Интеллектуалды технологиялар мен жүйелер. Интеллектуалды технологияларды экономикалық жүйелерде қолдану
Шешім қабылдауды қолдау жүйесі ертеден келе жатыр: бұл әскери жиындар, директорлар немесе басқарушылар жиыны, аналитикалық ортралықтар және т.б. дегенмен, олар шешім қабылдауды қолдау жүйесі деп ешқашан аталмасы да, тек солардың тапсырмаларын орындады. “Шешім қабылдауды қолдау жүйесі”термині жетіпісінші жылдардың басында пайда болды. Осы уақыт аралығында ШҚҚЖ-ға көптеген анықтамалар берілді.Ол былыай анықталады: ШҚҚЖ- шешім қабылтайтындарға құрылымды немесе құрылымды емес талдаулар мен шешімдер үшін субъективті немесе объективті модельдерді, білімді, мәліметтерді қолдануға мүмкіндік беретін адам-машиналы объект болып табылады. Бұл анықтамада ШҚҚЖ –ң құрылымды немесе құрылымды емес тапсырмаларға арналғаны көрсетілген. Шешім қабылдаудың ШҚҚЖ-ң көмегімен адам-машиналық процедурасы адам мен компьютердің бір біріне әсерінің циклдық үрдісін білдіреді. Цикл компьютерге арналған тапсыриа қойылымы мен талдау фазасынан тұрады.