Жырдың сюжеттік құрлысымен танысу. Басты образдардың мінездерін жеке жеке талдау



Дата07.01.2022
өлшемі15,37 Kb.
#20136

Дәріс№5

Мақсаты:

  1. Жырдың сюжеттік құрлысымен танысу.

  2. Басты образдардың мінездерін жеке – жеке талдау.

  3. Жырдағы жанама кейіпкерлердің мінездеріндегі ерсіз қылықтарының себептерін анықтау.

Қаралатын мәселелер:

    1. «Қыз Жібек» - көркемдік қасиеті өте жоғары ғашықтық жыр

    2. Дастандағы кейіпкерлер іс-әрекеті

    3. Жырдың көркемдік-идеялық ерекшелігі

Көркемдік қасиеті өте- мөте жоғары ғашықтық жырлардың бірі – «Қыз Жібек». Бұл – азбас, абзал жар жайындағы дастан. Дастанның бүкіл сюжеттік, образдардың және психологиялық құрлысы тұтастай осы тақырыпқа арналған.

Дастан Төлегендей жігіттің өзіне қалыңдық іздеуін жырлаудан басталады. Асқан сұлу Қыз Жібек сондай болып шығады. Бұрын- соңды ешкімді менсініп, көз салмаған Жібек Төлегенге уәде береді. Төлеген еліне келіп қасына кісі алып қайта жүрмек болады. әкесі рұқсат етпей, бір жыл бойы жібермейді. Жібектен көңілі қалып, Төлегенге өшіккен Бекежан жол тосып жатып, айдалада Төлегенді қапыда өлтіреді. Мұны көрген алты қаз бәрін Жібекке баян етеді. Жібектің алты ағасы Бекежанды өлтіреді.

Сүйгенінен айырылған Жібек оның аруағын сыйлап, інісі Сансызбайға ден қояды.салт- ғұрып бойынша Жібекті енді Сансызбайға алмаққа керек. Бірақ Жібектің махаббатына тағыда сын болып, қатер төнеді. Қалмақ ханы Қорен жібектің ауылын қалың қолмен қоршап, туған- туысқандарыннан Жібекті өзіне беруді талап етеді. Жібек Сансызбайдың келуін күтіп, Қоренді шырғалап ұстайды. Ақыры Жібектің ақылымен Сансызбай Қоренді өлтіреді. Сөйтіп Сансыөбай мен Жібек қосылып, барша мұраттарына жетеді.

Дастанда әмеңгерлік салт, яғни өлген адамның әйеліне немесе қалыңдығына сол адамның жақын-жұрағаты үйленетін салт романтикалық сарында бейнеленген. Жесір қалған әйел мен қалыңдықты сүймесіне қосатын, тіпті алжыған шалға амалсыз телитін осындай қараңғылық салт бұл дастанда дәріптеледі. Төлеген өлсе де, оның Жібекке деген махаббаты өлген жоқ. Дастанның негізгі түйіні осындай. Төлеген Сансызбай бейнесінде Жібек үшін тіріліп, қайта келгендей. Осы образ арқылы жыр өлген адамға деген айнымастықты емес, қалыңдық үшін қалың мал төлеген, сондықтан да оның иемденуге ықтярлы руға деген айнымаушылықты ғибрат етеді. Жібектің Сансызбайға қосылғысы келіп әрекет етуі, яғни бұрынғы атасқан, уәделескен рухына адал күйінде қалуға тырысқан әрекет дастанның негізгі сюжеттік желілерінің бірін құрайтындығы да осыдан.

Жырда басты кейіпкерлерден басқа да қызғылықты образдар бар. Олар – махаббаттан жолы болмаған кекшіл әрі қаныпез Бекежан, сондай- ақ Төлеген мен Жібектің тілдесіп табысуына дәнекер болған Шеге мен Қаршығадай екі ақын. Шеге – Төлегенмен рулас әрі жолдасы. Қыз таңдаған ел кезген Төлегенге еретін де, қатыгез әкесінен баласы үшін бата тілейтін де – сол. Жібекпен бір рудан шыққан Қаршыға да екі жасты көзінше біріне- бірін мақтап, олардың көңіл қосуына жәрдемін тигізеді. Оларды тұңғыш рет кездестіретін де – сол Қаршыға. Дастанның бұл тұсы ғажайып көркем. Қаршыға Төлегенді қасына ертіп қыз көрсетеді. әр көшке қуып жеткен сайын, Төлеген көзі шалған сұлу қызды Жібек екен деп қалады. Бірақ Қаршыға көріп, Жібек емес екнін айтады.ақырында Төлеген теңдесі жоқ сұлу Жібекті сүйтіп барып табады. Дастанның осы тұстарында көркем бояулар құлпыра жанданып, төгіліп, құйылып отырады. Бірінен бірі асып түскен сұлу қыздар бейнесі Жібектің сұлулығына, ажар- көркін өсіре түсіп көрсетеді.

Қазақтың өткеннен қалған эпостық мұрасының ішінде «Қыз Жібек» жыры асқан көркемдігімен ерекшеленіп, оқшау танылады. Дастанның мол да алуан түлі формасы, оның күрделі де шебер композициялық құрлысымен үйлесе үндесіп келген. Жырдың тілі де өте шебер. Тамаша бейнелі, өрнек нақышқа бай. Жырдың халық арасына мейлінше кең таралып, Жібек бейнесі нағыз ұлттық образ болып кетуінің сыры да осында.
Пысықтау сұрақтар:


  1. Қыз Жібек жырының бүгінгі күнге дейін неше нұсқасы жетті?

  2. Жырдың құрылымдық ерекшеліктерін ата?

  3. Жырдағы басты кейіпкерлердің бірге болмау себептерін айт?


Әдебиеттер:

1.Ғабдуллин. М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. А-1974ж



2.Садырбаев С. Қазақ халқының ауыз әдебиеті А-1977ж

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет