Жүйке жүйесінің бұзылыстары мен менталдық бұзылуы бар адамдардың БДШ ұйымдастыру
Жоспары:
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
жүйке ауруларының негізгі себептері;
емдік гимнастиканың негізгі мақсаты;
ШЖЖ-нің аурулары;
ОЖЖ-нің аурулары;
невроз ауруы;
№12 диеталық стол;
ІІІ. Қорытынды.
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Жүйке жүйесі - адам организмінің реттеуші және үйлестіруші қызметін атқаратын күрделі жүйе болып табылады. Жалпы жүйке аурулары орталық және шеткері жүйке жүйелерінің зақымдануына байланысты екіге бөлінеді. Орталық (реттеуші) жүйке (ми және жүлын) ауруына шалдыққанда, организмде айтарлықтай органикалық өзгерістер байқалады. Ал жоғары реттеуші орталықта, анатомиялық құрылысында ешбір өзгеріс байқалмаса, онда шеткері жүйке жүйесі зақымданған болып табылады. Оның ішінде ең негізгісі — невроздар.
Ми қабы негізінен екі процесті орындайды: қозу және тежеу. Ми қабының жұмысына бүкіл организмнің өзгерісі әсер етеді. Организмнің құрылыс ерекшеліктеріне қарай көбіне жүйке жүйесіндегі реакциялар соған сәйкес дамып отырады.
Ми қабы негізінен екі процесті орындайды: қозу және тежеу. Ми қабының жұмысына бүкіл организмнің өзгерісі әсер етеді. Организмнің құрылыс ерекшеліктеріне қарай көбіне жүйке жүйесіндегі реакциялар соған сәйкес дамып отырады.
Жүйке ауруларының негізгі себептері:
оқыс жарақаттану, жұқпалы аурулармен организмнің улануы, зат алмасуының бұзылуы, шаршап-шалдығу, қиналу, эмоциялық факторлар т. б. Осындай себептерден денеде әр түрлі өзгерістер айқындалады. Жүйке жүйесі зақымданған кезде ең алдымен қимыл-қозғалыс, кейін сезімталдық және трофикалық әсерлер кемиді.
Қимыл-қозғалыс әрекетінің бұзылуы адамның мүлде қозғалмай немесе жартылай қимылсыз қалуына әкеп соқтырады. Оны салдану немесе паралич,парез деп атайды. Олардың өзі екі түрге бөлінеді: спастикалық немесе сіресіп қалу және солып қалу.