Жүргізуші:Қайырлыкүн,қымбатты ұстаздар,оқушылар!Алтын күз-2019 атты күзгі бал кешімізге қош келдіңіздер!



Дата06.01.2022
өлшемі13,85 Kb.
#13012

Алтын күз-2019

  1. жүргізуші:Қайырлыкүн,қымбатты ұстаздар,оқушылар!Алтын күз-2019 атты күзгі бал кешімізге қош келдіңіздер!

  2. Жүргізуші:Армысыздар ұлағатты ұстаздар,

Бармысыздар жадыраған жас достар!

Берекелі мерекелі алтын күз құтты болсын!

Сіздердің құрметтеріңізге әнін қабыл алыңыздар.

  1. жүргізуші:Уа,халайық,халайық

Мұнда назар салайық!

Мерекесі халықтың

Кешімізді бастайық!

Ендеше ортаға әр сыныптан сайысқа қатысушы үміткерлерімізді шақырайық!

Енді әділ қазылар алқасымен таныс болайық!Әділ қазылар:

Сайыстың туралары:

1:Сәлем-сөздің атасы.

2:Өз өнері

3:Сән үлгісі

4:Көрініс

5:Күз-береке,молшылық

6:Күз сыйы

  1. жүргізуші:табылсыншы ақыл білім ұл қыздан,

Өнерімен білімімен аты озған

Әдет ғұрпын жоғалтпай ауылымыздың

Ұл мен қызы деген атқа ие болған,-деп сайыскерлеріміз өздерін таныстырып өтсін.

  1. жүргізуші:Асыл тастан өнер жастан

Шығады деп дарынды

Халық айтса қалып айтпас

Әрқашан да нанымды

Сол шындықты күнделікті

Көріп жүрміз өмірден

Өнерімен танысайық

Тілекші боп көңілден

Бұл бөліміміз өнер сайысы деп аталады.Келесі кезекті өз өнері не береміз.

  1. жүргізуші:Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,

Әр сұлу әсем болар өз сәнімен

Өз қолынан шығарған киім үлгісін

Сіздерге көрсетеді өз сәнімен-,дей келе келесі кезекті сән үлгісін көрсетуге береміз.

  1. жүргізуші:біздің келесі сайысымыз өте қызықты болмақ,себебі бұл сайыста үміткерлерге әртүрлі мультфильмдерден көрініс қою тапсырылған болатын.Ендеше келесі кезекті көрініс сайысына береміз.



  1. жүргізуші:Алтын күз сізбен бізге шуақ шашсын

Көңілдің серіппелі күйін ашсын

Бақ пенен шаттық бірге қатар қонсын,

Береке бірлікпенен ортақтассын,-дей келе келесі кезекті күз-береке,молшылық сайысына береміз.

  1. жүргізуші:Күз бұл өте тамаша мезгіл,себебі күз мезгілі адам көңіл күйі секеілді өте құбылмалы,бірде жаңбыр жауса,енді бірде күн шайдай ашылып тұрады.Өте әсерлі күйге бөлеп,күз өз сыйын тарту етеді.Ендеще келесі кезекті Күз сыйы сайысына береміз.



  1. жүргізуші:Күз келіп,хан мен ханшайым,

Өткізді күзгі бұл айын.

Ханшайым тапқыр қыз болды.

Ағызар сөйлеп көз майын

Ал ханымыз ақылды

Барша жұртты шақырды

Би де билеп ән айтты

Қуаныштан шалқыды.

  1. жүргізуші:Ендігі кезекті алтын күз-2019 кешінің жүлдегерлерін анықтайық.Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.Сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.

1-жүргізуші:Ендеше бүгінгі алтын күз 2019 атты күзгі бал кешін аяқтаймыз.Қош сау болыңыздар.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет