Кафедра – Химия Оқытушы – Қожағұлова Жанар Рахымжановна, аға оқытушы Контактілік ақпарат



бет1/5
Дата12.05.2023
өлшемі198 Kb.
#92149
  1   2   3   4   5

АБАЙ АТЫНДАҒЫ КАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


СИЛЛАБУС
«Аналитикалық химия 2»
4 ЕCTS
2 курс, 4 семестр, 2020-2021 оқу жылы
6В01512-Химия - биология


ИнститутЖаратылыстану және география
КафедраХимия
Оқытушы Қожағұлова Жанар Рахымжановна, аға оқытушы
Контактілік ақпарат – 8-777-397-27-97, Kozhagulova.zh@gmaіl.com
Бақылау формасы: тест, жазбаша, ауызша


2. Критериалды бағалау:

«АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯ 2» ПӘНІ БОЙЫНША ЕМТИХАН ЖҰМЫСЫН БАҒАЛАУ шкаласы

Балдар: 1 сұрақ-30, 2 сұрақ – 30, 3 сұрақ - 40

Білім алушы:

A

- сұрақтарға стилистикалық сауатты әрі логикалық тұрғыда дұрыс жауап берілген;
- теориялық білім нақты мысалдармен келтірілген;
- ғылыми терминология дәлме-дәл қолданылған;
- тапсырманы орындауда шығармашылық тәсіл қолданылған және тәжірибелік тапсырма толық орындалған.

A-

- ғылыми терминологияны қолдануда жеке қателіктер немесе дәлсіздіктер жіберілген, дегенмен ол, оқу материалын білмеу және түсінбеудің салдары болып саналмайды;

B+

- тапсырманы орындауда шығармашылық тәсіл қолданылған, дегенмен, тәжірибелік тапсырма толық орындалмаған;

B

- баяндауда жауаптың логикалық және ақпараттық мазмұнын бұрмаламайтын бірнеше қателіктер жіберілген;
- жауаптың негізгі мазмұнын баяндауда бір-екі кемшіліктер жіберілген.

B-

- ғылыми терминологияны қолдануда қателік немесе екіден астам кемшіліктер жіберілген;
- тәжірибелік тапсырма толық көлемде орындалмаған.

C+

- білім алушы сұрақты жалпы түсінген және жеткілікті білімі бар, дегенмен, материалдың мазмұны толықн немесе жүйелі түрде ашылмаған, түсініктерді анықтауда, терминді қолдануда қателіктер жіберілген;
- тәжірибелік тапсырма толық көлем орындалмаған.

C

- білім алушы теориялық білімді жаңа жағдаятта және/немесе тәжірибелік тапсырманы орындауда қолдана алмаған.

C-

- теориялық материалды игеруде негізгі білік пен дағдылардың жеткіліксіз қалыптасқандығы байқалады.

D+

- оқу материалының негізгі мазмұны ашылмаған;
- оқу материалын білмеуі немесе оның маңызды бөлігін түсінбегендігі анықталған.

D

- ұғымдарға анықтама беруде және терминдерді пайдалануда қателіктер жіберілген.

F

- білім алушы оқу пәні бойынша білім, білік, дағдыларды толық меңгермеген..

Үй тапсырмаларының немесе СӨЖ мерзімдер ҚазҰПУ академиялық саясатына сәйкес жеңілдететін жағдайларда (ауру, шұғыл жағдайлар, күтпеген жағдайлар және т.б.) ұзартылуы мүмкін. Сындарлы сұрақтар, диалог, пікірталастарға қатысу, жаттығулар жасау және кері байланыс құпталады және көтермеленеді, ескеріледі және бағаланады:
1. Әр сабаққа тақырыпқа сәйкес, кестеге сәйкес алдын-ала дайындалу керек.
2. Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы бөлінеді.
3. Үй тапсырмаларының көпшілігінде бірнеше сұрақтар/тапсырмалар болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет