Жүйкелік глия (нейроглия) нейроциттер үшін тіректік, қоректендіру, оқшаулау, бөлінділер бөлу және қорғаныс қызметтерін атқаратын жүйке ұлпасының маманданған жасушалары. Жүйкелік глия өз кезегінде макроглия



Дата31.12.2021
өлшемі19,08 Kb.
#23274
Байланысты:
1.11.21.Жүйкелік глия


Жүйкелік глия (нейроглия) - нейроциттер үшін тіректік, қоректендіру, оқшаулау, бөлінділер бөлу және қорғаныс қызметтерін атқаратын жүйке ұлпасының маманданған жасушалары. Жүйкелік глия өз кезегінде макроглия және микроглия болып екі топқа бөлінеді.

  • Макроглия жасушалары (глиоциттері) жүйке түтігі нейроциттерімен қатар дамиды. Макроглияға эпендимоциттер, астроциттер және олигодендроциттер жатады.

  • Микроглия - жүйке ұлпасында қорғаныс қызметін атқаратын макрофагтар. Ол мезенхимадан дамып жетілетін ішкі орта ұлпасының өкілі.

Эпендимоциттер — жүйке жүйесі мүшелерінде шекаралық орын алып, ми қарыншалары мен жұлын өзегінің ішкі бетін астарлайтын жүйкелік глия жасушалары. Олардың пішіні текше немесе призма тәрізді болып келеді. Эпендимоциттің ми және жұлын қуыстарына қараған бетінде кірпікшелері болады, ал оның қарама-қарсы жүйке ұлпасына қараған жағындағы бетінен шығатын ұзын өсінділері — нейроциттер үшін тіректік қызмет атқарады. Сонымен қатар, аталған өсінділер жүйке жүйесі мүшелерінің қан тамырлары маңында және жүйке мүшелерінің сыртқы бетінде, жүйке ұлпасын басқа ұлпалардан оқшаулайтын шекаралық жарғақтарды түзуге қатысады. Эпендимоглиоциттер жүйке мүшелері қуыстарына немесе қанға әртүрлі белсенді заттар бөлу арқылы секреторлық қызмет те атқарады. Астроциттер құрылысына байланысты протоплазмалық (қысқа сәулелі) және талшықты (ұзын сәулелі) болып екі топқа бөлінеді.

Протоплазмалық астроциттердің өсінділері қысқа және тармақталып жатады. Ядроларының хроматины аз, цитоплазмасында митохондриялар көптеп кездеседі. Бірақ, эндоплазмалық тор мен рибосомалар нашар жетілген. Протоплазмалық астроциттер негізінен орталық жүйке жүйесі мүшелерінің сұрзатында орналасып, олардағы зат алмасуға қатысады және шекаралық оқшаулау қызметін атқарады. Талшықты астроциттердің мөлдір цито- плазмасында диаметрі 8-9 нм көптеген жіңішке жіпшелер (фибриллалар) кездеседі.

Талшықты астроглиоциттер денелерінен 30-40 ұзын жіңішке өсінділер шығады. Талшықты астроциттер орталық жүйке жүйесінің ақзатында, жүйке талшықтарының аралығында орналасып, тіректік қызмет атқарумен қатар, мүшелердің қан тамырлары маңы мен сыртқы бетіндегі шекаралық жарғақтарды түзуге қатысады.

Олигодендроциттер — өсінділері аз, пішіні әртүрлі келген жасушалар. Олар жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімдеріне орналасыпнейроцит денелері мен жүйке талшықтарының қабықтарын (неврилеммаларды, леммоциттерді) құрауға және олардағы зат алмасуға қатысады. Микроглиялар немесе глиялық макрофаггар — ішкі орта ұлпасының маманданған ядроларының пішіні әртүрлі болып келеді. Микроглиялар жалғанаяқтарымен қозғалып, жүйке ұлпасына сырттан түскен бөгде заттарды немесе қызметін тоқтатып істен шыққан жүйке ұлпасының құрылымдарын қа мап жояды. Бұлар фагоцитозды іс жүзіне асыру арқылы жүйке жүйесі мүшелері мен ұлпаларында қорғаныс қызметін атқарады. Глиялық макрофаггар — мезенхимадан жетілген моноциттер туындылары.[1]

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет