Казахстанско российский медицинский



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата21.02.2022
өлшемі295,37 Kb.
#26007
  1   2   3   4   5   6


МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-  НУО 

РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ 

УНИВЕРСИТЕТІ 

КАЗАХСТАНСКО 

РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ 

УНИВЕРСИТЕТ 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Тақырып: Девианттылық және қылмыскерліктің 

әлеуметтанулық құрылымдары 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған:Нұрмолда Б 

Курс:1 курс 

Мамандығы: Жалпы медицина 

Тобы: 101А 

Қабылдаған: Анапияева Гаухар 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2021 




МЕББМ 

РЕСЕЙ 

ҚАЗАҚСТАН-НУО 

МЕДИЦИНАЛЫҚ 

КАЗАХСТАНСКО 

РОССИЙСКИЙ  МЕДИЦИНСКИЙ 

УНИВЕРСИТЕТ 

УНИВЕРСИТЕТІ 

 



 

 

Девианттылық және қылмыскерліктің 



әлеуметтанулық құрылымдары 

 

              



Қоғамдағы  қабылданған  өлшемдерден  ауытқудан  тұратын,  жеткіншектердің  девиантты 

мінез-  құлқын  көрсетуі  шешімді  талап  ететін  күрделі  де,  көп  аспектілі  мәселе.  Оны  зерттеу 

әлеуметтік тапсырыспен айтып жаздырылатын себепші болатын, ең алдымен, әлеуметтік феномен 

ретінде девиантты мінез-құлқының мәнін ашу қажеттілігі. 

В.Д.  Менделевич  девианттылық  бұл  өлшеммен  патология  арасындағы  өлшем  деп  көрсетеді. 

Девиантты мінез-құлықты  өлшем  іліміне  сүйенбей  анықтай  алмаймыз.  Медицинада  өлшем бұл 

денсаулығы мықты адамдар болса; педагогикада барлық пәндер бойынша үлгерімі жақсы оқушы; 

әлеуметтік  өмірде  қылмыстың  болмауы.  Ең  қиыны  көптеген  адамдарға  тән  мінез-құлық 

қасиеттерінің  жиынтығы  ретінде  психологиялық  өлшемді  анықтау.  Бұл  идеал  өлшемі  болып 

табылады . 

Л.  Пожардың  өлшемді  үш  түрлі  мағынада  қарастыруды  ұсынуы  да  кездейсоқ  емес,  яғни 

статистикалык,  функционалды  (жеке  даралык)  және  идеалды,  Бұл  жердегі  идеалды  өлшем 

тұлғаның  қолайлы  әлеуметтік  жағдайда  өмір  сүруінің  тиімді  тәсілі.  Демек  әрбір  индивидтің 

дамуында өзіндік ерекше жолы болады, яғни әрбір ауытқуды осы бағытпен салыстырмалы түрде 

девиация деп атауға болады. Сонымен функционалды (индивидуалды) өлшем индивидтың жеке 

даралығын басты назарға алады, бірақ жалпы адамдарға, жағдайларға конфликтілі қандайда  бір 

қасиеттерді көрсетпейді. 

Статистикалық өлшем көптеген адамдардың қалыпты адамдардың қатарына жататындығы туралы 

тұжырым. 

Сонымен  әлеуметтанудағы  өлшем  мәселесін  тұлғаны  нақты  бір  кезеңде  қоғамда  қабылданған 

адамгершілік  талаптарын  қабылдаудағы  мінез-құлық  эталоны  ретінде  қарастыру  қажет.  Демек 

өлшем  бұл  патологияның  жоқ  болуы,  ал  ауытқымалы  мінез-құлық  анық  не  жасырын 

психопатологияның бар екенін көрсетеді . 

Девиантты  мінез-құлықтың  әлеуметтанулық  сипатын  тұлғаның  қоршаған  ортамен  сыртқы 

қайшылықтары,  құрылымсыздық  және  тұлғаның  өзін-өзі  бұзуымен  байланысты  қарастыруға 

болады. 


Девиантты мінез-құлықтың қоғамдағы жағымсыз көрініске жататыны анық. Адамзат мінез-құлық 

өлшемінен  ауытқымас  үшін,  балаларға  өмірдің  жағымсыз  қырларын  уақытында  жеткізіп  отыру 

қажет. Себебі мінез-құлықтың негізі дәл осы бала кезде қалыптасып үлгереді. Девиантты мінез- 

құлық  көбіне  тәрбие, 

білім  беру

,  қоғамдағы  әлеуметтік  жағдай,  отбасылық  ахуал  сияқты 

факторларға байланысты туындайтыны анық . 

Яғни біздің балаларымыздың білімді, тәрбиелі, мәдениетті, коғамда өздерін ұстай алуды білуі үшін 

қолымыздан келгеннің бәрінен аянбауымыз қажет. 

Ресейде  девиантты  мінез-құлықтың  мәдени  аспектісінің  негізін  қалаушы  Я.И.  Гелинский 

қолданысқа «ауытқымалы мінез-құлық» терминімен тең қолданылатын «девиантты мінез-құлық» 

терминін енгізеді . 

Шетелдік  зерттеушілер,  Дюркгейм,  Шуэсслер  және  басқалар  девианттылықты  әлеуметтік 

өлшемдерге  сәйкестілік  немесе  сәйкессіздік  деп  анықтайды.  Демек,  девианттылық  деп  осы 

қоғамның әлеуметтік сұраныстарын қанағаттандыра алмайтын мінез-құлықты айтамыз. 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет