Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


[ы]  дауыстылары қолданыла береді



Pdf көрінісі
бет149/287
Дата07.01.2022
өлшемі1,76 Mb.
#20525
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   287
[ы]  дауыстылары қолданыла береді:  ақын,  отан,  ұлы,  қызы;  [ә],
[ө], [ү], [і], [е] дауыстылары да осы тәрізді: әні, өнері, үні, елі т.б.
Бұдан   байқайтынымыз: 
бір   инварианттың   варианттары
синтагмалық қатынасқа түспейді немесе олар бір сөздің шенін-де
ұшырамауға тиіс. Қысқасы, А.Байтұрсынұлының «бес дауыс-ты»
жүйесін,   біздіңше,   осылай   түсінуге   болады.   «Бес   дауысты»
жүйесімен   әліпби   түзе   келіп,   осы   бес   инвариант-фонеманың
әрқайсысын   бір-бір   әріппен   белгілейді.   Ал   инварианттардың
варианттары   үшін   бас-басына   әріп   алмай-ақ,   дәйекші   арқылы
жуан немесе жіңішке әуезде оқылатындай жазу жүйесін жасай-ды.
Сонымен   А.Байтұрсынұлы   әліпби   жүйесінің,   түптеп   кел-генде,
қазіргіден   өзгешелігі   әріптердің   фонемалық   мәнді   бере  отырып,
дыбыстық мәнді де (жуан-жіңішке әуезін) білдіріп, біте қайнасып
тұрған   ішкі   құрылымдық   ерекшелігінде.   «Біте   қайнасқан»   бұл
ерекшелік қазақ тілінің сингармонизм жүйесімен ерекше үйлесім
табады».
Ал   Байтұрсынұлы   өз   реформасы   жайында   1912ж.   бы-лай
түсініктеме берген: «Қазаққа керек оқу екі түрлі: бірі-мұсылманша
оқу,   бірі   –   русша   оқу.   Осы   күнгі   жазуымызда   ды-быс   басына
арналған   белгіміз   жоқ,   бір   белгіменен   әлде   неше   түрлі
дыбыстарды жазамыз. Мысалы: ﻭ менен жазамыз бес түрлі
196
197


дыбысты,  ﻯ  мен   жазамыз   үш   түрлі   дыбысты.   Сондықтан   әуелі
жазуымыздың тәртібін түзетіп жөнге салсақ. …бұл дыбыстардың
ішінде  қ  һәм  ғ  дәйім жуан айтылады. Өзге 19 дыбыстардың һәр
қайсысы екі түрлі айтылады, бірде жуан айтылса, бірде жіңішке.
Егер де бұл 19 дыбыстың жуан айтылғанына бір харіф, жіңішке
айтылғанан бір харіф керек десек, мысалы: ص , س ,ﺕ ,ط сықылды,
онда   19   дыбысқа   38   харіф   керек   болар   еді.   Бұған   дәйім   жуан
айтылатұғын  қ  менен  ғ-  ларды, дәйім жіңішке айтылатұғын  к,  г
һәм  е    лерді   қосқанда,  һәммәсінә  43  әріп   керек   болар   еді.   …
Дауыссыз дыбыстар үшін біз мынау әріптерді алып тұрмыз: ﺏ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   287




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет