Апоптоз-бұл генетикалық бағдарланған ,энергияны қолданумен өтетін ,жасуша өлімінің белсенді процесі. Жасуша өлімінің ерекше түрі.
Апоптоз-кең таралған жалпы биологиялық құбылыс. Ересек организде ол тіндердің оптималды мөлшерін-оларды құрайтын әртүрлі жасушалар санының гомеостазын реттеу қызметін атқарады. Апоптоздың рөлі онтогенездік және эмбриогенездік даму процестері кезінде, атап айтқанда мүшелер морфогенезінде (пішін қалыптасу), мысалы жәндіктердің-метаморфозы, сүт қоректілердің көзі, жүрегі, нерв жүйесі дамуы кезінде өте зор.Тірі болуы организмге қажет емес, ақаулы, мысалы мутанттық , вирус жұққан жасушалар жарамсыз деп табылып, апоптоз арқылы жойылып отырады. Апоптоз бұл қызметі бойынша қажетсіз жасушадан біртіндеп физиологиялық арылу.
Сонымен апоптозды реттейтін қалыпты механизмдер бұзылса, сәйкес процестер өзгеріп апоптоздың күшеюі немесе әлсіреуіне байланысты организм ауруға ұшырайды.
Жұмыстың өзектілігі:
Адам организімінің ең ұсақ бірлігі –жасуша.
Адам организіміндегі осы жасушалардың бірнеше миллионға дейін бөлінуі және сонымен қатар сонша рет жасушаның өлуі ғылымда анықталған.
Жасушаларда өмір сүру ұзақтығы әртүрлі болады.
Ұзақ өмір сүретін жасушалар бар, олар ерекше қызмет атқара отырып ағза өмірінің соңына дейін болады.
Басқа жасушалар, белгілі міндетті орындауда пайда болады.
Мысалы: метаморфоз кезінде, ит балық желбезектері мен құйрығын жоғалтады. Бұл мүшелер жасушаларының өмір сүру ұзақтығы белгіленіп бағдарланған.
В
Жасуша өлімі-бұл тіршілік әрекеті құбылысының жаңадан кері айналмайтын, өсуге, көбеюге қабілетін жоғалтқан тоқтауы.
Қандайда бір жасуша көбеймес (митоз) бұрын өсіп дамиды
Жасушалардың көптеп өлуі митоз процесінде көп жүреді және анық байқалады.