Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


§  76.  Сонымен,  жоғарыда  айтылгандарды  жинақтай  келгенде



Pdf көрінісі
бет135/237
Дата31.12.2021
өлшемі5,78 Mb.
#21265
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   237

§  76.  Сонымен,  жоғарыда  айтылгандарды  жинақтай  келгенде, 
мынадай  қорытындылар жасауга болады:
1. 
Сөздер  түбір  морфема  мен  аффикстік  морфемаларга 
ажыратылып  мүшелене  алады.  Сөздердің  эртүрлі  морфемаларга 
ажыратылып  мүшеленуі  грамматикадағы  жүйелі  қатынасқа
1 Н.М.  Ш анскийдің аталган  кітабының 235-236-беттері.
2 Н.М.  Ш анскийдін,  аталған  кітабының,  239-240-беттері.
3  Бұл д а сонда,  240-бет.
120


негізделеді.  Сөздер  эртүрлі  морфемалардан  қалай  болса  солай 
кұрыла  салмайды,  белгілі  бір  тэртіп,  жүйе  бойынша  құрылады. 
Ондай  жүйені  белгілі  бір  морфеманың  (әсіресе  жалғаулардың) 
бір  сөздің  құрамында  ғана  емес,  белгілі  бір  топқа  енетін  барлық 
сөздердің  күрамында  қайталанып  келуінен  көруге  болады.  Мор- 
феманың  өзіне  тэн  магынасы  мен  қызметінде  қайталанып  келуі 
оның  сол  мағынасы  мен  кызметінде  әбден  қалыптасуына  мүмкін- 
дік  береді.  Ал  тілдің  бүтіндей  жүйесі,  оның  ішінде  грамматика- 
дағы жүйелі катынастар,  адам санасында жатталынып қалады.
2.  Создердің  бэрі  бірдей  түбір  морфема  мен  аффикстік 
морфемаларга 
мүшелене 
бермейді. 
Тіл-тілде 
күрамындағы 
морфемалардың 
мағынасы 
жойылып 
жэне 
құрастырушы 
бөлшектерінің  (морфемалардың)  ара  жігі  өзгеріп  кеткен  кейбір 
сөздер  де  болады.  Сөздердің  морфологиялық  құрылымы  жэне 
оның  құрылымдық  бөлшектері  -   түбір  морфема  мен  аффикстік 
морфемалардың  ара жігінің  өзгеруі  морфологиялық  сіңісу  проце- 
сі  мен  жылысу  процесінің  әсерінен  болады.  Морфологиялық 
сіңісу  процесінің  нэтижесінде  морфемалар  бір-біріне  кірігіп, 
соз  морфемаларга  ажыратылмайтын  бір  бүтін  сөз  (немесе  түбір) 
ретінде  ұгынылса,  морфологиялық  жылысу  процесінің  нэтиже- 
сінде  сөз  қүрамындағы  морфемалардың бірінің  элементі  екінші- 
сіне  сусып,  ол  сөз  морфемаларга  бұрынгысынан  басқаш а  мүше- 
ленеді.
3.  Морфологиялық  сіңісу  қүбылысы  мен  жылысу  құбылысы 
бір-бірімен  тыгыз  байланысты  болады  да,  олардың  эсер  етуі 
нәтижесінде  сіңіскен  түбірлер  (немесе  негіздер)  мен  сіңіскен  аф­
фикстер  жасалады.  Сіңіскен  түбір  ажыратуга  келмейтін  біртұтас 
түбір  ретінде үгынылса,  сіңіскен  аффикс те  бөлшектенбейтін  бір- 
тұтас  аффикс  ретінде  ұгынылады.  Жылысу  процесінің  нәтиже- 
сінде  аффикстердің дыбыстық құрамы  түбірдің элементі  есебінен 
ұлгая туседі.
4.  Морфологиялық  сіңісу  процесі  түбір  мен 
аффикстің 
аралыгында  гана  емес,  сонымен  бірге  түбір  мен  түбірдің 
аралыгында да болады.
5.  Морфологиялық сіңісу процесі де, жылысу процесі де сөздің 
морфологиялық  құрылымының,  ондагы  морфемалардың  бастап- 
қы  ара жігінің өзгеруіне экеледі.
121


6.  Сөздің  морфологиялық  құрылымының  өзгеруіне  күр- 
делену  процесі де  эсер  етеді.  Бастапқыда  морфемаларға ажы- 
ратылмаған  негіз  күрделену  продесінің  эсеріне  үшырап,  мор- 
фемаларға  мүшелене  алатын  басқа  бір  сөздердің  үлгісіне  үқсас 
келеді  де,  аналогия  бойынша  морфемаларға  бөлшектене  алатын 
негізге  айналады.  Күрделену  процесі  көбінесе  кірме  сөздердің 
морфемалық қүрамында ұшырасады.
7.  Сөздің  морфемалық  құрамында  болатын  декорреляция 
процесі  сөздің  о  бастағы  морфемалық  құрамын  да,  ондағы 
морфемалардың  ара  жігін  де,  саны  мен  орнын  да  өзгертпейді, 
морфемалардың  сипаты  мен  мағынасына  эсер  етеді.  Декорреля­
ция  процесінің  нэтижесінде  сөз  құрамындағы  морфемалардың 
саны емес, сапасы (табиғаты) өзгерді.
8.  М орфемалардың  аралығындағы  біркелкі  дауыстылар  не­
месе  біркелкі  дауыссыздар  өзгеріске  үш ырап,  олар  бір  дыбыс- 
тың  бойына  сыйысады  да,  осының  нәтижесінде  морфемалар 
бір-біріне  ұласа  бастап, олардың  ажыратылу, даралану мүмкін- 
дігі  бастапқысынан  элсірейді.  Мұндай  құбылыс  морфемалар 
диффузиясы деп  аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет