Жоспары: Жетістік деген не?



Дата06.01.2022
өлшемі0,56 Mb.
#15725
Байланысты:
7практикалық жұмыс Нурхайыр Ерім Тппж-101

Қазақ Ұлттық аграрлық университеті

Тақырыбы:Тұлғалық және кәсіби жетістіктерге жету психологиясы

Жоспары:

1.Жетістік деген не?

2.Жетістіктің теориялық негіздері

3.Жетістікке ұмтылған тұлғаның ұстанымдары

4.Кәсіби даму

5.Қорытынды


Жетістік дегеніміз – рухани әрі дене қуатын бір мақсатқа бағыттау, сол мақсатқа жету. Қандай да бір істі тындырымды да тыңғылықты істеу де өз алдына жетістік. Ойдағыдай істелген іс, жоспарланғандай атқарылған жұмыс, мұрат етілгендей орындалған арман – жетістіктің нақ өзі. Бұл көзді қаншалықты аршыған адам қмірде соншалықты бақыт табады. Адамның шаттыққа оранып, құмарлана өмірден ләззәт алатын, қуанышқа бөленіп, рахаттана шат-шадыман болатын бақытқа жету жолдарының бірі – осынау жетістік.

1.ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ МОТИВАЦИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
    • Жетістікке жету мотивациясының қамтамасыз ететін негізгі механизм

Жетістікке ұмтылғанда адамға тұлғалық қасиеттермен бірге даралық ерекшеліктері және ерік сапаларының да әсері мол. Егер бастаған ісін аяғына дейін жеткізсе, қиындықтан момынсымаса шыдамдылық, табандылық танытатын болса міндетті тұрде кез келген іс-әрекетте жетістікке жете алады. Жалпы жетістікке жету мотивациясы теориясында табандылық 1958 жылдан бастап арнайы зерттеудің обектісі болып табылды.

Х. Хекхаузен, М. Уинтерботт, Э. Френч, Ф. Томас және басқа ғалымдардың еңбектерінде жетістікке жету мотивациясы табандылықпен тығыз байланыста екенін көрсеткен. Х. Хекхаузеннің ойынша, табандылық мотивация сапасы және күшіне байланысты болатын құбылыс деп санады. Бұл сұрақтарды зерттеу жоғары сынып оқушыларына, студенттерге және ересек адамдарға жүргізілді. М.В. Матюхина және Т.А. Саблина еңбектерінде жетістікке жету мотивациясының қалыптасу және зерттеу мәселесіне байланысты сұрақтарды кіші мектеп жасында қарастыру қажеттігін негіздейді.



Жетістікке жету жолындағы ұстанымдар:

1Алдыңа мақсат қою;

2 Сені жетістік күтіп тұрғанына үміттену;

3 Іске дайын болу;

4 Адымыңды анық басу;

5 Алға ұмтылу;

6 Қорықпау, күмәнданбау;

7 Көңіліңді тоқ ұстау;

8 Жаңашыл болу;

9Басқалармен кеңесу;

10 Тәуелсіз болу;

11 Біртұтасты бөлшектеу;

12 Жетістіктеріңнің қайдан келуің ұмытпа

Жетісітікке жету үшін:

1 Өз потенциалынды білу;

2 Өзіңе шектеу қоймау;

3 Өзіңді мойындату;

4 Сезіміңді сыйлау;

5 Әдетке айналдыру;

6 Құндылықтарынды таны.

Кәсіби даму және іскерлік

Кәсіби даму - (лат. profiteor – өз ісімді хабарлаймын) – еңбек әлемінде, соның ішінде жекеленген кәсіби ролдердің, кәсіби мотивацияның, кәсіби білімдер мен дағдылардың әртүрлі аспектілерін игеруге бағытталған адамның онтегенезде болып жатқан әлеуметтену үрдісі. Кәсіби дамудың негізгі қозғаушы күші әлеуметтік топтар мен институттарға идентификациялану негізінде әлеуметтік контекстке интеграциялануға тұлғаның талпынысы болып табылады.

Кәсіби даму – нәтижесінде адамның өзінің барлық өмірінің барысында өз кәсіби дағдылары мен іскерліктерінің деңгейін және сапасын сақтауға мүмкіндік алатын үрдіс. Бір рет қана кәсіби маман болу мүмкін емес. Кәсіби маман болып қалу үшін, тұлғаның үнемі кәсіби дамуы қажет.

Кәсіби даму іс – әрекеттің барлық саласына қатысты: педагог, менеджер, кеңес беруші, психолог, дәрігер, дизайнер, әртіс және тағы басқа.

Кәсіби даму – бұл жүйелі беку, білім  саласында жетілу және кеңею, тұлғалық сапалардың дамуы, жаңа кәсіби білімдер мен дағдыларды меңгерудегі қажеттілік, өзінің барлық еңбек жолында белгілі міндеттерді атқара білу.

Кәсіби даму міндеттілік немесе жалған емес, ойлаудың, пайдалы әдеттің негізі болуы керек. Қоғамдық қызығушылықтардың көзқарасы бойынша, адамның кәсіби дамуы тек кәсіби әдеп кодексінің бір пункті: өзімен жұмыстанбайтын адам, кәсіби маман деп танылмайды деп те қарауға болады.

Кәсіби даму адамнан саналы, бағытталған, белсенді оқуды талап етеді. Мұндай оқу басқа формалардан анық ерекшеленеді. Әрбір адам өзінің қандай бағытта дамуы керек, ақпараттарды қандай әдістермен алатынын, қандай жолмен меңгеретінін өзі шешеді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Кез келген елдің басты капиталы ол - үздік технология және қазіргі заманға сай білімді адамдар, инновациялық жаңалықтарға ашық, өзін-өзі дамыта алатын және шығармашылықты жүзеге асыра алатын тұлғалар.



Осыған орай Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында бірінші міндет ретінде ұлттың бәсекеге қабілеттілігі факторы ретінде білімділік деңгейін жоғарылату ұсынылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет