Жоспар: Функционалдық сауаттылықтың сипаттамалық белгілері Математика сабағындағы негізгі сауаттылық



бет1/3
Дата08.12.2023
өлшемі32,79 Kb.
#135014
түріРеферат
  1   2   3

РЕФЕРАТ

Жоспар:

1.Функционалдық сауаттылықтың сипаттамалық белгілері 2.Математика сабағындағы негізгі сауаттылық:


3.Оқушылырдың математикалық сауаттылықтарын қалыптастырудың кейбір жолдары.
4. Практикалық жұмыс

Білім беру жүйесі жыл сайын әр түрлі өзгерістерге ұшырап отыр. Бұл өзгерістердің басты мақсаты - өсіп келе жатқан ұрпақты жан-жақты дамыған, құзыретті азаматтар етіп тәрбиелеу. Осы мақсатқа жетуге функционалдық сауаттылық көмектеседі.


ЮНЕСКО-ның анықтамасына сүйене келе сауаттылық деген сөз тұлғаның оқу, түсіну және күнделікті өмірге қатысы бар қарапайым қысқа мәтіндер құрастыра алуы екен. Сондай-ақ сауаттылық деп әлеуметтік қатынастар жүйесінде қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ететін минималдық дағдылар жиынтығы. Белгілі бір жағдайларда бұл дағдылар жиынтығы әр түрті деңгейде болатындығына байланысты қазіргі білім беру тәжірибесінде«функционалдық сауаттылық» термині қолданылады. Бұл терминнің анықтамасы - адамның сыртқы қоршаған ортамен карым-қатынас орната алуы және ол ортаға жылдам бейімделуі.
Соның бірі функционалдық сауаттылықты дамытудағы білім мазмұнының жаңғыруы – сындарлы оқыту теориясына негізделгендігі. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
Сондай-ақ оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі басты назарға алынады. Оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас түбегейлі өзгерісті керек етеді. Яғни дәстүрлі оқулардағы оқытушы мен шәкірт арасындағы көп жағдайлар оқушы көңілін қанаттандыра бермейтін қалыптасқан заңдылықтар ұстаз бен шәкірт арасындағы серіктестік қарым-қатынасқа ауысады.
Сонымен қатар оқушыға қалай оқу керектігін үйрету, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни ойлай алатын, пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру.
Сонымен мектеп тәжірибесінде табысты қолдануға ықпал ететін әдістемелік сипаттағы бірқатар жалпы ұсыныстардан тұратын сындарлы оқытудың (бағдарламаның) жеті модулі:

  • оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;

  • сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;

  • оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;

  • оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;

  • оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу;

  • оқытудағы басқару және көшбасшылық болып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет