Кəсіпорынға сапа менеджментін енгізу



бет1/3
Дата25.04.2023
өлшемі20,17 Kb.
#86893
  1   2   3

Кəсіпорынға сапа менеджментін енгізу

Кəсіпорынның өндірістік тиімділігін арттырудың бірден бір жолы өндірілетін өнімнің немесе ұсынылатын қызметтің сапасын жетілдіру болып табылады.


Өндірілетін өнімнің сапасын арттыру қазіргі таңда ішкі жəне сыртқы нарықтарда өнімнің бəсекеқабілеттілікке ие болуына алып келеді.
Өнімнің бəсекеқабілеттілігі еліміздің беделін жəне ұлттық байлығымызды арттырудың негізгі факторы болып табылады.
ҚР – ның дүниежүзілік сауда ұйымына кіру бағытына байланысты отандық кəсіпкерлер алдында өте күрделі міндет тұр.
Ол өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру арқылы ішкі жəне сыртқы нарыққа бəсекеге қабілетті өнімдерді ұсыну.
Халықаралық тəжірибе көрсеткендей, мұндай жетістіктерге тек сапаны кешенді басқару арқылы қол жеткізуге болады.
Сондықтан сапаны тиімді басқару мəселесі, отандық кəсіпкерлердің бəсекеге қабілеттілігін арттыру үшін өте маңызды. Өнімнің сапасын жəне техникалық деңгейін жетілдіру – ҒТП–ның жəне өндірістік тиімділіктің артуына, сонымен қатар экономиканың қарқынды дамуына, отандық өнімдердің бəсеке қабілеттілігін жəне елдегі халықтың өмір деңгейінің өсуіне жол ашады.
Өнімнің сапасын жақсарту – кез келген кəсіпорын үшін маңызды мəселе.
Өйткені, тек өнімнің сапасын арттыру арқылы фирманың нарықтағы өмір деңгейін, ҒТП–ның қарқынын, өндіріс тиімділігін арттыруға жəне кəсіпорында қолданылатын барлық шикізаттарды үнемдеуге қол жеткіземіз. Өнімнің бəсекегеқабілеттілігі негізгі екі фактор арқылы анықталынады:
1. Өнімнің бағасы.
2. Өнімнің сапасы. Қазіргі таңда өнімнің сапасы бірінші орынға қойылуда. Сондықтан кəсіпорында сапа менеджментін енгізу өзекті мəселе болып отыр. Кəсіпорын өнімінің сапасы неғұрлым төмен болса, соғұрлым бұл кəсіпорын бəсекегеқабілетсіз болып табылады. Кез келген кəсіпорынның бəсекеге қабілеттілігі оның өндіретін өнімінің немесе қызметінің сапасымен анықталады.
Тұтынушылар əрқашан сапалы өнімді төмен бағамен сатып алуды ұнатады. Мұндай талаптарды бизнестің эволюциясы арқылы көруге болады.
Мысалы: 1950 жылдары бизнестің негізі: «өндірістік шығындар мен тарату шығындары + қажетті табыс = баға» болса, ал 1990 жылдары нарықтағы бəсекелестіктің артуына байланысты бизнестің шарты өзгерді.
Өндірушілер келесі формуланы қолдана бастады: «нарықтық баға — өндірістік жəне тарату шығындары = пайда».
Сапа – бұл бірнеше анықтамалардан тұратын өте күрделі философиялық, экономикалық жəне əлеуметтік категория болып табылады.
Əдетте, біз сапаны 70 – белгілі бір критерияларға, нормаларға, талаптарға, стандарттарға сүйене отырып анықтаймыз.
Стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйым (ISO) сапаға келесідей анықтама береді: «Сапа – бұл өнімдер мен қызметтер құрамындағы жиынтық қасиеттері арқылы сертті жəне болжамдалған қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілеті». (ISO 8402-94)
Сапа түсінігімен келесідей түсініктер тығыз байланысты: өнімнің техникалық деңгейі, тауардың бəсекегеқабілеттілігі, сапа көрсеткіштері, сапа ілгегі жəне т.б.
Нарықтың жоғарғы технологиялық деңгейдегі бұйымдар мен сапалы тұтыну тауарларына толығуы – экономиканың толық өркендеуінің белгісін көрсетеді. XX–шы ғасырдың 80-ші жылдары бəсеке қабілеттілікті қамтамасыз етуде сапа негізгі маңыздылыққа ие болды. Əлемдік нарықта тұтынушылардың 80 пайызы тауарды сатып алуда бірінші оның сапасына мəн берді.
Мысалы: Батыс Еуропа елдерінде кейбір тауарлар сапа сертификатынсыз нарыққа шығуына рұқсат етілмейді. Ал, басқа да сертификатталмаған тауарлар, сертификатталған тауарлардан екі есе төмен бағамен сатылуы тиіс деген заңнамалар бекітілген.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет