Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



жүктеу 1.76 Mb.
Pdf просмотр
бет17/28
Дата28.12.2016
өлшемі1.76 Mb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28

Н.Ф.Яковлев«… как гласные, так и парно различаемые по
признаку твердости, мягкости согласные звуки в границах од-
наго и того же слова могут быть в языке этого типа или только
твердыми, или только мягкими, и наоборот, в пределах однаго и
того   же   слова   не   может   быть   одновременно   и   твердых,   и
мягких как гласных, так и согласных, для которых существует в
языке парное различение по твердости – мягкости».
«Н.Ф.Яковлевтің   бұл   сөздері   де»   дейді   М.Жүсіпұлы,
«А.Байтұрсынұлының ойын қаз қалпында сақтаған. Егер біз бұл
цитатаны қазақ тіліне сөзбе-сөз аударсақ, сол ой – сол ой болып
қалады,   яғни   мағыналық   өзгерістер   сезілмейді,   бірақ
Н.Ф.Яковлевтің осы ойды жазғанында көп сөзділікке ұрынып кет-
кендігі айқын байқалады. Н.Ф.Яковлев еңбегінде математикалық
формулаға   бөліп,   ұсынған   алфавит   жасау  принциптері   (ғылыми
тұжырымдары)   А.Байтұрсыновтың   алфавит   жасау   принциптері-
нен (ғылыми тұжырымдарынан) айнымайды. Бар айырмашылығы
тек  жазу (дәлелдеу)  дағдысында:  А.Байтұрсынов  өзінің  алфавит
жасау   принциптерін,   ойларын   математикалық   формулаларының
таңбаларымен   белгілемесе   де,   математикалық   дәлдікпен   берген,
сондықтан   ғылыми   ізденістерінің   қорытындылары   көпшілікке
түсінікті,   ұтымды   шыққан.   Н.Ф.Яковлев   сол   принциптерді,
ойларды математикалық формулалардың таңбаларын пайда-ланып
жасаған.   Ал,   әріп   санының   айырмашылығының   себебі   мынада:
А.Байтұрсынұлы  қ-ғ,  к-г  дауыссыз дыбыстарын жеке фонемалар
деп жариялаған, себебі олар акустика жағынан да,
184
185

артикуляциялық жағынан да дифференциалдық қасиеттерге ие,
сондықтан сөздердің мағынасын өзгертеді, ал солай болғаннан
соң олар жеке әріптермен таңбаланады. Н.Ф.Яковлев бұл дау-
ыссыз дыбыстарды бір фонеманың түрлері (вариациялары) деп
түсінген, сол себептен оларға жеке әріптер арнамаған».
Проф.  Н.Уәли:  “Таңба   теориясы   тұрғысынан  алғанда   бұл
жазу жүйесі тұрпат межесі тұрғысынан жалпы халықтық тілдің
бір формасы болып табылатын ауызша әдеби тілдің дыбыс бір-
ліктерін, ал мазмұн межесі тұрғысынан тілдің мағыналық бір-
ліктерін белгіледі” деп бағалайды.
Оқуға арналған материал
Ұлттық сана және «әліпби» концептісі
Мәселенің мән-жайы түсінікті болуы үшін сана деген ір-гелі
ұғымды   еске   түсіруімізге   тура   келеді.   Бұл   аталған   күрделі
ұғымның   арғы   жақтағы   қатпарларына   бармай-ақ,   қысқа
қайырсақ,   сана   дегеніміз   адамдардың   ақиқат   дүниедегі   зат,
құбылыс, уақиға т.б. түйсінуі, қабылдауы және оларды ой еле-
гінен өткізу барысында пайда болған, қалыптасқан түсінігі мен
көзқарасы дегенге саяды.
Түсінік,   көзқарас,   әрине,   алдымен   адам   санасында,   тілдік
ұжымның   санасында   ақиқат   дүниеден   қабылданған   әртүрлі
ақпарлардың   жинақтала,   қорытыла   келе   білімге   айнала-ды.
Ондай   білімдердің   біралуаны   ұрпақтан-ұрпаққа   беріліп   келе
жатқан «д ә с т ү р л і білімдер» болса, бір алуаны тіл-дік ұжым
мүшелерінің   әрқилы   ақпараттарды   салыстыру,   ойлау
нәтижесінде пайда болған «т а б и ғ и б і л і м» жүйесі болып
табылады. Білімнің тағы бір түрі арнайы бағдарлама бойынша
оқыту барысында мектепте, жоғары оқу орындарында, арнаулы
курстарда алынған ү й р е т і н д і б і л і м д е р жүйесіне жата-
ды.
Мысалы, «әліпби» деген концептіде (когнитивтік  бірлікте)
әртүрлі білімдер жүйесіне жататын ақпараттар тілдік таңбалар
арқылы кодқа салынған. «Әліпби» – ақиқат дүниенің үзігі. Ол
жөнінде   тілдік   ұжымның,   оның   мүшелерінің   санасында
ақпараттар жинақтала екшеле келіп, «концепт» деп айтылатын
когнитивтік құрылым арқылы білімге айналады.
Кирилл,   латын,   араб,   Орхон   әліпбилері   туралы   тілдік
ұжымның когнитивтік санасында кодқа салынған ақпарттар
жинақтала   келіп,   білімге   айналады.   Ал   білімнің   өзі   тұрмыстық
деңгейдегі, энциклопедиялық деңгейдегі білім деп бөлінеді. Тілдік
ұжымның   санасында   білім   түрінде   жинақталған   ақпараттарды
жүйелеп   көрсету   арқылы   еліміздегі   әліпби   саяса-тына
«жұртшылықтың қалай қарайтынын» байқауға, бағамдауға азды-
көпті   мүмкіндік   береді.   ¤йткені   мұндай   білімдер   жүйесі   са-яси,
мәдени–әлеуметтік,   тілдік,   психологиялық,   экономикалық
факторлардың қалыптасуына әсерін тигізеді.
Әліпби   әріптер   арқылы   белгілі   бір   тілдің   мағыналық
бірліктерінің   дыбыстық   тұрпатын   белгілейді.   Бұл   тұрғыдан
қарағанда,   әліпби   –   таза   лингвистикалық   ұғым.   Сонымен   бірге
әліпбиді белгілі бір тілдік қоғамдастықтағы таза лингвистикалық
мәнділік   қана   емес,   мәдени–тарихи   ақпараттар   (информа-ция)
кодқа салынған концепт (кең ұғым) деуге болады. Егер әліпбиді
тілдік   ұжымның   когнитивтік   санасындағы   мәдени–та-рихи,
лингвистикалық ақпараттар кодқа салынған концепт деп қарасақ,
ондағы кодты шамамен былайша ашуға болады:
Мысалы, Орхон әліпбиі V – VIII ғғ. түркі қағанаты қолданған
әліпбидің жазуы; Түркі қағанатында жазба коммуникация болған
және ол бұқаралық сипатта болғанға ұқсайды, өйткені тек бір ғана
әлеуметтік   жіктің   қаған   мен   бектердің   ғана   емес,   өзге   де
әлеуметтік   төмен   жікті   қамтығанға   ұқсайды;   Қазіргі   түркі
халықтары   (чуваштардан   басқалары),   оның   ішінде   қазақ   тілі   де
Орхон–Енесей әдеби тілінің мұрагері. Тілдің барлық деңгейіндегі
дыбыстар,   грамматикалық   бірліктер,   лексика–   фразеологиялық
жүйесі де қазақ тілімен ортақтықтары бар, сон-дай-ақ қазақ тілінің
жүйесінен (қыпшақтық жүйелері) өзгеше, басқа туыстас тілдерде
кездесетін құрылымдар бар.
Орхон әліпбиінің вокализм жүйесі 8 дауыстыдан, консонан-
тизм жүйесі 16 дауыссыз дыбыстан тұратыны белгілі: а, а; о, ő;
u (ұ), ű (ү) бұл жерде назар аударатын қиындық а (ә) дыбы-сын
белгілейтін таңба [е]-ні де, [і]-ні де белгілеген. 16 дауыс-
сыз в, č, d, g/γ, k/q, j, l, m, n, n’, ŋ, p, r, s, š, t, z дыбыс 32 әріппен
таңбаланған. ¤йткені жуан дауыстылармен келген сөздерде да-
уыссыз   бір   таңбамен,   жіңішке   дауыссыздармен   келген   сөзде
басқа таңбамен белгіленген. Мысалы, Орхон әліпбиіне көшетін
болсақ, тон дегендегі т дауыссызын бір таңбамен, төн деген-
дегі [н’]-ді басқа бір таңбамен белгілеуге тура келеді. Сөйтіп,
Орхон әліпбиіне көшсек, 9 дауыстыны 5 әріппен, 16 дауыссыз-
ды 32 әріппен таңбалар едік, ал әліпбидегі әріптің саны 31 әріп
болар еді.
186
187

Түркі қағанатында (V–VIII ғғ.) оның шығысы мен батысын-
да солтүстігі пен оңтүстік аймақтарында  Орхоннан басқа си-
рия   жазуы,   санскрит   жазуы,   брахми,   ескі   ұйғыр   жазулары
қолданылды. Бұлардың бәрі діни фактормен (будда, христи-ан
дінімен)   байланысты  болды.   Тек  Орхон  жазуы   ғана,   кезін-де
қағанатқа   кеңінен   тараған.   Салыстырмалы   түрде   айтқанда,
әскери демократиялық қоғамның азаматтық сипаттағы жа-зуы
болып,   «маңдайы»   жарқырап   тұрды.   Алайда   діни   фактор
болмағандықтан,   діни   сенімге   негізделмегендіктен   бұл   жазу
қолданыс майданынан шығып қалды.
«Әліпби»   концептісімен   байланысты   кодқа   салынған   мұндай
ақпараттар   тек   филолог,  тарихшы,   шығыстанушы,   қоғамтанушы
және   делитанттардың   тілдік   санасында   білім   алу   жолымен
жүйеленген. Ал өзге жұртшылықтың когнитивтік санасында білім
түрінде   орныққан   ақпараттар  жеткілікті   болмағандықтан,   Орхон
әліпбиінің   мұрагері   ретінде   қайта   жаңғыртып,   қазақ   әліпбиі
ретінде   алу   ұсынысы   қалың   жұртшылықта   қолдау   таба-тыны
күмәнді болып қалды. Ұсынылған жобалар жоқтың қасы, ғылыми-
лингвистикалық тұрғыдан негіздеу, мықты дейтіндей факторларды
ашып көрсету жағы олқы түсіп жатты.
Мәдени-тілдік   ұжымның   санасындағы   «араб   әліпбиі»   кон-
цептісінде   әртүрлі   мәдени-тарихи   ақпарат   кодқа   салынған.   Сол
ақпарат   жүйесін   қысқаша   таратып   айтар   болсақ,   «араб   тілі
пайғамбарлардың тілі»; қасиетті Құранның сүрелері көктен араб
тілінде  түскен;  қазақтар исламды қабылдап,  өзінің дәстүрлі  діні
деп   таныды.   Араб   мәдениеті,   жазуы   арқылы   қазақ   дала-сына
білімнің   ұшқыны   тарай   бастады;   қазақ   қоғамдастығында   жазба
тілдің   үлгілері   жасалып,   нормалары   айқындалып,   қазақ
мемлекетінің   хан   жарлықтары,   іс-қағаздары,   дипломатиялық
жазбалары,   заң   жобалары   араб   әрпімен   қағазға   түсті.   Қазақтың
оқып,   сауат   ашқан   ақын-жыраулары   көркем   дүниелерін   араб
әліпбиімен   қағазға   түсірді.   Қазан   төңкерісіне   дейін,   шамамен
мыңға   тарта   кітап   жүздеген   таралыммен   ауыл-ауылға   таралған
екен.   Ертеректегі   қазақ   қоғамында   тек   зиялы   қауым   игілігіне
қызмет еткен ескі жазбаны А.Байтұрсынұлы реформалап, бар-ша
жұртшылықтың игілігіне айналдарды, «төте жазу» жүйесін жасап,
жазу-сызуды демократияландырды.
Алайда советтік/кеңестік дәуірде қазақ әліпбиін латынға, одан
кирилшеге көшірумен байланысты тілдік ұжым төте жазудан қол
үзіп қалды да дәстүр сабақтастығы бұзылды. Тек Қытайдағы
қазақ   диаспорасы   осы   төте   жазуды   қолданып   отыр.   Міне,   араб
әліпбиі   туралы   осы   тәрізді   ақпараттар   тілдік   тұлғаның   (жеке
адамның,   тілдік   ұжымның)   санасында   жинақтала   келе   мәдени
құндылық   түрінде   орнықты.   Осымен   байланысты   кейбір   тілдік
тұлғалардың әліпби ауыстырулар болып жатқан бұл заманда төте
жазуға   неге  оралмаймыз,   мәдени-ұлттық  құндылығымызды   неге
қайта   жаңғыртпаймыз   деген   сұраудың   күдікшілдер   та-рапынан
қойылуын орынсыз деп айта алмаймыз. Оның үстіне А.Байтұрсын
әліпбиін кезінде әлем лингвистикасының көрнекті өкілдерінің бірі
Д.Е.Поливанов аса жоғары бағалаған. Н.Ф.Яковлев математикалық
тәсілмен   бұл   әліпбидің   ең   тиімді   екенін   көрсеткен.   Алайда
А.Байтұрсын әліпбиіне көшуді қолдаушылар төте жазу шеттілдік
сөздердің   қалай   жазылаты-ны,   шеттілдік   сөздердің
«басқыншылығы»   көктемгі   қарғындай   күшейіп   келе   жатқан
қазіргі   заманда   бейүндес   сөздердің   қалай   орфографиялануы
тәрізді қиын мәселелермен байланысты сын-дарлы ұсыныс жасай
қойған жоқ.
Егер таза лингвистикалық факторға сүйенсек, ең дұрысы төте
жазу болар еді. Бұл жерде мәдени–әлеуметтік фактор басым түсіп
жатыр.   Әрине,   қоғам   тек   өткен   кезеңді   еске   алып,   оның
сабақтарынан   тағылым   алумен   бірге   болашақты   болжамдайды.
Көптеген   ел,  әліпби   ауыстырғаны  да,   ауыстырам  деп,   ауыстыра
алмай қалғаны да басқаны емес, неге латын әліпбиін таңдайды?
¤йткені әлем Батысты бағдарға алып, оның озық технология-сын,
ғылым–білімдегі   табыстарын   игеріп,   жаңартпалар   жаса-уды
көздеп   отыр.   Экономикадағы   мемлекетаралық   сан-салалы
қатынастың   ең   болмағанда   бір   тегершігін   өз  қолында   ұстағысы
келеді, одан айырылып қалмауға тырысады. Бұл ұлттық сананың
әлеуметтік-экономикалық   жағдайымен   байланысты   қыры.   Кез
келген   реформа   ұлттық   санамен   байланысты.   Егер   ұлттық   сана
қай   әліпбиді   қолдаса,   реформаны   жүзеге   асыру   да   ойдағыдай
болмақ.  Қалың  жұртшылықтың ықыласы  латын  әліпбиіне  қарай
ауып тұрғаны жобалардың көптігінен де аңғаруға болады.
Тілдік ұжымның когнитивтік санасында латын әліпбиі жөнінде
орныққан   ақпараттар   жүйесін   энциклопедиялық   сипаттағы
жинақталған білім және тұрмыстық мазмұндағы білімдер жүйесі
деуге   болады.   Қазіргі   ғылым   мен   білімнің   тер-минологиясы
негізінен   латын   сөздері   болып   табылады;   латын   әліпбиін
қолданып   отырған   тілдер   саны   жағынан   өзге   тілдерден   басым;
алыс шетелдердің университеттерінде қандай мамандық
188
189

болмасын, латын тілі оқытылады; латын әліпбиі компьютер-де
қолдануға   икемді.   Бір   кездерде   қазақ   тілі   латын   әліпбиін
қолданды,   оқулықтар   мен   көркем   әдебиеттер   латын   әрпімен
басылып   шықты;   латын   әліпбиі   іс-қағаздарында   қолданылды
т.б.   тілдік   ұжымның  санасындағы  энциклопедиялық   білімдер
жүйесін байқататын үзіктер.
Латын   әліпбиінің   батыс   елдерде   қолданылатыны,   батыс
елдері   шығарған   тауарлардың   жапсырмаларындағы,   тауар
төлқұжатындағы   латын   әліпбиімен   жазылған   жазулар   сатып
алушыға   тауар   сапасына   кепілдік   беріп   тұрғандай   көрінеді.
¤зінің тауарлары мен көрсететін қызметі батыстағыдай сенімді,
сапалы   дегенді   аңғарту   үшін   орталық   қалалардағы   фирма,
кәсіпорын,   сауда   орталықтары,   банк   бөлімшелері   т.б.   өз
аттарын латын әрпімен жазып қою дағдылы жайтқа айналып
бара жатқаны байқалады. Мұны латын әліпбиімен байланысты
жұртшылықтың   тұрмыстық   санасында   жинақталған
ақпараттардың   көрінісі   де-уге   болады.   Мұндай   жайттар   да
латын   әліпбиіне   көшуге   деген   жұртшылықтың   ыңғайын
танытып, олардың «кет әрі емес»-тігін байқатады.
Сонымен,   «қазақ   жазуын   реформалау   қажет   пе,   жоқ   па?
Қажет   болса,   латынға   көшпей-ақ   кирелшенің   өзін   де
реформалауға   болмай   ма?»;   «Әліпби   ауыстырсақ,   бұрынғы
рухани   құндылықтырымыздың   бірі   –   Орхон   әліпбиіне
көшейік»; «Төте жазуға қайта оралайық» деген ұсыныстардың
төңірегіндегі пікірталасты қайта өрбіткеннен гөрі сабақталған
жіптің   ұшын   түйетін   кез   келді.   Елбасы   айтқандай,   латынға
көшуді   қарастыратын   уақыт   болды.   Таңдау,  талғау  кезеңінен
өткен сияқтымыз. Ендігі кезекте  латын әліпби жөнінде жаса-
латын оған көшудің түрткіжаттайраны саралап, қоғамдық пікір
мен отыз-қырыққа жуық жобаны ғылыми талдаудан өткізу, сон-
дай-ақ болжалды түрдегі әліпби реформасының Қазақстан үшін
тиімді   моделі   мен   мемлекеттік   бағдарламасын   жасау  міндеті
тұр.
Н.Уәли «Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиі:
тарихы, тағылымы және болашағы» (Алматы, 2007.)
жинағына жариялаған мақаласынан.
10-дәріс. Төте жазудың (Байтұрсынұлы 
әліпбиінің) әліпби құрамы мен емлесі
А.Байтұрсынұлы: «Біздің заманымыз – жазу заманы, жазу-мен
сөйлесу   ауызбен   сөйлесуден   артық   дәрежеге   жеткен   заман.
Алыстан   ауызбен   сөйлесуге   болмайды,   жазумен   дүнияның   бір
шетіндегі   адам  екінші   шетіндегі   адаммен   сөйлеседі.   Сондықтан
сөйлей   білу   қандай   керек   болса,   жаза   білудің   керектігі   одан   да
артық.   Сөйлегенде   сөздің   жүйесін,   қисынын   келтіріп   сөйлеу
қандай   керек   болса,   жазғанда   да   сөздің   кестесін   келтіріп   жазу
сондай керек. Сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жаза білу-ге, қай
сөз қандай орында қалай өзгеріп, қалайша біріне бірі қиындасып,
жалғасатын дағдысын білу керек. Һәр жұрттың түрінде, тұтынған
жолында,   мінезінде   қандай   басқалық   болса,   тілінде   һәм   сондай
басқалық болады. Һәр жұрт баласын әуелі өз тілінде оқытып, өз
тілінде   жазу-сызу   үйретіп,   өз   тілінің   жүйесін   білдіріп,   жолын
танытып,   балалар   әбден   дағдыланғаннан   кейін   басқаша   оқыта
бастайды». «Араб әліппесі қазақ арасына дінмен бірге жайылған.
Дінмен байланысқан әліппені тастап, қазаққа басқа әліппе алдыру
қиын   жұмыс.   Бұлай   болған   соң,   араб   харіп-терін   қазақ
дыбыстарына жеткізу амалын табу керек» деді.
А.Байтұрсынұлы   әліпбиінде   24   әріп,   1   дәйекше   болды.   Ал
дыбыстың саны, ғалымның өзі айтқандай – 43. Графеманың бе-
сеуі (а, о, ұ, ы, е) дауыстының, 17-і (б, п, т, ж, ш, д, р, з, с, ғ, қ, к,
г, ң, л, м, н) дауыссыздың, 2-і ( у, й) жарты дауыстының таңбасы.
Ал фонеманың 9-ы (а, ә, о, ө, ұ, ү, ы, і, е) дауысты, 34-і (б, б

, д, д

,
п, п

, т, т

, ж, ж

, ш, ш

, р, р

, з, з

, с, с

, ғ, қ, к, г, ң, ң

,
л,   л

,   м,   м  

,   н,   н

,   у,  у

,   й,   й

)  дауыссыз.  Сөйтіп,  ғалым   тіл
дыбыс-тарын   бір   жарым   есе   аз   әріп   таңбаға   сыйдырып,   өз
кезеңінде ең үнемді әліпби түрін жасады. Әліпби теориясында
әріп саны фо-нема санынан аз әліпби жетілген жазу сипатын
көрсетеді
 
деген
 
қағиданы
 
қалыптастырған
А.Байтұрсынұлының төте жазуы деп атауға болады.
Сонда А.Байтұрсынұлының әліпбиі:
Дауысты дыбыстар: а (

), о (

), ұ (
ﻭﻭ
), ы (

), е (
ه
) Дауыссыз 
дыбыстар: б (

), п (

), т (

), ж (
ج
), ш (

), д (

), р
(

), з (

), с (
س
), ғ (
غ
), қ (
ق
), к (

), г (
گ
), ң (

), л (

), м (
م
), н (

)
Жарты дауысты дыбыстар: у (

..), й (

)
«А.Байтұрсынұлы ұсынған әліпбидегі әріптердің 18-і араб 
таңбалары, 3-еуі парсы таңбасы (
گ ,ﭺ ,ﭗ
), екеуі түркі таңбасы
190
191

ﮎ 
(ңе),  
ﻭ 
(ве),   1-і   өзгертілген   әріп  (ұ  


)»  болды.  Ал   әліпби
қатарынан шығарылғаны мына таңбалар: 
,ظ , ط ,ع ,ف ,ه ,ژ ,ﺙ ,ﺵ
 

خ ,ح ,ﺫ , ض
.
«А.Байтұрсынұлы   дауыстылардан   қадим   жазуынан
қолданылып келе жатқан 4 әріпті қалдырып, ұ дыбысы үшін уау
( таңбасына өзгеріс енгізген:
алиф (ﺍ , һа (ه, иа () <ы>, уау (, уау ( 

) <ұ>.
Ал   қадим   жазуының   басты   ерекшелігі   болып   табылатын
харакаттардың қолданылуы А.Байтұрсынұлы жүйесінде тек ы,
і  дауыстыларында   берілген,  оның   өзінде   сөздің   мағынасына
нұқсан келмейтін болса ғана» дейді Г.Мамырбекова.
Жазу дәстүрі төте жазуда да көбірек ескерілген. Оған мысал:
а) п орнына б әрпінің жазылуын; ә) еріндіктердің екінші буын-
да жазылуын; б) сөз басында келетін ы, і дауыстысының алиф
арқылы берілуін;  в) сөз ортасы мен аяғындағы мадда  белгісі
жоқ алифтің дыбыстық мәні болуын айтуға болады.
Сүйеніш таяқ туралы А.Байтұрсынұлы: «Меніңше сөз басын-да
дауысты дыбыстар келсе, ол сөзді жазарға басына сүйеніш таяқ
қоямыз. Оны керек қылғаным, халық әуелі жатсынбас үшін еді,
екінші басқа түріктерден тым оқшау кетпес үшін еді. Онан басқа
керегі   бар   деп   өзім   де   айтпаймын»   деген.   Г.Мамырбекованың
зерттеуінше, А.Байтұрсынұлының 1914 жылы Орынбордан жарық
көрген «Қазақша әлифба» оқу құралында «сүйеу таяқ» сақталған,
мысалы, ожау  ﺍﻭﺠﺎﻭ , ұқбақ  ﺍﻭﻗﺑﺎق, үш   ﺍﻭﭺ

 
,
өзгені –  
ﺍﻭﺯﮔﻪﻧﻰ

,  ал  1924  жылы жарық көрген  «Сауат ашқыш»
оқу құралында үнсіз алиф қолданылмаған, мысалы: үш  
ﺆﺵ

үйрету – 
ﺅﻴﺮه ﺗﻭ 
, үшін – 
ﺆﺸﻴﻦ 
, үлкен – 
ﺆﻠﻜﻪﻥ 
, етіб – 
ه ﺘﻳﺏ
.
Осы   әліпбиде   <  ұ>,   <ү>,   <у>  дыбыстарының   фонемалық
мәртебесін анықтау қиынға соқты. Бұған араб графикасындағы
ұ,   ү,   у,   о,   ө  дыбыстарына   бір   таңба   арналуы   себеп   еді.
Дыбыстардың   еріндік,   қысаң   интегралауыш   белгілерінен
бөтен, өзара жуан-жіңішкелік (ұ-ү,  о-ө) дифференциалды бел-
гісі және еріндік реңкі күшті, әлсіз, орта, орталау белгілері бар.
Сондықтан олар сөзайырымдық, сөзтанымдық қасиетке ие фо-
нема деңгейінде қарала алатынын айқындаған А.Байтұрсынұлы
бұл   бес   фонемаға   үш   таңба   арнайды.   Олар   жуан-жіңішке
белгісі арқылы ажырайды:
<ү>
<ө>
/ұ/         /о/         және /у/ графемасы.
<ұ>
<о>
Ғалым:   “о  мен  ұ  екеуіне   зор   ілтипат   керек.   Бұлардың
жазылуы   ұқсас   болғанмен,   айтылуы   ұқсас   емес.  Қой  (мал)
деген сөзбен құй (шай құй) деген сөздердің мағыналары қандай
басқа болса, айтылуы һәм сондай басқа. Ұ көмескі айтылса да,
қалдырмай жазу керек.  Ұ  тұр,  жұрт,  құм  деген сөздерде  т-
ның  ж-ның  қ-ның   соңынан   қандай   дыбыс   естіледі,  сол
дыбыстың   белгісі.  Бұл   дыбыстың   қарпін  о-дан   айыру   үшін,
үстіне () қоямыз.  Ұ-ны оқығанда һәм оқытқанда сол естілген
қалыпта айтарға тиіс” деген.
Бірақ сонда да  <ұ>  мен  <у>-дың арасын айыру қиындығы
болғанға ұқсайды: “у  азу, қару, жабу деген сөздерде з-ның р-
дың,  б-ның соңында естілетін дыбыстың белгісі.  У-сөздің бас
буынында қысқа һәм көмескі естіледі. Құрау, құлақ, құрғақ де-
ген сөздер ішіндегідей. Сөздің басқа жерінде ұзын, һәм анық
айтылады. У-дан ұ-ны айыру керек. Қысқасы сөздің басқы буы-
нында  у  ұзын  һәм   анық   естілсе,   екі   әріппен  жазарға  тұура,
тұумас, буұн, бұуаз дегендей. (у)-ды (ұ) дан айыру үшін үстіне
() қоямыз. Себебі, (у) менен (ұ)-ның жазылуы ұқсас болғанмен,
айтылуы ұқсас емес” деді.
Бірақ   бұған   қарсы   пікірлер   бірден   айтылады.   Мысалы,
Ш.Жияшев «Ол 
ﻭ 
дыбысын орысша у деп қарайды. Жоқ мырза,

.
 еш уақытта у болмас. Белгі әр заман в орнына тұрып, волыс,
вагон  сықылды сөздерде жазылашақ»  десе,  А.Жанталин: «
,ﻱ
 

(ве)  харіптерін жарты дауысты дыбыстар деп көрсетуі  маған
онша ұнап жетпей тұрады. Неге десеңіз бұрыннан бізде жазы-
лып келе жатқан 
ﻭ 
(ве) дыбысы орысшаның в харпіне тура ке-
леді» дейді.
“Ал сөз ортасында, я басында анық һәм ұзын естілетін жер-
лерде   екі   /ұ/  жазуға   тиіс.   Мысалы,  тура,  туыс  деген   сөздерде.
Басқа   түркі   тілінде   екінші  ұ  орнына  ғ  келеді.   Мысалы,  туғра,
туғыш” деп ұу, үу тіркесін ұұ, үү арқылы беру керек деп топшы-
лайды. Сөз басында айтылса, екі таңба сөз аяғында қалай естіл-се
де, жалғыз /у/ әрпімен беруді ұсынады. Мысалы,  ашу,  ашула-ну,
тату, татулық, татуласу. Бұдан А.Байтұрсынұлының объ-ектіні
бір деңгейде, объективті түрде сипаттайтынын көреміз. Мысалы,
ашулану деген сөздегі бірінші /у/ әрпі ортаңғы буын болғанмен, ол
ашу сөзінде соңғы буында тұр деген сияқты.
192
193

Байтұрсын   әліпбиін   көпшілік   талқылау   барысында   мы-
надай пікір бар:   “Бикеш,  бауыр  деген сөздердегі  и,  у  хәрпін
Ильминский бір түрлі жазса керек дейді екі харіпменен. Біздің
фаһамымызша, айтылған и, у-дың орнына екі хәріп жазу дұрыс
емес”.
Ал <ы>, <і> фонемаларының орфограммасы туралы ғалымның
өз   сөзін   тыңдағанымыз   жөн:   “ы-жаны,  малы,  тары  деген
сөздерде  н-ның,  л-дың,  р-дың   соңынан   естілетін  дыбыстың
белгісі. Сөздің басында, ортасында ы-ны қысқа һәм көмескі естіп,
бар-жоғы еленбейтін орындарда жазбаймыз. Мысалы  қн,  қр,  қрн,
жлм, жлтр деген сөздердің ішінде <ы>-ның барлығы аз сезіледі,
хатта   сезілмейді   деп   те   айтуға   болады.   Бұл   сөздерді   /ы/-ны
жазғанда   да   жазбағанда   да   осылай   оқимыз.   Жазбағанда
оқылуымызға кемшілігі болмаса, оны жазуға да қажет жоқ. Қаны,
жаны,  малы  деген сөздерді  ы-ны жазбай, со-лай оқи алмаймыз,
сондықтан сөздің аяғында  ы  жазу қажет. Сөз басында  ы-ның өзі
жазылмаса да, сүйеніш харпі алиф жазыла-
ды. Мысалы: ықтын,ынтық,
ырғақ”.
Талқыға салынған мақалаларда, мысалы, Ғ.Мусин:“Әпенденің

Каталог: uploads -> files
files -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
files -> Қоғамдық қатынас құралы ретінде тіл бірнеше формада өмір сүреді. Әдеби тіл
files -> №19 (112) 1 қазан, 2015 жыл АҢдатпа с днем учителя
files -> Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы
files -> І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 /2013
files -> Бекітілді/утвержден
files -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
files -> Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
files -> №3 (120) 11 ақпан, 2016 жыл АҢдатпа 10 бет


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет