Жоспар: Баланың тірек-қимыл жүйесінің маңызы, құрылысы, қызметі



Дата30.03.2023
өлшемі21,14 Kb.
#77447
Байланысты:
6 daris tak r b tirek kim l apparat damu n n zhas erekshelikteri men gigienas .


№ 6 Дәріс тақырыбы: Тірек – қимыл аппараты дамуының жас ерекшеліктері мен гигиенасы.
Жоспар:
1. Баланың тірек-қимыл жүйесінің маңызы, құрылысы, қызметі.
2. Баланың белсенді қозғалыс жүйесі.
3. Баланың қимыл-қозғалыстарының дамуы.
Қаңқа – дене құрылымының негізі. Қаңқа дененің құрылым негізін құрап, оның формасы мен көлемін анықтайды. Ол 200-ден астам сүйектерден тұрады.
Балалардың сүйек тканының органикалық заттары мол, сондықтан да ол серпімді, иілімді. Ол оның тура тәрбие бермесе оңай деформатцияға ұшырауына әкеп соқтырады. Жасы келген сайын сүйек құрамындағы органикалық азая түседі. Керісінше минаралды заттар өсе түседі.
Сүйектердің өсуімен дамуы. Жас сүйектер ұзынына қарай шеміршектер арқылы өседі. Шеміршек сүйектің екі ұшына орналасады. өсу тоқтағанда шеміршектер сүйекке айналып кетеді. Сүйектер өскен сайын құрамындағы су мөлшеріде азая түседі.
Ер кісінің сүйектері 20-24 жаста дамуын тоқтадады. Шеміршектері сүйекке айналып, ұзына бойы өсуін тоќтатады. Әйелдер сүйегі ер кісілер мен салыстырғанда өсуін 2-3 жыл алдын тоқтатады.
Омыртқа жотасы. Омыртќа жотасының өсуі алғашқы екі жылда қарқынды жүреді. Алғашқы 1,5 жаста ол бір қалыпты жүреді. 1,5 жастан 3-ке дейін мойын омыртќалары, жоғарғы кеуде омыртқалары өсуін баяулатады. Ал бел омыртқалар жылдам өсе бастайды.
Омыртқаның қарқынды өсуі 7-9 жаста жєне жыныстық жетілу кезінде байқалады. Одан әрі омыртқа көп өспейді.
Омыртқа жотасының ткан құрылымы жасына қарай өзгереді. Омыртқа сүйектері эмбрион кезден басталып бүкіл балалық кезеңде жүріп отырады. 14-жасқа дейін омыртқа сүйектерінің ортасы сүйектенеді. Омыртқа жотасының кейін сүйектенуі бала кезден оның қозғалғыштығын, серпімділігін қамтамассыз етеді. Омыртқа жотасының доғалар түрінде болуы оның басты сипаты. Ол балалардың жеке дамуы кезінде қалыптасады. Ең ерте бала басын ұстай бастағанда мойын иіні пайда болады (лордос).
6 айда бала отыра бастағанда кеуде иіні пайда болады(кифоз). Бала орнында тұра бастағанда бел лордозы пайда болады. Бел лордозы пайда болуына байланысты масса түсу нүктесі артқа қарай ауысады. Ол оның құламауын қамтамасыз етеді.
1 жаста омыртқа жотасының бар иәндері пайда болып үлгереді. Бірақ ол иіндер толық бекімеген, бұлшықет сәл босаңсыса болғаны леформацияға ұшырайды. 7 жаста мойын, кеуде иіндері айқын болса, бел иіні 12-14 жаста ғана айқындалады.
Кеуде торы. Кеуде торы жасына байланысты өзгеріп отырады. Еметін балаларда ол жанынан сығылған пішінде болады. Ересек адамдарда оның көлденеңі ұлғая түседі.
Кеуде торының қалыптасуына физикалық жаттығулар және отыру әсер етеді. Физикалық жаттығуларға байлантыс ол кең, ендірек, жалпақ болады. Ұзақ уақыт дұрыс отырмағанда, кеудесімен алдындағы стол шетіне сүйенгенде кеуде деформацияға ұшырайды. Ол дегеніміз кеудеде орналасқан жүректің, өкпенің, ірі қан тамырларының дамуына зиянын тигізеді.
Аяқ қаңқасы. Аяқ қаңқасының сүйектенуі ерте басталып 18-20 жаста барып аяқталады. Саусақтар сүйектері 11 жаста, білезік сүйектері 12 жаста сүйектеніп бітеді. Осыны педагогикалық практикада есте сақтау керек.
Толық сүйектенбеген білезік шаршағыш келеді. Сондықтан да бастауыш оқушылары жылдам жаза алмайды. Білезікті біртіндеп үйретуге болады. Музыка аспаптарында ойнау білезік сүйектерінің кеш сүйектенуіне себеп болады. Музыка аспаптарында ойнайтын балалардың саусақтарының ұзын болатыны сондықтан.
Жасөспірімдер жамбас омырқалары біртіндеп қатаяды, сөйтіп жамбас сүйегіне айналады. Қыз балалар биіктен секірген кезде, биік бізөкше туфлилер кигенде жамбас сүйегінің орныны өзгеріп кетуі мүмкін. Ол кейінен олардың босануын қиындатуы мүмкін.
Табан толарсақ сүйектерінен және аяқ саусақтарынан құралады. Адам аяғы иін түзеді (свод). Ол иін жерге өкше және саусақтар ұшы арқылы тізіледі. Табанның ұзынша және көлденең иіндері болады. Ұзынша иін тек адамға ғана тән, ол адамның тік жүруіне байланысты пайда болған. Осы табан иіндері арқылы адам салмағы бірдей таралып отырады. Ол әсіресе адамдар ауыр нәрсе көтергенде маңызды. Иін пружина сияқты, жүрген кезде дене ұрынуы майысып жеңілдетіп отырады.Жаңа туған балада табан иіні онша көрінбейді. Ол балалар жүре бастағанда барып қалыптасады.
Бас сүйегі. Оның екі бөлігі бар: микорабы және бет бөлігі. Жаңа туған балалардың бас сүйектері бір бірімен жұмсақ дәнекер ткандары арқылы байланысады. Осы жарғақтар сүйектер байланысқа жерде жұқа болып келеді. Ол қосылатын сүйектер көбейген сайын арта түседі. Бұл балалардың еңбегі. Еңбектер төбе сүйектің (теменная кость) барлық бұрышында да бар. Оларда тақ маңдай және шүйде, сондай-ақ жұп алдыңғы самай және артқы жақтау еңбектері болады. Осы еңбектерінің арқасында бас сү.йектері бір-біріне айқаса алады. Оләсіресе балар босанған кезде туу жолдарынан шығуында маңывзды рөл атқарады. Кіші еңбектері 2-3 айда бітіп кететін болса, маңдай еңбегі сипалағанда білініп тұрады да, бала 1,5 жасқа келгенде ғана бітеді.
Жаңа туған балалардың бас сүйегінің бет бөлігімен салыстырғанда ми қорапшасы жақсы дамиды. 13-14 жасқа дейін ми бөлігі жақсы дамыса, осыдан кейін барып бет бөлігі жақсы дамиды. Жаңа туған балалардың ми бөлігі бет бөлігінен 6есесге жуық үлкен болса, ересек адамдарда ол 2-2,5 есе ғана үлкен болады.
Бсатың өсуі балалық кезеңінен бар этапында да байқалады. Ол әсіресе жыныстық жетілу кезінде қарқынды жүреді. Жасына орай бастың биіктігі мен бой ұзындығының арақатынасы айтарлықтай өзгереді. Осы арақатынас балалардың жасын анықтауға пайдаланылады.
Бұлшық ет көлемі мен күшінің жасына қарай өзгеруі.
Зерттеулер 7-11 жас балаларда бұлшықет күшінің төмен болатынын көрсетті. Күш, әсіресе статикалық жаттығулар оларды тез шаршатады. Бұл жастағы балалар қысқа мерзімді жаттығулар ғана жасай алады. Десекте төменгі класс оқушыларын статикалық тұрысын сақтауға үйрету керек (статических поз). Статикалық жаттығулар тура тұлға үйренумен сол қалпын сақтауға үйретеді.
Бұлшықет күші жасөспіпімдерге қарқынды дами бастайды 13-14 жаста олардың жыныстық өзгешіліктері айқын аңғарыла бастайды. Балаларда әр түрлі бұлшықет топтарының дамуы әр қалыпты жүретінін дене тәрбиесі мен спортпен айналысқанда ескеру керек.
Әртүрлі бұлшықет жұмыстары кезінде шаршау және оны жасына байланысты ерекшеліктері. Физикалық жүктемеге шынығу әртүрлі бұлшықет жұмысын жасағанда маңызды орын алады. Шаршау деп организмнің жұмыс істегенде уақытша жұмыс қабілетін төмендетуін атайды. Физикалық шаршау ұзақ уақыт физикалық жұмыстан кейін пайда болады. Оның айқын көрінісі жиырылған бұлшық еттер қайта ұзарып қалпына келмей қояды. Физикалық жұмыс қабілетінің төмендеуі біріншіден бұлшықеттерде болатын өзгерістерге байланысты болса, екіншіден орталық нерв жүйесінде болатын өзгерістерге байланысты болады.
Балалардың физикалық жұмысқа қабілеті осы орталық нерв жүйесі мен шеткі нерв жүйелерінің арасындағы байланыстың қаншалықты дамығандығына байланысты. Бала жас болған сайын ол тез шаршап қалады. Балаларды физикалық жүктемеге дайындауда 6 жас шешуші кезең болып табылады. Себебі осы кезең қаңқа бұлшық еттерінің жоғарғы энергиялық мүмкіндіктерімен сипатталады. Сонымен бірге әлі сабаққа бармаған балалардың қаңқа бұлшық еттері толығымен жүктеліп бітпеген болады. Физикалық жұмыс қабілеті 15-16 жас балалар мен салыстырғанда жас балаларда 2,5 есеге дейін төмен болады. Балаларда физикалық жұмысқа қабілетінің артуы оларда тәрбиелегенде физикалық жұмысты ақыл ой жұмысымен жиі алмастырып отыруға мүмкіндік береді.
Оқушылардың қозғалу режимімен гиподинамиканың зияндылығы.
Жан-жақта гормониялық физикалық даму үшін, қозғалу қасиеттерімен дағдыларын жетілдіру үшін қимылдардан басқа балалар табиғи тәуліктік қимылды керек етеді.
Балалардың тәуліктік қозғалу активтілігін табиғи локомация көлемінен көруге болады. Еркін жазда далада жүрген 7-10 жасар балалар 16 мыңнан аса қозғалыс жасай алады. Жас өспірімдерге тәуліктік локомоция 8-9 жастағы балалармен салыстырғанда 35% ке жоғарылайды, жұмыс көлемі 160% ке артады.
Қыз балалардың табиғи тәуліктік активтілігі ер балармен салыстырғанда төмендеу болады. Сондықтанда оларда физикалық дене тәрбиесін ұйымдастыру керек.
Мектепте және үйде дене тәрбиелік үзілістер денетәрбиесі сауықтыру жұмыстарының бір бөлігі ғана болып табылмайды, сонымен бірге ақыл ой жұмысының төмендеуіне кедергі болып табылатын актив демалудың керекті шамаларының бірі болып есептелінеді.
1-2 класс оқушыларын күнделікті үшінші сабақтан кейін 15-20 минутқа ойнауға алып шығу керек. Осындай еткенде олардың ақы ой жұмысы 3-4,5 есеге дейін артады.
Балалар мен жасөспірімдердің тірек-қимыл аппаратының бұзылуы.
Адам денесінің жүргенде, тұрғандағы, отырғандағы және жұмыстағы үйреншікті дене тұрысы-келбеті, сымбаты деп аталады. Адамның дұрыс мүсіні омыртқа жотасының табиғи иіндерімен, иықтың тең симетриялы орналасуымен, басы жоғары, аяқтары тік, табандары жалпаймауымен сипатталады. Тура келбеті болғанда қозғалу органдар жүйесі қалыпты қызметте болады, ішкі органдар дұрыс орналасады, салмақ орталықтарының түсу нүктелері дұрыс болады. Рационалды емес режим, әр түрлі аурулардың салаларына байланыс бұлшық ет аппаратарының нашарлауы, дене тәрбиесіннің дұрыс жүйеге қойылмауы, ересектердің балалар тәрбиесіне дұрыс көңіл аудармауы балар дене бітімінің қалыпты дамымауына әкеп соқтырады. Осы режим бұзылу табиғи омыртқа жотасына иіндерінің ұлғайуына, бүйірлеріне қисайуына, қанат тәрізді жауырын пайда болуына, иық белдеуінің ассиметриясына, кеуденің жалайып кетуіне әкеп соқтырып, кеудеде орналасқан органдар қызметінің бұзылуына әкеп соқтырады. Зат алмасуын бұзады, жұмыс қабілетін төмендетеді. Жас өспірімдер мен ересек адамдардың жұмыс өнімділігін азайтады. Бұл ауытқулар сонымен бірге адам келбетін де нашарлатып, сымбатын түсіреді.
Қыз балалардың омыртқа жотасына қисайуы жамбас қуысының өзгеруіне, кішіриуіне әкеп соқтырады. Ол әрине олардың босануына кері әсерін тигізеді.
Нашар дамыған балалар әдетте келбеті бұзылады, омырқалары да оңай қисаяды. Олардың көбі жас кезінде ауырған рахит сияқты аурулардың салдарынан, аяқтары кеуделері қисайып қалады, май табанға айналады. Оқытушылардың, ата аналардың жөнді қарамауынан мектепке келгенше болған келбет бұзылуы одан сайын ұлғайып кетеді.
Адам келбеті негізінен 6-7 жаста қалыптасады.Басқада дағдылар сияқты тура денені тік ұстап жүру, жұмыстарды тұрып істеу, тақта алдында тұру, партада отыру, үйге сабақ дайындағанда столда отыру жүйелі түрде қайталап отыруды қажет етеді. Балалар келбетін, сымбатын, қалыпатастыратын қозғалу дағдысының қалыптасуы ерте бастан, ұзақ уақыт қалыптасады. Бала сымбатының бұзылуы баланы уақыты жетпей жастықтармен қоршап отырғызу, қолда тура алып жүрмеу, уақытынан бұрын жүруге үйретуге талпыну, серуендеткенде ылғи да қолынан жетектеп жүру сияқты дағдылар, әдеттерге байланысты болады.
Мектепкее дейінгі бала сымбатының бұзылуы табанының май басудан, сурет салғанда дұрыс отырғызбаудан, жұмыс істегенде бойына сәйкес келмейтін құрал- саймандармен жұмыс істегеннен болады.
Мектепке барған кезде оған қозғалу активтілігінің шектелуі, амал жоқ отыруына байланысты статикалық нагрузканың артуы, бір қолмен ауыр ішінде кітап дәптер бар сөмке көтеруі сияқты нәрселер қосылып бала сымбатының одан әрі бұзылуына себеп болады.
Бала сымбатының бұзылуына, омыртқасының қисаюына түңгі ұйқыныңда дұрыс ұйымдастырмауы себеп болады. Ол енсіз қысқа кереует, жұмсақ перина-құс төсек, биік жастықта себеп болады. Ылғи бір жағымен жату, итше бүрісіп жату сияқты жаман әдеттерде қан айналуын бұзады, омырқаның қиық бітуіне себеп болады.
Бала сымбатының бұзылуна және ішкі органдардың қызметі бұзылуына қарнынан жоғары белдіктен қысып таңып тастауда себеп болады. Осының салдарынан құрсақ қуысы органдарының қызметі, дұрыс, терең тыныс алу, омыртқа жотасын ұстап тұратын көптеген бұлшық еттердің координациялық жұмысы бұзылады. Егерде организмді жалпы сауықтыратын раионалды күн тәртібін гигиеналық жағынан толыққанды ұйқы, тамақ, шынығу болған жағдайда, оқушылар әртүрлі физикалық жаттығулармен айналысқанда, еңбекке баулу, қоғамдық пайдалы жұмыстар балалардың жыныс-жас ерекшеліктеріне орай ұйымдастырылғанда оқушылардың сымбатын оңай тәрбиелеуге, қалыптастыруға болады.
Жалпақтабан. Жалпақтабан табанның ұзына бойы және ені иіндерінің бір шама, не толық тегістеліп кетуіне байланысты болады. Бұл балалар мен жасөспірімдер арасында жиі кездесетін дефект. Оны балалардың аяқтары ауруымен, жылдам шаршап қалуымен, әсірісе ұзақ серуендерге, экскурсияларға, жорықтарға шыққанда табандары ауруынан байқауға болады.
Қалыпты табанның иіні жоғары болғанда тірек жасалынатын аудан табан енінің 1/3 бөлігінен артпайды. Егер тірек ауданы 50-60% тен асса –табанның майтабанға айналғандығы. Толық майтабан болғанда табанның барлық бөлігі жерге тиіп тұрады.
Майтабан көбіне кейін пайда болады. Оның пайда болу жолдарын статикалық, травмалық және параличтік деп үшке бөледі. Статикалық майтабан балаларда біртіндеп пайда болады. Оның себебі байланыстар, бұлшықетке және табан сүйектеріне нагрузканың шамадан тыс болуына, аяққа қалыпты аяқ киімдер кимеуінен пайда болады. Атап айтсақ өкшесіз пима, сияқты киім киуінен болады. Көбіне майтабанға рахитпен ауыраған балалар ұшырайды. Травмалық майтабан көбіне табаның, тілерсек буынының, қайықшаның жарақатынан кейін пайда болады. Параличтік майтабан нерв жүйесі ауруларынан кейін пайда болады. Майтабанның алдын алу шараларына балаларды дұрыс жүруге тәрбиелеу жатады. Аяқ ұшы жүрген кезде, тұрған кезде алға қарауы керек. Табанға түсетін салмақ өкшеге, бірінші және бесінші аяқ саусақтарына түсіп, табанның ішкі иіні салбырап тұрмауы керек. Табанға иінін ұстап тұратын бұлшық еттерді шынықтыру мақсатында ой-шұқыр, бірақ құм, жұмсақ топырақ сияқты жерлермен жүру керек. Жүрген кезде мезгіл-мезгіл аяқ саусақтарын жиырып-босатып, жиырып-босатып отыруы керек. Табан кеселдерінің алдын алу мақсатында азынға дене шынықтыру жаттығуларының ішінде аяқ ұшымен, өкшемен жүру, ішкі және сыртқы табан шеттерімен жүру, секіріп түсу сияқты жаттығулар болуы шарт. Ол үшін арнайы тренажерлар да пайдалануға болады. Табан иіндерінің тура қалыптасуына волейбол, футбол ойнау да әсер етеді.
Гигиеналық талаптарға сай аяқ киім киу де өте маңызды. Ол аяққа көлемі –размері бойынша сай келуі керек. Аяқ саусақтарын сықпайтын, өкшесі жалпақ, биіктігі 1,5-2,0 см болуға тиіс. Қыздардың сымбаты бұзылмас үшін өкшесі 4-5 см келетін биік өкше аяқ киімдер кимеулері керек.
Майтабанға ұшыраған болса, арнайы сауықтыру жаттығуларына, аяқ ваннасы, массаждарға қосымша дәрігерлердің көрсетуімен кәдімгі аяқ киім ішінен киетін қосымша-супинатор немесе арнайы ортопед аяқ киімін киюлері керек.
Оқушылардың жан-жақты дене тәрбиесі, жалпы дамытатын не арнайы жаттығуларды үйде де, мектепте де жасау – тірек-қимыл аппараты бұзылмауының кепілі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет