Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім



бет1/5
Дата24.05.2023
өлшемі35,26 Kb.
#96635
  1   2   3   4   5

Жоспар

1. Кіріспе


2. Негізгі бөлім
2.1. Дидактикалық ойындардың құрылымы.
2.2. Қазақ тілі сабағында қолданылатын дидактикалық
ойындардың түрлері.
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қазақтың аса көрнекті қайраткері, ақын, аудармашы, лингвист ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай: «Ең әуелі мектепке керегі - білімді әрі педагогикадан, әдістемеден хабардар, оқыта білетін мұғалім»-десе, сонымен бірге сол ұстаздың мәдениеті, дүниетанымы жоғары болса, ол өз міндетін «парызым» деп санаса, нағыз ұстаз дер едім. Менің айтайын дегенім, оқыту процесінде баланың белсенділік принципі - дидактиканың ең бастысы болып табылады. Ол білім мен білікті саналы түрде қажет ету, нәтижеге жету сияқты іс-әрекет сапасының түсінігін береді. Ол жайдан-жай пайда болмайды, бұл - педагогикалық технологияларды шеберлікпен пайдаланудың жемісі. Кез келген пәнді оқытуда, әсіресе, бастауыш класс оқушыларын оқытуда оқыту әдістемелігінің жүйелілігі оқушыдан табандылықты, ізденімпаздықты талап етеді. Қазіргі таңда қолданып жүрген білім берудің озық технологиялары іс-әрекеттің белсенділігін арттыратындығы айқын. Кейбір технологияларды бұл құралдар басты идеяны және нәтиже тиімділігінің негізін құрайды. Сондай-ақ жаңа технологияларды ойын элементтерімен ұштастыруға да болады. Ойын-адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Балалар ойын арқылы өмірдегі көптеген мәлімет алып, білімін жетілдіреді. Ұлы Абайдың «Ойын ойнап, ән салмай өсер бала бола ма?» деген пікірімен бала өміріндегі ойыншық маңыздылығына көз жеткізуге болады. Ойын түрлері өте көп. Оқушы сабақтың қызықты түрде өткенін, қалайды, нәтижесінде тақырыпты терең игеріп, оңай еске сақтайды. Өйткені бастауыш сынып оқушылары жас ерекшеліктеріне байланысты олар ойынға өте шипалы келеді. Ойын барысында оқушылар тез сергіп, жылдам, дәл орындауға тырысады.
Орыс ғалымы, дәрігер, педагог К.А.Покровский «Ойын-күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы. Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады» - деген. Ойын баланы қимылға, әрекетке, дене шынықтыруға үйретеді. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ. Ойын арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың интеллектуалдық қабілеттері, логикалық ойлауы, түрлі көркем шығармаларды пайдалана отырып, ізгілік, адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіреді. Ойын екі немесе одан да көп адамдардан құрылатын топтардың өз мүдделерін іске асыру үшін күрес жүргізу процесі. Әрбір топтың өз мақсаты, стратегиясы болады. [1,110б]



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет