Кабель — қорғаныш қаптамасы бар бітеу қабыққа салынған оқшауланған откізгіш немесе өткізгіштер тобы



бет1/4
Дата03.05.2023
өлшемі281,6 Kb.
#89466
  1   2   3   4

Кабель

Кабель — қорғаныш қаптамасы бар бітеу қабыққа салынған оқшауланған откізгіш немесе өткізгіштер тобы.

Кабель — қорғаныш қаптамасы бар бітеу қабыққа салынған оқшауланған откізгіш немесе өткізгіштер тобы.

Пайдаланылатын физикалық ортаға байланысты кабельдердің екі тобы қарастырылады.

1) Жалпақ кабельдер (eсілген жұптар және коаксиал кабельдер, сәуле шығаратын кабельдер құрайды)

Оларда электр сигналы металл, көбінесе мыс арқылы беріледі.

Бұлардың ең арзаны — жалпақ кабельдер, оның бірнеше өткізгіштері бір жолға қатар салына береді. Алайда жалпақ кабельдердің сигнал тарату жылдамдығы төмен өрі олар электромагниттік бөгеуілдерден қорғалмаған. Бұл кабельдер қысқа құрастырулар кезінде кеңінен пайдаланылады. Есілген жұптар жалпақ кабельдерден гөрі қымбаттау. Бірақ олар электромагниттік бөгеуілдерден жақсы қорғалған. Есілген жұптар, негізінен, абоненттік арналарды жасағанда пайдаланылады. Коаксиал кабельдері ең қымбат кабельдердің бірі. Олар сигналдарды үлкен жылдамдықпен таратады әрі бөгеуілдерден жақсы қорғалған. Коаксиал кабельдер кең жолақты арналарды жасағанда жиі пайдаланылады.

2) Жарықты таратуға арналған (олардың негізін электромагниттік бөгеуілдерден барынша жақсы қорғалған сәуле жолдар құрайды)

  • 2) Жарықты таратуға арналған (олардың негізін электромагниттік бөгеуілдерден барынша жақсы қорғалған сәуле жолдар құрайды)
  • Оптикалық кабельдер коаксиал кабельдерден қымбат, бірақ оптикалық арналардың сигнал тарату жылдамдығы үлкен. Жерге кабель төсеу процесі көп еңбекті қажет етеді. Бұл, әсіресе, әр түрлі құбырлармен және электр кабельдерімен толтырылған қала көшелерінде байқалады. Сол себепті мұнда кабель төсеу үшін жоғары вольттық электр тарату жолдарының бағаналары, трамвай мен троллейбустардың электр сымдарының бекіткіштері, метро туннельдері, темір жолдар, өзендер, арналар, т.б. кеңінен қолданылады.

Кабель бокстері (Кабельные боксы). Шеткі станцияларға келетін кабель құрылғыларын қосу үшін кабель бокстері пайдаланылады.Жергілікті байланыс кабельдерінің сыйымдылығы 10х2-нан 100х2-ге шейін болады. Боксқа келген кабель талшықтары бокстың бет жағына орналасқан он тізбекке (20 талшыққа) арналған плинттерге жалғанады. Бір бокстағы плинттер саны 1-ден 10-ға дейін болады. Қалааралық кабельдердің бокстарының сыйымдылығы аз. Олар 4x4 немесе 7x4 кабельдерін монтаждауға арналған.

  • Кабель бокстері (Кабельные боксы). Шеткі станцияларға келетін кабель құрылғыларын қосу үшін кабель бокстері пайдаланылады.Жергілікті байланыс кабельдерінің сыйымдылығы 10х2-нан 100х2-ге шейін болады. Боксқа келген кабель талшықтары бокстың бет жағына орналасқан он тізбекке (20 талшыққа) арналған плинттерге жалғанады. Бір бокстағы плинттер саны 1-ден 10-ға дейін болады. Қалааралық кабельдердің бокстарының сыйымдылығы аз. Олар 4x4 немесе 7x4 кабельдерін монтаждауға арналған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет