Жоспар: Мемлекеттік тәуелсіздікке ие болу



Дата06.01.2022
өлшемі18,93 Kb.
#14908
Байланысты:
2тақырып


10.09.2020

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздікке ие болуы. Оның Қазақстан халқы үшін тарихи маңызы.

Жоспар:

1. Мемлекеттік тәуелсіздікке ие болу.

2. Егемен Қазақстанның даму болашағы.

Қазақстан Республикасының 1991 жылы желтоқсан айында өзін дербес, тәуелсіз мемлекет етіп жариялағандығына тоқталып өтіп, қазіргі уақыттагы мемлекетіміздің бейбіт ұстанымын түрлі деректермен баяндайды. Бұл жерде оқушылар үшін еліміздің тәуелсіздік алуға дейінгі өткен тарихи жолдарына қысқаша тоқталып өтіп, Әбілқайыр, Абылай секілді хандарымыздың дипломатиялық даналықтарын, көрегендіктерін атап өту маңызды. КСРО құрамында 70 жылдан астам уақыт одақтас республикалардың бірі болған Қазақстанның ұлттық тілін, салт-дэстүрі мен әдет-ғұрпын жоғалтпай, сақтай білген ұлы халық екендігін де атап өткен жөн. Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Қарулы Күштер, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Республикалық Ұлан Гвардияларының әскери құрамдары ұлттық қауіпсіздіктің кепілі болып табылатындығын айта отырып, жоғарыда аталған әскери қызметтерде, оқушылардың да болашақта қызмет етуге мүмкіндіктері бар екендігін атап өткені абзал. Оқытушы қарастырылып отырған сұрақтың мәнін ашып көрсете отырып, қазіргі уақыттағы халықаралық шиеленіскен жағдайларға тоқталып өтеді. Елімізде Қазақстан Респбуликасы Қарулы Күштері мен қорғаныс туралы заң қабылданғалы, ел егемендігін қорғаудағы эскери құрылымдар мен әскери бөлімдер қазіргі заман талаптарына сәйкес қару-жарақтар, әскери техника, байланыс қүралдарымен жабдықталуда. Қарулы Күштердің қүрылуы кезең- кезеңдермен іске асырылуда. Осылайша Қазақстан Республикасының өз еркімен халықаралық аренаға шығуға, болашаққа барлық өркениетті елдер жүрген жолмен қадам басуга занды құқығы бар. Қазақстанда ұлтаралық келіспеушілік жоқ, кез келген мәселелерді бейбіт жолмен шешетін зайырлы мемлекет екендігін айта отырып, Қазақстан ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан тұңғыш мемлекет екендігіне тоқталып отырып сабақты қорытындылауға болады.

Сұрақтарға жауап:

1. 6 тамыз - халықаралық ядролық қаруға қарсы күн. Қазақстан аумағында 1949 жылдан бастап Семей ядролық сынақ полигоны жұмыс істегені мәлім. Онда 40 жыл ішінде, шамамен 500 жуық ядролық сынақ жасалды. Тәуелсіздік алғаннан кейін, Қазақстан полигонды жауып, өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан алғашқы мемлекет ретінде тарихта қалды. Қазақ елі зұлымдықты емес, бейбітшілікті жақтайтынын ядролық қарудан бас тарту арқылы дәлелдеді.

2. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Біздің бабаларымыз ежелден солтүстігі мен оңтүстігі екі ұлы державамен шектесетін алып аумақты мекен еткен. Ұлтты сақтау үшін қазақ хандарына икемді саясат жүргізуге тура келді. Мұндай дипломатияның даналығы мен көрегенділігінің жарқын үлгісі – Отанының тағдыры мен тарихи келешегіне алаңдаған Әбілқайыр, Абылай хандардың әрекеті болды. Қазақ даласының солтүстіктегі көршімен тығыз байланыста болуы көптеген әлеуметтік-саяси төңкерістерге қарсы тұруға, бабалардың салт-дәстүрі мен туған тілін сақтап қалуға көмектесті. 1936 жылы КСРО құрамындағы одақтас мемлекет болған Қазақстан қағаз жүзінде мемлекеттік тәуелсіздіктің барлық нышандарын алды. Бірақ ол бостандық тек елес қана еді де, ал мемлекеттік нышандар тоталитаризмнің шынайы бет жүзін бүркемелеген перде ғана болатын. Жаппай аштыққа ұшырау, қазақтардың өз тарихи Отанынан көшіп кетуіне ықпал еткен сталиндік ұжымдастыру шаралары қасіретті із қалдырды. С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров секілді қазақ зиялыларының көрнекті өкілдері мен қазақ халқының басқа да 65 мың ұл-қыздары сталиндік репрессияның құрбаны болды.

3. Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Тоқтар Әубәкіров, Қасым Қайсенов.



Эссе.

Тәуелсіздік – бұл азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған шыдамының өтеуі болды. Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел ретінде танылғанына міне ширек ғасырдан асты. Тәуелсіздік сияқты ұлттық мерекені бүгінгі таңда қазақ халқы жүрегімен сезінуі керек. Тәуелсіз елдің ең басты тұғыры, қоғамның рухы, жігері. Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн. Тәуелсіздік жылдары еліміз тарихи тұрғыдан қысқа мерзім ішінде ғаламат табыстарға қол жеткізгені белгілі. Осы әрбір жеткен жетістіктің артында түрлі салада жан аямай қызмет еткен азаматтардың еңбегін байқауға болады. Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтып, ел үшін тынымсыз еңбек еткен аптал азаматтардың бірі – Әділмырза Бейсебайұлы Маралов. Ол барша Қазақ жерін алтын бесігіне балап, өмірінің соңына дейін еңбектен қол үзбеді. Ол шебер ұйымдастырушы, көрнекті ғалым ретінде еліміздің тамақ өнеркәсібінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан санаулы азаматтардың бірі.Ұлт-азаттық қозғалыс тым ұзаққа созылды. Ал Исатай мен Махамбет, Сырым бастаған көтерілістер – тәуелсіздік үшін күрес көпіріндегі тәуелсіздікті аңсаған, бірақ қолдары жете алмаған тарихи оқиғаның бір шындығы. Исатай кім, Махамбет кім? Менің ойымша, Исатай – жаудан жанын аямайтын, жауласса қолдың алдында жүретін, қашса артында болатын жаужүрек батыр, артынан көпті ертетін сәуегей басшы. Ал Махамбет – бастан-аяқ Исатайдың қасында жүрген қанды көйлек жолдасы, жаумен жауласып, даумен дауласып, өлімге басын қиған нар тұлға азамат. Жыл сайын 16 желтоқсанда – Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні атап өтіледі. Оған қол жеткізу оңай болған жоқ, көптеген адамдар еліміздің болашағы үшін күресте жанын пида етті. Сондықтан, ата-бабаларымызбен мақтануға тиіспіз, өйткені олардың арқасында, біз тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатырмыз.





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет