Жұмыс жоспары 2019-2020 оқу жылындағы мектептің тақырыбы



бет1/9
Дата12.03.2023
өлшемі36,53 Kb.
#73552
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

«Бекітемін»
Мектеп директоры:
_________ О.Алибаев
____________ 2019 жыл


«Достық» жалпы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
2019-2020 оқу жылына арналған әдістемелік кеңес отырыстарының


ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
2019-2020 оқу жылындағы мектептің тақырыбы
«Оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, ұлттық сана сезімі қалыптасқан тұлға тәрбиелеу»
Мақсаты

  1. Оқу және тәрбие үрдісінде білім алушыларды білім беру ресурстары мен технологияларына бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету.

  2. Білім алуға деген жеке тұлғаның сұраныстарын қанағаттандыру, функционалдық сауаттылықты жетілдіру.

  3. Мектеп өмірін ізгілендіру мен демократияландыру арқылы оқушының жеке тұлғасының интеллектуалды, рухани және дене бітімінің дамуының қалыптасуына қолайлы жағдай туғызу.

  4. Оқу-тәрбие жұмысының негізгі өзегі ретінде тұлғалық бағдарлы, гуманды тұлғалық педагогика идеясы ұстанымдарын қолдану.

  5. Мәңгілік ел қазақ халқының ұлттық идеясының құндылықтарын енгізу, рухани жаңғыру аясында бағыт беру.


Әдістемелік кеңестің өзекті мәселесі
Оқыту мен оқуда жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы құзыреттілікті қалыптастыру.
Мақсаты

  • Мұғалімдерді жаңа бағдарламамен таныстыру;

  • Сабақта жаңа технологияларды тиімді пайдалануға дағдыландыру;

  • Мұғалімдердің психологиялық-педагогикалық қабілеттерін ұдайы жетілдіріп отыру;

  • Мұғалімдерді нәтижеге бағытталған іс-әрекеттерге бейімдеуге үйрету;

  • Үш тілде білім беру бағдары бойынша тәжірибелерін шыңдау;

  • Мұғалімдердің өзін-өзі жетілдіруіне баса назар аудару;

  • Мектептің педагогикалық ұжымының іс-әрекетін жаңашылдыққа бағыттауды қалыптастыру (озық тәжірибені ендіру, жалпылау, тарату мен жүйелі зерттеу, үйрену)


Міндеттері:

  • Білім берудің жаңа бағдарламаларын, оқу жоспарларын, мемлекеттік стандартын, нормативті құжаттар, әдістемелік нұсқауларды талдау, игеру жұмыстарын ұйымдастыру;

  • Оқу мен тәрбиені ұйымдастырудың жаңа формаларын, әдістерін педагогикалық технологиялармен байыту;

  • Жас мамандарға, пән мұғалімдеріне, педагогтік қызметте жекелеген бір мәселелерде қиналатын мұғалімджерге жас ерекшеліктерін ескере отырып, диагностикаланған, сараланған негізде ғылыми-әдістемелік көмек көрсету;

  • Мұғалімдерге педагогикалық білімін өз бетінше көтеру жолдарын үйрету;

  • Оқу сабақтарының барлық түрлерінің өткізілуінің әдістемесін, тиімділігін жетілдіру, әдістемелік апталықтар ұйымдастырып, олардың лицейдегі педагог қызметкерлердің шеберлігін арттыруға ықпал ету;

  • Басқа ғылыми орталықтармен және білім беру мекемелерімен байланыс орнату, педагогикалық ұжымның , мұғалімдердің, жас мамандардың ғылыми-әдістемелік сауытын, өзара тәжірибе алмасу әрекетін, өзін-өзі бағалау, өз білімін көтеру, кәсіби шеберлігін арттыру жолдарын анықтау;

  • Педагог қызметін ғылыми-әдістемелік тұрғыда талдау, бағалау, көмек көрсету, шығармашылық топтардағы ғылыми әдістемелік жұмыстардың жандануына педагогикалық ықпал ету, оқу-тәрбие үрдісінің деңгейін көтеруді әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету, әдістемелік кеңес жұмысының мазмұнын, бағыт-бағдарын айқындау, болжам жасау.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет