Жоспар: Дыбыс туралы түсінік және оны сипаттайтын физикалық шамалар



бет1/4
Дата29.01.2023
өлшемі0,87 Mb.
#63574
  1   2   3   4

Есту биофизикасы
Қожа Ахмед Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Дайындаған:Дадаханов Б.
Қабылдаған:Аймаханов М.
Тобы:ЖМ-204
Жоспар:
1.Дыбыс туралы түсінік және оны сипаттайтын физикалық
шамалар.
2.Дыбыстың интенсивтілігі, қаттылығы және жиілікке
тәуелділігі. Дыбыстың түрлері.
3.Құлақтың құрылысы.
4.Сыртқы құлақтың есту ерекшелігі, дыбыс бағытын анықтау.
5.Ортаңғы құлақтың есту ерекшелігі, есту сүйектері және
олардың міндеттері.
6.Ішкі құлақтың есту ерекшеліктері, биопотенциалдың пайда болуы.
7.Диагностикалық құралдар: тимпанометрия және аудиометрия.
Дыбыс деп, серпімді ортада тарайтын, жиілігі 16 Гц-тен 20000 Гц аралығындығы жататын механикалық тербелістерді айтады. Мұндай тербелістер адамның сезім мүшесі құлаққа әсер етіп, есту түйсігін тудырады.
Дыбыс туралы ғылым - акустикада қолданылатын кейбір физикалық түсініктерді қарастырайық.
Алдымен дыбыстың энергетикалық көрсеткіші болып табылатын дыбыс интенсивтілігі (күші) деген шамамен танысайық. Дыбыстың интенсивтілігі деп, дыбыс толқыны тарайтын бағытқа перпендикуляр орналасқан бірлік аудан арқылы өткен толқынның энергия шамасын (көлемін) атаймыз, ол мына түрде беріледі:
I=E/S*t
мұндағы І- дыбыс толқынының интенсивтілігі, E- энергиясы, S- аудан, t- уақыт.
Қалыпты жағдайда адам құлағы әр түрлі жиіліке сәйкес келетін интенсивтілігі әр түрлі дыбыстардың кең аймағын естиді. Адам құлағының дыбысты естуі қабілетін сипаттау үшін жиілігі 1 кГц сәйкес келетін дыбыс толқынын қолданады. Жүргізілген зерттеулер 1 кГц жиілікке сәйкес келетін, адам құлағы ести алатын ең төменгі стандарттық (эталондық) дыбыс интенсивтілігінің (күші) мәні І0=10-12 Вт/м2 тең болатындығын анықтады. Бұл шама дыбыс қысымы бойынша 210-5Па тең және оны естудің төменгі табалдырығы деп атайды, яғни мұнан төмен дыбыс интенсивтілігін құлақ естімейді.
Жалпы, интенсивтілік деңгейі L=130 дБ немесе интенсивтілігі І=10 Вт/м2 болатын дыбыстар адам құлағында ауырсыну тудырады, яғни өте қатты естіледі және оны естудің жоғарғы табалдырығы деп атайды. Жай сыбырлаған сөзге сәйкес келетін дыбыс интенсивтілігінің деңгейі 20-30 дБ, қатты айқай 80 дБ, стетоскоптағы жүрек тоны 10 дБ, дискотекадағы музыка дыбысы 120 дБ тең болады


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет