1 билет Онкологияны зерттеу пәні мен әдістері Ойылу және ойылудың алдын алу шаралары



бет1/30
Дата18.06.2023
өлшемі1,15 Mb.
#102117
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
онкология билет ответ


1 билет
1.Онкологияны зерттеу пәні мен әдістері
2. Ойылу және ойылудың алдын алу шаралары
Жауап
1.Онкологияны зерттеу пәні мен әдістері
Онкология (грек. oncos – өскін, ісік және logos – ілім) – медицина ғылымының ісік ауруларының пайда болу себептерін, даму жолдарын, клиникалық белгілерін анықтап, емдеу, олардан сақтану жолдарын зерттейтін саласы.
Онкология 20 ғ-дың басында экспериментальді медицинаның қол жеткен жетістіктерінің негізінде 3 бағытта дамыды: вирустық Онкология (негізін салғандар француз ғалымы А.Боррель, 1903; америкалық Ф.Роус, 1911); химиялық Онкология (жапон ғалымдары К.Ямагива, К.Итикава, 1915); радиациялық Онкология (француз ғалымы А.Лакассань, 1932 және т.б.). Қазақстанда Онкология ғылымының дамуына ҚазКСР Мин. Кеңесінің “Рак жөніндегі ғылыми-зерттеулерді үдету және халыққа көрсетілетін онкологиялық көмекті жақсарту шаралары туралы” Қаулысының (1959) ықпалы зор болды. Сол жылы Қазақстан ғылым академиясының жанынан онкология сектор ашылып, 1960 ж. ол Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты болып қайта құрылды.
Қазақстанда Онкология мен радиология саласындағы негізгі ғылыми жұмыстар: республика тұрғындарының географиялық орналасуын, олардың қатерлі ісікке шалдығуын, аурудың одан әрі асқынып, жайылу себептерін жан-жақты зерттеуге бағытталған. Уытты ісікті анықтау, одан арылу шараларын іздестіріп, сақтану әдістері, қатерлі ісіктерді хирургиялық жолмен, сәуле түсіру әдісімен емдеу тәсілдері жетілдірілді. Республикада Онкология саласындағы ғылыми зерттеулер Онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында, Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтының, Қазақ ұлттық медицина университетінің, Астана, Қарағанды, Семей, Ақтөбе медицина академияларының арнайы кафедраларында жүргізіледі. Қазақстанда Онкологияның дамуына С.Нұғыманов, С.Балмұханов, Ж.Әбдірахманов, О.Смахтина, Н.Количева, М.Қайрақбаев, Н.Әжіғалиев, т.б. ғалымдар үлкен үлес қосты.
2.Ойылу және ойылудың алдын алу шаралары
Ойылу – қысым арқылы тері, тері асты
ұлпаларының, бұлшықеттерінің, некроздануы,
және сұйық қабыршағының зақымдануы.
Ойылудың белгілері: терінің бозаруы;терінің қызаруы;көк дақ пайда болуы;ұлпалардың ісінуі;
терінің сырылуы;тері асты зақымдануы;бұлшық ет зақымданып,сүйекке жетуі.
Пайда болу себептері Ауыр халдегі науқастардың күтімді уақытында алмауынын;
Дымқыл, лас іш киім;Төсек бүктемелерінен;Жеке бас гигена сақталмауынан, кірлену;
Салдану, егде жас, анемия,зат алмасу үрдісінің бұзылуы
Науқастың ұзақ уақыт бір қалыпта болуы,жайылған ісінулер,зәр нәжістің ұстамауынан
Ойылулардың алдын алу:
1. Науқастың төсектегі қалпын әр 2 сағатта ауыстыру.
2. Үнемі төсек-орын, іш-киім жағдайын бақылап отыру, төсек
орын жапқыштарын тегістеу, дымқыл және кір іш киімді дереу
ауыстыру.
3. Терісін күніне 2-3 рет сабынды суық сумен жуып отыру,
камфор спиртіне немесе одеколонга матырылған сүлгімен
сүрту, ұнтақ себу.
4. Резеңке шеңберлер қолдану.
5. Науқастарды уақытында жуындыру және әр дәретке
отырғаннан кейін астын шайып жуу.
Науқастың төсектегі қозғалыс қалпы:
1.Белсенді
2.Мәжбүр
3.Енжарлы
Науқастың төсектегі дене қалыптары :
1. Фаулер қалыпта жату – науқас жастықсыз
кереуеттің ортасына арқасымен немесе шалқасынан жатады.
Функционалды кереуеттің бас
жағын 45-60˚С жоғары көтеру керек
немесе үш жастықты бір-біріне қою керек. Жоғарғы Фаулер
жағдайы – 90˚С, ал төменгі Фаулер жағдайы -30˚С-қа
көтеру керек. Фаулер қалыпта жатуды - өкпе, жүрек демікпесінде,
гипертониялық кризде, тері ойылуда қолдануға болады (сурет).

2. Симс қалыпта жату – науқасты бір қырынан жатқызу


керек.Төменгі қолы арқасына қарай созылып, ал екі аяғы
жеңіл тізесінен бүгіледі. Жоғарғы аяғы алдына таман
қаттырақ бүгіліп, төменгі аяғы төсекте созылып жатады.
(сурет)

Науқасты ішімен жатқызу


Науқасты бір қырымен жатқызу

2 билет




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет