Йоһанн Кристоф Фридрих фон Шиллер неміс халқының ақыны, философы, тарихшысы және драматургы



Дата07.01.2022
өлшемі19,86 Kb.
#18365

KЯ 18 3

Aida Askhatkyzy

Unit 5. ENGLISH POETS AND WRITERS

Born: Johann Christoph Friedrich Schiller


10 November 1759(1759-11-10)
Marbach am Neckar, Württemberg, Germany

Died: 9 May 1805(1805-05-09) (aged 45)Weimar, Saxe-Weimar, Germany

Дүниеге келді: 1759 жылғы 10 қараша

Марбах-на-Неккаре, Вюртемберг, Германия

Қайтыс болды: 1805 жылы 9 мамырда (45 жаста)Веймар, Саксен-Веймар, Германия

Find the Russian equivalents of the following words.

Encourage – мадақтау, поощрение

Cleric – діни қызметкер, священник

Occasionally – кейде, изредка

An assignment – тапсырма, назначение

Unsatisfying – қанағаттанарлықсыз, неудовлетворительный

Suffer – азап шегу, страдать

Cut – кесу, резать

Inherit – мұрагерлік, наследовать

Instruct in – нұсқау беру, инструктировать в

Descendant – ұрпақ, потоиок

Convince – сендіру, убеждать

Collaboration – ынтымақтастық, сотрудничество

Read and translate the text.

Аудармасы:

Өмірбаян

Йоһанн Кристоф Фридрих фон Шиллер — неміс халқының ақыны, философы, тарихшысы және драматургы. Өмірінің соңғы жылдары (1788-1805) Шиллер сол кездің өзінде атақты және ықпалды Гетемен терең достық орнатып, бұл зор шығармашылық нәтижелерге алып келді: олар эстетика тақырыптарын талқыласып, Шиллер Гетені бұрын бастаған, бірақ кейін аяқтамай кеткен шығармаларын аяқтауына түрткі болды. Осы арқылы қазір Ваймар классицизмі деп аталатын бір ерекше кезең басталды. Сонымен қатар ол екеуі бірге Ксениялар деп аталатын қысқа, бірақ өте уытты сатирикалық өлеңдер жинағын құрастырды. Ксенияларда Шиллер мен Гете өздерінің эстетикалық көзқарастарына қарсы шыққандарды өткір әжуаның астына алды.

     Фридрих туған кезде әкесі жетіжілдық соғыста жүрген еді. Ол әкесі соның әскерінде қызмет етіп жүрген Пруссияның патшасы ІІ Фридрихтің құрметіне Фридрих деп аталды. Бірақ кейін барлығы дерлік оның есімін қысқартып, Фриц деп атап кетті. Әкесі Каспар Шиллер үйге келуге мүмкіндікті сирек табатын, бұл оның анасына көп қиындық туғызатын, бірақ ол анда-санда отбасына келіп тұратын. Кейбір кездері оның әскери қосыны орналасқан жерлерге анасы балаларымен бірге де бара алатын. 1763 жылы соғыс аяқталды. Шиллердің әкесі жаңа жауынгерлерді қабылдайтын қызметке орналасып, Швебиш Гмунд қаласына жіберілді. Отбасын да ол қасына көшіріп алды, бірақ қалада пәтер жалдап тұру бағасы тым қымбат болғандықтан, олар көршілес Лорх ауылына көшуге мәжбүр болды.

      Лорхта Шиллердің отбасы бақытты өмір кешсе де, өзінің жұмысына әкесінің көңілі толмады. Ол жас Фридрихті кейде өзімен бірге жұмысқа апарып тұратын.[4] Лорхта Шиллер бастауыш мектепке бара бастады, бірақ мұғалімі жалқау болып, берген білімі де онша болмады. Сондықтан Фридрих жиі сабақтан қалып отырды.[5] Ата-анасы Шиллердің есейгенде пастор болуын армандайтын, сондықтан сол ауылдың пасторы оны латын және грек тілдеріне үйрете бастады. Ол адам жақсы ұстаз болып шықты, сол себепті көп кейін Шиллер «Қарақшылар» пьесасындағы діни қызметкерді оның атымен пастор Мозер деп атады. Шиллердің өзіне де діни қызметкер болу ұнап, кейде үстіне қара шапан жамылып алып, уағыз айтқан болатын.

      1766 жылы Шиллерлер отбасы Лорхтан Лудвигсбург қаласына көшті. Шиллердің әкесіне үш жыл бойы жалақы төленбей, отбасы жинаған қаражаттарына күн көріп жүрген болатын, бірақ енді ол да бітті. Сондықтан Каспар Шиллер Лүдвигсбург гарнизонына ауысуға өтініш жасады. Бақытты балалық шағының көбі сонда өткен Фридрих үшін бұл оңайға соқпады.

     Көп ұзамай Шиллерді Вурттемберг герцогы Карл Ойген байқайды. Ол 1773 жылы Карл Ойгеннің өзі ашқан Карлсшуле әскери академиясына түсіп, сонда дәрігерлікті үйрене бастайды. Қысқа өмірінің көп бөлігінде ол басқаларды жазуға тырысып жүрген аурулардан өзі жапа шегіп жүрді.

     Карлсшуледе оқып жүргенде Шиллер Жан-Жак Руссо мен Йоганн Вольфганг фон Гётенің шығармаларын оқып, бірге оқып жүргендермен классицизм идеяларын талқыласты. Оқып жүрген кезінде ол өзінің «Қарақшылар» деген алғашқы пьесасын жазды. Онда ақсүйек отбасына жататын екі ағайынды жігіттің оқиғасы баяндалады: үлкені Карл Мур бір топ қиқар студентті орманға ертіп әкетіп, қарақшылықпен айналыса бастайды да, кішісі Франц Мур әкесінің үлкен дәулетін айла-шарғымен қолына түсіріп алады. Пьесаның әлеуметтік әділетсіздікке бағыттаған сыны мен төңкерісшіл республикалық идеяларды қолдағаны көрермендерді қатты әсер етіп, Шиллердің атағын шығарды. Кейінірек осы пьесасы үшін Шиллерге кейін Француз Республикасының құрметті азаматы атағы берілді.

    1780 жылы ол Штутгартта полк дәрігері қызметіне орналасты, қызметі оның өзіне ұнаған жоқ.



    «Қарақшылардың» 1781 жылы Маннхайм қаласында өте сәтті өткен қойылымынан кейін Шиллер тұтқындалып, Карл Ойгеннің өзі оған бұдан былай шығарма жазуға тыйым салды. Шиллер 1783 жылы Штутгарттан қашып, Лейпциг пен Дрезден арқылы 1787 жылы Ваймарға жетті. 1789 жылы ол Йенада тарих пен пәлсапа профессоры болып тағайындалды. Онда ол тек қана тарихи шығармалар жазды. Ол Ваймарға 1799 жылы қайтып оралып, Гете оны қайтадан пьеса жаза бастауға қолқа салды. Гете екеуі ол Ваймар театрының негізін қалап, ол Германияның жетекші театрына айналды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет