “тайпалар”, “тайпалар бірлестігі” деген ұғымды білдірген болса 
керек, ал кейіннен жинақтап айтылған этникалық атау мағынасына айналған” 
 
деп есептейді. Тоғыз оқ 
ұз,  сегіз  оқ  ұз,  үш  оқ  ұз  этнонимдерінің  сандық  мағынадан  арылып,  біртұтас  оғыз  аталуы  9-11-
ғасырлардағы Оғыз мемлекетінің алғаш ірге қалаған тұсына дөп келуі мүмкін. 
Уақтардың ең басты этникалық тобының бірінен саналатын қайлар да Жоңғария даласына келген 
соң оғыз одағына қатысуы әбден мүмкін. Қайлар туралы Жұңго жылнамашыларының “жерінде қара қой 
көп  өсіріледі”  деген  дерегі  сарман  уақтар  құрамындағы  қарақойлы  руының  оғыз  одағына  қосылған 
қайлардың ұрпақтары болу мүмкіндігін жоққа шығармайды [11, 209 б.; 12; 13; 14]. 
Мүйіз таңба 
“Ұғақ”  корей  тілінде  сиырдың  шаңырақ  мүйізі  деген  мағына  береді.  Сасан 
Құлжанұлының құлпытасына қашалған уақтың қос ай таңбасы (Оң жақтағы көрсетілген 
таңбаға қараңыз) уықты және сиырдың шаңырақ мүйізін еске салады. Мауреннаһардағы 
өзбек  ішіндегі  найман  үш  ру:  қостамғалы,  уақтамғалы  және  садырбек.  Бұлар:  найман  һәм 
қоңыраттан бөлінген қазақпыз дейді.  Өзбек ішіндегі қоңыраттар уақтаңбалы, қостаңбалы, айылды 
(айынлы),  қанжығалы  және  тартулы  руларына  бөлініп,  жалпы  “Алпыс  алты  аталы  қоңырат”  деп 
аталады.  Кіші  жүзде  Әлімұлы,  Байұлы,  Жетіруға  кірмейтін  Ноғай-қазақ  руы  бар.  Ол  ертедегі 
ноғайлы  елінен  бөлініп  қалған  Орақ,  Мамай,  Қазтуғандардың  тұқымдары.  Олар  Қояс,  Үйсін, 
Қазанқұлақ, Қостаңба болып бөлінеді. Жоғарыда аталған қостамғалылар туралы Сәрсен Аманжолов 
былай дейді: “Өзбек құрамындағы қыпшақтар қытай-қыпшақтар деп аталады және қытай, қыпшақ 
деген екі руға жіктеледі. Бұлардан қытайлар сары қытай, отаршы, қанжығалы, қоштамға, тарақлы, 
балғалы руларына бөлінсе, қыпшақтар тек үш руға: төрттамға, сары қыпшақ, тоғызбайға бөлінеді”. 
Ежелгі  грек  мифологиясы  бойынша  Агенордың  Еуропа  атты  сұлу  қызы  болыпты. 
Құрбыларымен  теңіз  жағасында  сейілдеп  жүрген  Еуропаға  алып  тұлғалы 
алтын  мүйізді  ақ  бұқа  келіпті.  Бұқаның  жанарынан  аса  бір  жылылық 
байқалады.  Қыз  бұқаға  гүлшеңбер  сыйлайды  және  оған  мінеді.  Қызды 
мінгізген  бұқа  жүзіп  отырып  Крит  аралына  барады.  Бұл  бұқа  Зеус  еді.  Ол 
өзінің  әуелгі  кейпіне  келіп,  қызға  іңкәрлығын  паш  етеді.  Осы  мифке  сай 
Ноэль  Никола  Куапель  (Nöel-Nicolas  Coypel)  Тәңірлердің  тәңірі  Зеусты 
алтын мүйізді ақ бұқа кейпінде сызған (Оң жақтағы суретке қараңыз). Бұлар 
боз сиыр (ақ боз сиыр) өсіруші Сыр халықтарының ертегілері арқылы Батыс 
өркениетіне  ықпал  жасауы  мүмкін.  Бос  деп  гректер  сиыр  малын  атайды. 
Алтын  мүйіз  ақ  бұқа  грек  мифологиясында  тәңірлердің  тәңірі  Зеустың 
сипатын көрсетуі Заратуштрашылықтағы Соғыс тәңірінің бір сипаты Алтын 
мүйіз ақ бұқа ұғымы арқылы жасалған. Мұнда Күннің көзіне (Уд) сиынудан 
Күннің жердегі бейнесі отқа (Ут) және бұқаға (Уд, Гуд, Гудаа) табынуға өткен күрделі діни реформа 
барысының  ізі  қалған.  Оғыз  қағанның  бәйбішеден  туған  үш ұлының  Күн,  Ай,  Жұлдыз  аталуы  да 
оғыз  халқының  әр  дәуірде  аталған  аспан  шырақтарын  тәңір  тұтуымен  қатысты.  Сыма  Чянның 
«Тарихи жазбаларының» 110-бума 50-баянындағы: “Тәңірқұт әр таңда ордасынан шығып, көтеріліп 
келе  жатқан  күнге,  түнде  айға  тау  етеді.  Отырғанда  үлкендер  сол  жақтан  бастап,  солтүстікке  бет 
түзіп отырады... Жорықта аспан шырақтарына қарап әрекеттенеді. Ай толғанда шабуылға өтіп, ай 
қорғалағанда  шегінеді”
 
деген  деректері  ғұндарда  аспан  шырақтарын  тәңір  ретінде  қастерлейтін 
ежелгі  діни  нанымның  басты  орында  тұратынын  дәлелдейді  [15;  16;  17;  18].  Бұл  барысты  Олжас 
Сүлейменовтың шумер-түрік сөздері жөнінде көрсеткен төмендегі кестесінен байқаймыз: 
Шумерше 
Түрікше 
Уду – қошқар және күн тәңірі, қасиетті 
удуқ (ыдұқ) – қасиетті, киелі 
Гуд – бұқа 
уд – бұқа немесе мүйізді мал. 
гудаа – бұқа және бұғы (тофалар тілінде) 
Уд – күннің көзі, күн 
Уд – от 
Ут (ӱд, ӧд) – түскі мезгіл (түс), уақыт 
Ут (уд, от, од) – от 
Қазақ халқы мифтік түсінік бойынша “жұмыртқадай жерді көтеріп тұрған көк өгіздің мүйізі, 
бір мүйізінен екінші мүйізіне ауыстырғанда жер сілкінеді” деп ұғады. Ескі түрік календарында сиыр 
жылы уд йылы делінеді. 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
315 
«Тау-өзен  дестірінде»  рұңдардың  адамдарының  үш  мүйізді  болатынын  жоғарыда  атап 
көрсеткенбіз.  Бұл  ғұндардың  ақсүйектерінің  “он  мүйіз”  (十角) 
аталуын  еске  салады.  «Уейнаманың»  102-бумасында  абдал  елі 
туралы баяндалғанда: “... Бұлардың әдет-ғұрпында ағайынды адамдар 
бір әйел алады. Күйеуі жалқы жігіт болса, әйелі басына бір мүйізшелі 
бөрік  киеді.  Егер  ағайынды  бірнешеу  болса,  әйелі  бөркіндегі 
мүйізшені  солардың  санына  туралайды”
 
деген  дерек  рұң  елінің 
адамдарының үш мүйізділігінің сырын ашуға жетелейді. Ежелгі ғұн, 
абдал  қоғамында  мүйіз  биліктің  символы  болған.  Қазақтардың 
алғыншық  әйелінен  басқа  әйелдерін  тоқал  деп  атауы  –  абдал 
әйелдерінің басына мүйізшелі бөрік кию салтын еске салады. Демек 
басына  мүйізшелі  бөрік  кию  немесе  басшыларын  “он  мүйіз”  атау 
салты мүйізді іріқараға табынудың сарқыншағы саналады. 
Ай таңбаның мүйіз таңба аталу сырын да діни реформалардан 
іздеген жөн. Үшбұрыштап қойылған үш тас адам баласының ең ілкі 
ошағы  саналады.  Қазір  ошақ  ұғымы  үстіне  қазан  қойып,  тамақ 
пісіруге  арналған  үш  аяқты  қоршау  темір  ретінде  танылады.  Ошақтың  төртбұрыш,  дөңгелек 
түрлерінің жасалуы – үшбұрыш ошақты халық жадынан шығарғанымен, ошақтың символы болған 
киелі  үшбұрыш  таңба  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып  қазірге  дейін  жетті.  Ошақ  ауыспалы  мағынада 
үй-іші,  бала-шаға  деген  мағыналарды  білдірумен  қатар,  сиыр  малының  жек  көрінішті  атауына  да 
айналып  үлгерді.  Өйткені ошақ  та,  сиыр  да  От  тәңірін ұлықтаушы Заратуштрашылдықтың  халық 
санасына орныққан мыңдаған жылдарғы руханияттың символы ретінде Ислам қағидаларына қайшы 
келді. Ошақ жарық, жылу және астың қайнары. Жапондар ошақ тәңірі мосының ілгегінде болады 
деп  есептейді.  Исламның  Орта  Азияға  енуі  ошақ  таңбаның  тұмар  таңба  аталуын  жебеді.  Ежелгі 
ұлыстардың ай мүйізді қошқарға немесе арбақ мүйіз бұқаларға (Taurus, тур, taŭro, bull) табынуы бұл 
айуандарды ыдық (қасиетті) Ай тәңірінің жердегі бейнесі деп тануымен тығыз қатысты болса керек 
(төменгі суретке  қараңыз). Тарым ойпатына  қоныс  тепкен  байырғы  құмдариялықтар қабір  басына 
сиырдың  шаңырақ  мүйізі  зәлітті  сайғақтар  орнатуы  да  бұқаны  киетек  санаумен  тығыз  қатысты 
(алдыңғы беттегі суретке қараңыз). 
Уақ  таңбаларының  бірі  болған  бақан  таңбасының  қазақтың  басқа  тайпаларында  кезігетін 
бақан таңбаларына ( ) және уақтың бақан таңбасына ұқсамауына қарағанда, бұл таңбаның әуелгі 
аты  “ұғақ  таңба”  болса  керек.  Таңба  сиырдың  шаңырақ  мүйізіне  ұқсайды.  Таңбаның  бастапқы 
толық  атауы  ұғрақ  таңба  болуы  мүмкін.  Ұғрақтар  туралы  деректер  Махмұт  Қашқарида  көптеп 
кезігеді. Ұғрақ – ұғақ – ұуақ – уақ болуы заңды. 
 
Гуд – гут (герман, словян тілдерінде құдай) – құт – худа (иран тілдерінде құдай) – құдай – будда 
(үнді  тілінде  құдай)  сынды  өзгеріс  адам  баласының  күннің  көзіне,  айға,  отқа,  бұқаға  табынудан 
бұғыға, құдайға, буддаға табынуы секілді күрделі діни реформаларды бастан өткерген. Ұлы даланың 
жартастарындағы  петроглифтерде  кезігетін  турлар  (бұқалар)  мен  бұғылардың  кескіндері  осы 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
316 
айуандарға  табынушы  халықтардың  діни  ғұрып-салттарды  атқаруы  барысында  жартасқа  қашалған. 
Ханзу тіліндегі сиыр сөзі (牛 niú) оң жақта көрсетілген суреттегідей даму басқышын басып өткен. Бұл 
аталған иероглифтің басты ерекшелігі  – шаңырақ мүйіз. Бұл қазақ тайпаларындағы қос ай , дара ай 
таңбаларының сырын ашуға жетелейді. Қазақтарда жаңа туған айға тәу ету салты қазір де бар. Олар: 
“Ескі ай есірке, жаңа ай жарылқа” деп тілек айтады [1, 428 б.; 4, 160 б.; 6, 8 б.]. 
Бог  сөзін  орыстың  этимологтары  иран-скиф  тілдеріндегі  баға  сөзімен  қатысты  деп  есептейді. 
Кей  ғалымдар  баға  сөзін  санскритшедегі  маха  (патша)  сөзімен  қатысты  қарастырады.  Біздіңше,  бұл 
атау ескі түрікшедегі тәңірия дінінің басшысы деген мағынадағы бөг, немесе бөгү (Боғда) сөздерімен 
қатысты.  Шамандық  түсінік  бойынша  “Жайық”  қайырымды  құдай  Ульген  (Үлген)  мен  адамдар 
арасында байланыс жасайтын, зұлым күш Жезтырнақ пен Ерлік ханға қарсы тұратын қайырымды рух 
ретінде  қызмет  атқарған.  Ол  жайындағы  нанымдар  Алтай  халықтарында  сақталған.  Алтайлықтар 
Жайықты  “Дьайык”  деп  атайды.  Түрік  нанымындағы  Дьайык  пен  орыс  халқының  дай-бог  деп 
аталатын тәңір – Еуразия даласындағы халықтарға әлмисақтан бері кеңінен мәлім болған тәңірлер. Ай 
таңбаның  қазақ  руларында  бақан  таңба  аталуының  сыры  да  Тәңір  есімдерінің  жаңаша  сипатпен 
аталуынан туған. Түбін қуғанда бақан таңбалар да ай таңбадан дамыған. 
Алтай  тілдеріндегі  соңғы  р  мен  з-ның  өзара  ауысу  заңдылығына  (мысалы  моңғолша  бор  сөзі 
түрік  тілдерінде  боз,  моңғолша  үхэр  (сиыр)  сөзі  түрік  тілдерінде  өгіз  және  үркер)  негізделгенде 
Тәңірлік  сипат  алатын  Боз  (боз  сиыр)  сөзінің  Бор  болып  ауысуын  теріске  шығармаймыз.  Бұл  Бөрі 
тотемінің қалыптасуының да ескі діни наным-сенімдердегі өзгеріс негізінде қалыптасуын көрсетеді. 
Моңғолдар  бөрте  бөріге,  түріктер  көк  бөріге  табынады.  Жапондардың  бұқа  сөзін  buru  (ブル,  雄牛), 
бөрі сөзін Urufu (ウルフ, 狼) немесе Ōkami (オオカミ) деп атауы әрі оның кірме сөз екенін көрсету 
үшін хираганалық жазу үлгісімен емес, катаганалық үлгімен жазуы да тегін емес. Әрине, жапоншада 
кірме л дыбысының р-мен жазылуына сай бұл атауды ағылшынша бұқа мағынасындағы bull сөзінен 
жасалған деуге де негіз жоқ емес. 
12 зодиактік шоқжұлдыздарының бірі Торпақты латын тілінде Taurus дейді. Торпақта Гиад және 
Үркер  деп аталатын екі шашыранды жұлдыз шоғыры бар.  Бұл  бұқа жөніндегі еуропалық түсінік  пен 
түрік-моңғол  халықтарындағы  үркер  (үхэр)  ұғымының  о  баста  бір  арнадан  шыққанын  дәлелдейді. 
Ағылшын тіліндегі өгіз сөзінің ox (окұс) болып айтылуы да осыдан [19, 82 б.; 20; 21, 36-37 б.]. 


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   56


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет