Кен орындарында мұнайды өңдеуге даярлау және дайындау әдістері. Мұнайды сусыздандыру және тұзсыздандыру. Термохимиялық әдіс Теориялық негіздері.
Орындаған: Тағай А.С
Тобы: Хт-21-11ТК
Қабылдаған: Сәрсенбаева А.Ұ
Дәріс жоспары:
Кен орындарында мұнайды өңдеуге даярлау және дайындау әдістері.
2. Мұнайды сусыздандыру және тұзсыздандыру.
3. Термохимиялық әдіс. Теориялық негіздері.
Дәріс жоспары:
Мұнай мен газды өңдеуге даярлау процестерінің технологиясы, мұнайды сусыздандыру және тұзсыздандырудың теориялық негіздері тарауларымен студенттерді таныстыру.
Кен орындарында мұнайды өңдеуге даярлау және дайындау әдістері.
Скважиналардан алынған мұнайларда әрдайым ілеспе газ, механикалық қоспалар мен жер қабаты сулары болады, ал оларда әр түрлі тұздар, өте жиі натрий, кальций және магний хлориді, сиректеу – карбонаттар мен сульфаттар араласып жүреді. Алғаш кен орны игерілгенде мұнай сусыз немесе шамалы сумен ғана өндіріледі де, кейінірек оның суы көбейіп, 90-98 % - ға дейін жетеді. Мұндай "лас" және шикі, оның үстіне құрамында жеңіл ұшатын органикалық (метаннан бутанға) дейін органикасыз газ компоненттері бар мұнайды тасымалдап, МӨЗ – де оны кәсіби тұрғыда әзірлемей өңдеуге болмайды. Мұнайда жер асты суларының болуы оны құбырмен тасымалдауды және өңдеуді едәуір қымбаттатады. Мұнайда су мөлшері болған сайын оны буландыру мен конденсациялауға (бензинмен салыстырғанда 8 есе көп) энергиялық шығын көп жұмсалады. Көлік шығындарының көбеюіне тек жер асты суларын сору ғана емес, сондай – ақ жер асты суымен бірге эмульсия арқылы түзілетін мұнайдың жабысқақтығының артуы да себепші болады.
Мысалы, ромашкин мұнайында су құрамының 5 – 20 % - ға артуына орай жабысқақтығы 17 – ден 33 с СТ – қа дейін, яғни екіи есе артып отыр. Жоғары дисперсті құмның, топырақтың ізбес тасының және басқа жыныстардың бөлщектерінен тұратын мұнайдың механикалық қоспалары су үстінде адсорбцияға ұшырап, мұнай эмульсиясының тұрақтануына әкеп соғады. Қалыпты эмульсияның пайда болуы кәсіпшілік мұнайын сорғыту мен тұзсыздандыруға орай пайдалану шығынын арттырады, сондай – қоршаған ортаға зиян келтіреді.