Жоспар І кіріспе ІІ негізгі бөлім қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жж.). Қазақстан «Хрущев декадасы»



бет1/15
Дата08.12.2023
өлшемі60,24 Kb.
#135407
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15



ЖОСПАР
І КІРІСПЕ
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жж.).

  2. Қазақстан «Хрущев декадасы» жылдарында (1953-1964 жж.).

  3. Қазақстан 1960 жылдың екінші жартысы мен 1980 жылдардың бірінші жартысында.

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе
Соғыс аякталысымен экономиканың бір орталыққа бағындырылу ғана тиімді деген сенім орнакты. Соғыс пен жеңіске нек арта отырып, таңдап алатын даму үлгісінің дүрыстығы ретінде, сталиндік партия мемлекеттік насихаты директивалық тарату жүйесінің әр жақты екендігі жайлы ойды бұқараның санасына күштеп кіргізді. Төтенше жағдайсыз шынында өзінің мобилизацияланған жағдайында жұмыс істеуге қабілет мүмкіндігін жоғалта бастағаны айқын бола бастады. Сондықтан соғыстан кейінгі алғашқы жылдардың өзінде ешқандай негізсіз тенденциялар айқын көріне бастауы кездейсоқ емес.
Олардың қимылдары соғыс пен апаттың зардабын ұлғайтып 1946 ж. ауылшаруашылығының осы жылдың көктем мен жазында құлдарауына әкелді. 1891 және 1921 жылдарға қарағанда соғыстан кейін тым күшті қауіпті кұрғақшылық Молдавия, Украина, Орта қаратопырақты территорияларынан көп білініп, ол төменгі Паволжье, Приморск аймағын және еліміздің басқа аудандарын қамтыды. Егістік алқаптардың 4,3 млн. га ауданы қуаңшылыққа ұшырады. Жүздеген мың гектар жерге егілген тұқым астықтың орнын толтыра алмады. Еліміздегі орташа астық түсімі 4 центнерден зорға асты (Қазақстан бойынша - 5 ц.). Астықтың жалпы түсімі соғысқа дейінгі деңгейге қарағанда орта қара топырақты облыстар және Паволжьеде небәрі 17,9 %, Укранина және Солтүстік Кавказда - 30,6 %, Сібір мен Қиыр Шығыс аудандары - 54,1 % (Қазақстанда 97 % сәттілеу болды). Тұтас еліміз бойынша соғысқа дейінгі деңгейдің 36,9 % шамасында өнім жиналды. Молдавия, Украина және басқа аудандарды аштық жайлады. Адамдар өздерін және балаларын аштықтан сақтап қалу үшін, «Нәубет жылындай» (1923-1933 жж.) егістік алқабынан бір уыс астық, бірнеше масақ үзіп алып, немесе бір-екі картоп түйірлерін жасырып алып шығуға тырысты.
Мемлекет қиын-қыстау жағдаймен санаспай қоғам қамбаларындағы ең соңғы бидайға дейін сыпырып әкететінін білетін кейбір колхоздар міндетті тапсырыстық есебін айырмай жатып еңбек күн есебін борыш ретінде және қоғамдық асханаларға астықпен бере бастады.
Мемлекеттің жазалау акциясы өзін көп күттірмеді. Бұқаралық жазалау тәжірбиесінен (1932-1933 жж. ашаршылықта, шаруаларды «бес масақ жөнінде» қозғалған іс арқылы айыптаған) қорытынды шығара келе, алдын ала санкция қарқынын өрістетті.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет