Жоспар. I. Кіріспе. II. Негізгі бөлім



бет1/3
Дата01.03.2023
өлшемі27,73 Kb.
#70632
  1   2   3

Жоспар.
I.Кіріспе.
II.Негізгі бөлім.
2.1.Табиғи апаттар
2.2.Жер сілкінісі
2.3.Көшкіндер
III.Қорытынды.
IV.Пайдаланған әдебиеттер.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдай — бұл табиғи апаттардан (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны), табиғи өрт, эпидемия мен эпизоотиядан, ауылшаруашылық өсімдіктері мен ормандардың аурумен және зиянкестермен зақымдануынан туындайтын төтенше жағдай.
Ел аумағының әртүрлі табиғи, таулы геологиялық және геодинамикалық жағдайлары оның табиғи апаттарға ~ жер сілкінісіне, су тасқынына, селге, желге, көктайғаққа, қар көшкініне, дауылға, орман және дала өртіне, тем-ператураның шұғыл төмендеуіне, қарлы боранға, эпидемия мен эпизоотияға ұшырауын анықтайды.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың өздері сан алуан. Сондықтан туындау себептеріне (жағдайларына) орай оларды: геологиялық, метеорологиялық, гидрологиялық (гидрометеорологиялық), табиғи өрттер, жаппай аурулар топтарына бөледі.
Жер сілкінісі — бұл, негізінен, геофизикалық себептерден туындайтын жерастылық дүмпулер мен жер бетінің тербелістері. Жер бетіндегі топырақ қабаты тербелісінің қарқындылығы бойынша жер сілкіністерін жіктеу 5-кес-теде ұсынылған.
Жер сілкінісінің тікелей салдары үрей болып табылады, бұл кезде адамдар қорқыныштан өздері және айналасындағылар үшін ақылға сыйымсыз, қауіпті әрекеттер жасайды және өзін-өзі құтқару мен өзара көмек шараларын саналы түрде ұйымдастырып, жасай алмайды. Үрей әсіресе адамдар шоғырланған жерлерде: ұйымдарда, кәсіпорындарда, оқу орындары мен бала-бақшаларда, жатақханаларда, ортақ пайдаланылатын орындарда ерекше қауіпті.
Біздің ғаламшардағы жер сілкіністерін бір жыл ішіндегі саны (қайталану жиілігі) бойынша жіктеу 6-кестеде ұсынылған.
Адамдардьщ жарақаттануы мен опат болуы, негізінен, қираған ғимараттардан, құрылыстардың сынықтарынан және құлаған заттардан, сондай-ақ үйінділердің астында қалу мен аз уақытында көмек көрсетілмеуден орын алады. Жердің қозғалысы адамдардың құрбан болуына өте сирек жағдайларда ғана тікелей себеп болады.
Сондай-ақ жер сілкінісі салдарынан туындайтын екінші реттік факторлардан (өрт, өнеркәсіп және көлік апаты, зақымданған инженерлік және энергетикалық желілер) да зардап шегуі мүмкін.
Құрбандардың көпшілігі күшті тербелістер әсерінен ғимараттардың, құрылыстардың шайқалуы, қирауы кезіндегі заттардың, әйнектердің, тастардың, қабырғалардың және т.б. құлауының нәтижесі болып табылады. Адамдардың жарақаттануы мен опат болуының себептері сан алуан болған кездің өзінде, жер сілкінісіне алдын ала байыппен дайындалып, іс-әрекеттерді ойластырып және бірқатар ұсыныстарды орындаған кезде зардап шегушілер санын айтарлықтай азайтуға болады.
Әрбір жер сілкінісінен қорқа бермеу керек. Салыстырмалы түрде әлсіз жер сілкіністері (5 балға дейінгі), әдетте, залал келтірмейді. Алайда егер мҰндай жер сілкінісінде тербелістер күші бірден немесе біртіндеп 5-6 балға жетсе, онда есте ұстау керек — бұл қауіпті белгі. Әдетте, бұл тербелістер (оқиғалардың 1/3-і) 7 және одан да көп балға жете отырып, күшейе түседі.
Егер 8-9 балдық жер сілкінісі басталса, онда 5-6 балдық дүмпулер пайда болған сәттен бастап ең күшті тербелістерге дейін, яғни ғимараттың қирау қаупі туындағанға дейін 12-20 секунд қана өтеді. Неғұрлым күшті тербелістер, әдетте, бірнеше ондаған секундқа созылып, ғимаратты қатты шайқайды. Одан кейін тербелістер, шамамен 30 секунд және одан көбірк уақытқа бәсеңдейді.
Ғимараттың берікілігін( осы уақыттағы орналасқан орнын) және аталған уақыт шамасын (12-20 сек) есепке ала отырып, күшті жер сілкінісі кезінде саналы әрекет тәсілін таңдауға болады не ғимарат ішіндегі салыстырмалы түрдегі қауіпсіз орынға бару, не тезірек шығып кетуге әрекеттену.
Қатты жер сілкінген кездегі оңтайлы шешім — бұл ғимаратты тастап шығу, сондықтан ең күшті тербелістер мен дүмпулерге дейінгі 15-20 секунд есебімен қозғалыс жолын алдын ала белгілеп алу қажет.
Жер сілкінісінің түнде де болу мүмкіндігін есепке алу қажет. Есіктер мен сыртқа шығатын орындар адамдардың көп шоғырланатын жері болады, сондықтан ғимараттан жылдам шығуға кедергі келтіреді. Мұндай жағдайда эвакуация 1-қабаттағы терезе ойықтары арқылы да жүзеге асырылады.
Кәсіпорындарда, мекемелерде, оқу орындарында жер сілкінісі кезіндегі қауіптілікті төмендету бойынша алдын ала шаралар әзірленіп, қабылдануы тиіс. Төртіп пен барлық жағдайдағы жоғары жауапкершілік жер сілкінісі орын алған жағдайдан қорғау шараларына дайындықтың ең үздік көрсеткіші болып табылады.
Сейсмикалық қауіпті аудандардағы әрбір мекемеде жер сілкінісі жағдайына жауапты тұлғалар және олардың міндеттерінің тізбесін көрсететін төтенше шаралардың айқын жоспары болуы тиіс.
Кәсіпорындар мен мекемелердің ғимараттарында, үй-жайларында дәліздерді, өтпелерді, басқыш алаңшаларын және ішкі есіктерді босату қажет. Ауыр шкафтар мен сөрелерді қабырғаларға сенімді бекіткен жөн. Ауыр зат-тарды жоғары сөрелерге орналастыруға болмайды. Әрбір қызметкер электр шаппаларының, өрт және газ крандарының орналасқан жерлерін білуі тиіс. Күшті жер сілкінісі кезінде халық үшін күтпеген мән-жайлардың қалыптасуы мүмкін. Мүмкін болатын жарақаттар мен адам шығындары олардың төтенше жағдайға әзірлігі мен іс-әрекеттеріне байланысты болады. Мұндай жағдайларда сабыр сақтауға тырысу қажет.
Жер сілкінісінен қорғануға мүмкін болатын барлық шараларының ішіндегі ең үздігі — үрейге бой алдырмау.
Егер ғимаратты жылдам тастап шығу (мүмкіндігінше алғашқы 15-20 сек) мүмкін болса, онда бірінші осы әрекетті орындау қажет. Ғимараттан жүгіріп шыққаннан кейін, одан қашығырақ ашық жерге, электр сымдарынан, ернеулерден, әйнектерден қауіпсіз қашықтыққа кету (құланды жетпейтін аймақ — ғимарат биіктігіне тең қашықтық).
Егер жағдай ғимаратты тастап шығуға мүмкіндік бермесе, онда алдын ала таңдалған, салыстырмалы түрде қауіпсіз орынды паналау керек. Көпқабатты үйде есікті баспалдаққа қарай ашып, босағаға тұруға болады. Егер есіктің ашылуы қиындаса, онда қорықпау керек. Бұл ғимараттың қисаюынан болады.
Кез келген ғимаратта терезелерден қашығырақ, ішкі негізгі қабырғаларға жақынырақ тұру қажет. Әйнекті қабырғалардан қауіптенген жөн.
Жер сілкінісі басталысымен отты өшіру керек. Жерасты дүмпулері кезінде немесе жерасты дүмпулерінен кейін сіріңке, балауыз жағуға, тұтатқыш пайдалануға болмайды. Есіктерде кептеліс жасауға және 1-қабаттан жоғары орналасқан терезеден, әйнегі бар терезелерден секіруге болмайды. Аса қажеттілік туындаған кезде әйнекті орындықпен немесе аласа орындықпен, еш мүмкіндік болмаса арқамен сындыруға болады.
Ғимараттан шыққан кезде лифт пайдалануға тыйым салынады. Қалыптасқан кез келген әрекет ету керек, артық асығу мен әбігерленуте жол бермеген жөн. Автокөлікте келе жатқанда жер сілкінісі басталса, көліктерге бөгет жасамайтын жерге тоқтап, машинада қалу керек.
Жер сілкінісінен кейін:
— жарақаттың жоқтығына көз жеткізу, айналадағы адамдарды қарап шығу және қажет болса, оларға көмек көрсету. Егер ауыр жараланғандарға аса қатер (өрт, құрылыстың құлап түсуі және т.б.) төнбесе, онда орнынан қозғамау;
— жеңіл үйіндінің астына түскен адамдарды босатып алу. Бұл ретте абай болу керек. Егер оларға қосымша немесе медициналық көмек қажет болса, онда көмекті күткен дүрыс;
балалардың, науқастардың, қарттардың — көмекке мұқтаж жандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, оларды тыныштандырған жөн;
— телефонды өте қажет болған кезде ғана пайдалану, өйткені телефон желісі аса жүктемеленген болады;
— су құбырын, газ, электр желілерін тексеру. Егер электр желісінде зақымдану байқалса, онда оны ажырату керек. Газдың шығуы иіс бойынша тексеріледі. Егер гадың шығып жатқаны анықталса, онда барлық есіктер мен терезелерді ашу, үй-жайды дереу тастап шығу және болган оқиға туралы тиісті қызметтерге хабарлау керек. Суқұбырлық желілер зақымданған кезде ақауды реттеуге асықпау керек және суды пайдалануды тоқтатқан дұрыс, өйткені су зақымданған болуы мүмкін. Суды тек қайнатқаннан кейін ғана пайдалануға болады.
Кәрізді пайдаланбас бұрын, оның ғимарат, жертөле шектеріндегі құбырларының ақаусыздығына көз жеткізу қажет.
— Ашық отты пайдалануға болмайды. Тұтану ошақтары бар болса, оларды сөндіру қажет. Егер мұның сәті түспесе, онда дереу өртке қарсы қызметпен байланысу керек.
— Баспалдақпен түсіп келе жатқанда оның беріктігін тексерген жөн.
Зақымданған ғимарттарға жақындауға болмайды. Қайталанатын дүмпулерге дайын болу керек. Ондай дүмпулер бірнеше тәуліктен, аптадан, тіпті айлардан кейін болуы мүмкін. Жерасты дүмпулерінің толықтай қашан толастайтынын айту мүмкін емес. Солай болғанмен де күшті жер сілкінісінен кейін уақыт өте келе қайталанатын дүмпулердің қатері біртіндеп азаятыны белгілі. Жер сілкінісінен кейінгі алғашқы сағаттар неғүрлым қауіпті болады. Осыған байланысты, алғашқы 2-3 сағат ішінде аса қажеттілік болмаса, ғимаратқа кіруге болмайды. Қайталанатын жер сілкінісі сирек жағдайларда ғана біріншісінен күштірек болады. Егер ғимаратқа кіру қажеттігі туындаса, онда барынша аз адаммен кіруге және мүмкіндігінше аз уақыт қана болуға тырысу керек. Бұл ретте шкафтарды ашу кезінде абай болу керек, өйткені ондағы заттар орнықсыз жағдайда болуы мүмкін. Жаншылатын және кескіш заттардан зақымданудан сақтану үшін аяққа берік аяқкиім кию керек.
Келесі табиғи, сондай-ақ қауіпті геологиялық құбылыстарға көшкіндер, селдер мен опырылулар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет