|
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК
Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы
КГКП «Педагогический колледж имени М.О.Ауэзова»
Управление образования Восточно-Казахстанской области
|
Положение
СМК ПП-5.3-88-01
Ғылыми жоба туралы Ереже/
Положение о научном проекте
|
Издание /басылым
1/2017
Стр/бет.
из
|
«М.О Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК
Бағыты: педагогика-психология
Секциясы:
Тақырыбы: Солақай жазатын балалардың даму ерекшеліктері
Орындаған: Кеңесбекова Талшын
Мамандығы, курсы:
«Бастауыш білім беру педагогикасы
мен әдістемесі», 3 курс
Жетекшісі: Зәуре Сабыржанқызы
«М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі»
Абай облысы
2024 жыл
Жоспар
Кіріспе
І. Негізгі бөлім
1.1. Солақай балаларға жалпы сипаттама
1.2. Солақай балалардың психологиясы
Қорытынды
КІРІСПЕ.
Зерттеудің өзектілігі: Солақай балалардың даму ерекшелігін ашып көрсетіп, солақайлардың ерекше дарын иесі екендігі дәлелдеу зерттеу жұмысымның өзектілігі болып отыр.
Зерттеудің мақсаты: Солақай балалардың даму ерекшелігін анықтап, солақайлықтың сырын ашып көрсету.
Зерттеу міндеті: Солақай балалардың даму ерекшелігін зерттеу.
Зерттеу болжамы: Егер солақайлық ерекшелігі бар балаларға қолдау көрсетсек, келешекте солақай балалардан әйгілі, атақты азаматтар шығады. .
Зерттеудің нысаны: Солақай жазатын балалардың даму ерекшеліктері.
Солақайлық — әдетте туғаннан болатын, әрекет жасауда сол қолдың оң қолдан басым болу сипаты.Сәби есейе барып, кез келген нәрсені қолына ұстауға тырысады. Ол алдымен екі қолын бірдей жұмсайды. 18 айға толғаннан бастап ол оң немесе соң қолын көбірек пайдаланады. Бұл кезде біз баланың оңақай немесе солақай болатынын біліп аламыз.Қазіргі уақытта құрсақта жатқан сәбидің солақай немесе оңақай екененін небары 10-11 аптада анықтауға болады екен. Ана құрсағында жатқан нәресте оң қолының бармағын сорса-оңақай, сол қолының бармағын сорса-солақай болып дүниеге келетіндігі анықталған. Ал туылған сәбиді етпетімен жатқызғанда оңақайлар басын оңға бұрып жатса, солақайлар керісінше істейді немесе сол күйі жата береді екен.
Солақайлық әдетте түзетуді қажет ететін нормадан ауытқушылық ретінде қабылданады. Бірақ, солақайлар да нәзік моториканы игереді, психикалық және дене дамуының барлық сатыларынан қалыпты өтеді және толыққанды тұлға болып қалыптасады.
Оң қолдық балалардың қабілетіне қарағанда солақай балалардың қабілеті басым болады. Солақай балалар өте мазасыз болып, тез ашуланады, дұрыс тамақтанбайды, дұрыс ұйықтамайды. Олар үнемі оң қолдыларға шыдамдылықпен, төзімділікпен қарайды, соған бейімделеді. Өткен ғасырларға үңілсек, солақай адамдардың ішінде дарынды, атақты адамдар аз болмаған. Солақайлардың көпшілігінің шығармашылық қабілеттері мол болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |