Нуржігіт Алтынбеков 1 №4 практикалық сабақ. Тақырып



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата03.10.2024
өлшемі0,76 Mb.
#146730
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Ұлпа қабыну пульпит және периодонтит туралы түсінік



Нуржігіт Алтынбеков 

№4 практикалық сабақ.
Тақырып:
Ұлпа қабыну (пульпит) және периодонтит туралы түсінік. Пульпитті емдеу 
әдістері. Пульпаны девитализациялау, құралдар. Пульпитті эндодонтиялық емдеу 
кезеңдері. Периодонтитті емдеудің мақсаттары, міндеттері. Периодонтитті эндодонтиялық 
емдеу кезеңдері. 
 
1.Пульпит анықтамасы 
 
Пульпит
– тіс ұлпасының қабынуы.
2.Пульпиттің емдеу әдістері, олардың маңызы. 
 
Пульпиттің емдеу әдістері: 
I.Тіс ұлпасының өміршендігін сақтап қалдыру:
1)
Тіс ұлпасының толық сақтап қалдыру (биологиялық немесе консервативті әдіс) 
2)
Тіс ұлпасының жартылай сақтап қалдыру (виталды ампутация) 
II. Тіс ұлпасын алып тастау (хирургиялық әдістер): 
1)
 
Тіс ұлпасын толығымен алып тастау: екі әдіспен жүргізілу мүмкін - 
виталды 
экстирпация әдісі
және 
девиталды экстирпация әдісі 
2)
Тіс ұлпасын жартылай алып тастау: девиталды ампутация әдісі және 
комбинирленген (аралас) әдіс 
Пульпиттің емдеу әдістерінің маңызы. 
Биологиялық немесе консервативті әдіс
- тіс ұлпасын толығымен тіршілік жағдайында 
сақтап қалдыруына, яғни оның сауыттық және түбірлік бөліктерін сақтап қалдыруына 
бағытталған емдеу әдісі. 
Виталды ампутация әдісі (ұлпаны жартылай сақтау)
. Бұл әдістің маңызы – 
өзгеріске ұшыраған сауыт ұлпасын жансыздандыру (анестезия) арқылы алып тастап, 
қорғаныстық қасиеті жоғары түбір ұлпасын сақтап қалу.
Виталды эксирпация әдісінің мәңі
- жансыздандыру (анестезия) көмегімен толық 
ұлпаны алып тастау (яғни оның сауыттық және түбірлік бөліктерін жансыздандыру 
(анестезия) көмегімен алып тастау). 
Девиталды экстирпация әдісі
– тіс ұлпасын өліеттендіріп толық алу. Тіс ұлпасын 
өліеттендіру, яғни өлтіре жансыздандыру үшін арнайы құралдар - девитализациялаушы 
қойыртпақтар (пасталар) қолданылады, мыс. мышьяк (күшәлә) қойыртпағы немесе 
параформальдегидтік қойыртпақ. Аталған құралдарды қолдану кезінде тіс ұлпасы 
толығымен некрозға ұшырайды. 
Девиталды ампутация әдісінің мәні
– тіс ұлпасын девитализациялаушы құралдармен 
өліеттендіруден кейін, оның сауыттық бөлігін алып тастау, ал ұлпаның түбірлік бөлігін 
мумификациялау (мумификациялау дегеніміз – өліеттенген ұлпада шіру процесін 
болдырмау үшін, оны әсері күшті антисептиктермен сіңдіру арқылы өндеу). Бұл әдіс түбір 
өзектері тар, мүлдем өтпейтін, облитерацияға ұшыраған тістерде жүргізіледі. 
Комбинирленген (немесе аралас) әдістің мәні
- тіс ұлпасын девитализациялаушы 
құралдармен өліеттендіруден кейін, оның сауыттық бөлігін және жақсы өтілетін түбір 
өзектерден түбір бөлігін алып тастау, ал тар, мүлдем өтпейтін түбір өзектеріндегі ұлпаны 
мумификациялау. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет