Жүргізуші: Армысыздар, құрметті спорт сүйер қауым!
Әр халықта да өзіндік арнамен дамыған ұлттық күрес өнері бар.
Қазақша күрес өнерін сөз еткенде алдымен ауызға ілінетін мына бір есімді – Қажымұқанды білеміз. Кезінде әлемді аузына қаратқан, аты аңызға айналған қазақтың сол алып ұлының өзі де алаш халқының төл өнерімен сусындап, содан үйренері хақ. Ендеше бүгінгі өркенді өнеріміздің Қажымұқандарының да тұсауларын алаш қазақша күресі кесті. Өйткені, қазақша күрес бүгінгі әлемдік ареналардағы күрес түрлерінің қай-қайсысына болмасын жақын да ұқсас.
Жүргізуші: Бүгінде Жер жәннәті Жетісу өлкесінде, бірлігі мен берекесі жарасқан Алтынарық ауылында дүбірлі дода, қазақ күресі өз жалғасын таппақ.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай және Қаракемер орта мектепбін 2002 жылы бітірген түлектердің ұйымдастыруымен Еркін күрестен 2012-2013 жылы туылған жасөспірімдер арасында Ақсу ауданының балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің ашық біріншілігін ашық деп жариялаймыз.
ГИМН орындалады.
Жүргізуші: Біз әлемнің әр қиырында өтетін додаларға, дүбірлі бәсекелерге, жауапты жарыстарға елдің елдігін танытатын жастарды тәрбиелейміз, оларды еңбекке, шеберлікке, жігер-қайраттылыққа, батылдық пен қайсарлыққа баулимыз.
Сөз кезегі бүгінгі шараның құрметті қонағы, Ақсу ауданының балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің басшысы Пәленбай Пәленшеевке беріледі.
Жүргізуші: Қай заманда болмасын халқымыз қайсар батырлары мен білекті балуандарымен, ерлік пен елдікті бекемдеген. Ендеше, ержүрек батырлармыздың өнерін бірге тамашалайық.