1. Гидросфера – Жердің су қабығы



бет1/2
Дата27.10.2022
өлшемі23,92 Kb.
#45575
  1   2

Гидросфера
1.Гидросфера – Жердің су қабығы.
Гидросфера Жер бетіндегі барлық химиялық түрдегі ,яғни сұйық, қатты, бу түріндегі суды алып жатыр. Гидросфера –грекше “гидрос”- су, „сфера”-шар дегенді білдіреді. Жер шарының су қабатын гидросфера деп атаймыз. Гидросфераға дүние жүзілік мұхит,жер асты сулары, жер беті сулары жатады. Гидросфера-сұйық, қатты, газ тәрізді күйінде тәуелсіз химиялық жағынан байланыссыз бүкіл суды қамтитын Жердің су қабығы.
Гидросфераның пайда болуы туралы түрлі пікірлер бар. Оның ішіндегі ғалымдардың қолданылатын пікірі мынау: ол бойынша жер бетіндегі су жермен бірге пайда болған деген және жер қабықтары: литосфера, гидросфера, атмосфера-магма заттарының балқуынан пайда болды деген пікірлер болды. Осыдан соң жер бетін түгел Мұхит басып,ол мұхит таяз, минералданған, жылы болған делінеді.Уақыт өткен сайын оның суы тереңдеп, көлемі қысқара бастайды. Жауын-шашын молайып , Жер бетіндегі тұщы судың көзі осыдан пайда болды деген жорамал бар.
Жер бетіндегі бүкіл гидросфераның көлемі-1,39 млрд .км. Жер бетіндегі тұзды су мөлшері-97,4 %. Бұл негізінен мұхит сулары. Жер бетіндегі тұщы су мөлшеріне 2,6% тиесілі. Бұлар негізінен мұздықтарда шоғырланған. Сондықтан қазіргі таңда тұщы су проблемасы негізгі ғаламдық проблемалардың бірі болып табылады.
Су Жер бетінің 86 %-ін:71 %-мұхиттар болса, 15 % құрлық сулары (мұздықтар, көлдер, өзендер, су қоймалары, батпақтар ) алып жатыр.


2.Табиғи судың аса маңызды қасиеттері.
Су сутегімен оттегінің қарапайым қоспасынан пайда болады. Жер беті жағдайында тек су ғана 3 күйде кездеседі. Сондықтан ол Жер бетіндегі географиялық қабықтарының барлығында кездеседі.
Жылу қабылдағышы. Су-Жер бетіндегі ең жылы денелердің бірі болып табылып, жазда мұхиттардың, өзендердің, көлдердің беткі қабаттары Күннің сәулелерін өзіне жұтып, қыста сол жылуды өзінен шығарады. Табиғатта су 3 күйде кездеседі: қатты, газ, сұйық және саған байланысты географиялық қабықтың барлығында кездеседі немесе өзінің әсерін тигізеді. Табиғи судың маңызды қасиеттерінің бірі-оның бір күйден екінші күйге ауысуы. Судың сұйық немесе қатты күйінен буға айналуы және керісінше будан сұйық күйге өтуі су немесе мұз бетіндегі бу қысымының белгілі бір дәрежесінде мүмкін және ол температураға байланысты болады. Таза су қалыпты қысым жағдайларында 1000 С –та қайнайды, 0 С –та қатаяды.
Судың тағы бір ерекше қаситеттерінің бірі-ол судың әрдайым қоспалармен кездесуінде. Мысалы: су әрдайым түрлі тұзды болып келуінде.
Судың келесі қасиеті-судың жылу өткізгіштігі мен жылу сиымдылығында болып табылады. Су қоймаларын қыздырғанда араластыру басты роль атқарады. Мұз бұдан да гөрі аз жылу өткізгіштікке ие бола отырып, суды суынудан жақсы сақтайды.
Судың тағы бір ерекшелігі оның молекулааралық құрылысымен олардың өзара орналасу ерекшеліктерінде болып табылады. 1 см 3 сұйық суда 00С температурада 3,35·1022 молекула болады. Су қарапайым екі атомдардың қосындысы болғанымен, Жердегі бүкіл тіршілік иесінің тарауына және дамуына үлкен әсері бар. Ғалымдар басқа планеталарды зерттегенде ол планетадағы тіршілікті табу мақсатында ең бірінші ол планетадағы –судың бар жоқтығын зерттейді.
Су тірі организмдердің құрамдас бөлігі болып табылады.өсімдіктердің құрамында 90% -ін су құрайды, адамның құрамында 60-65%-ін, адам сүйегінің 22%-ін , адам миының -75%-ін , адам қанының 92 % ін судан құралады.
Адам организміндегі судың “міндеттері ” мыналар:
-дене температурасын реттейді;
-адам терісіне оттегі мен қоректік заттар тасымалдайды;
-тамақты энергияға айналуына әсер етюді;
-қоректік заттардың керекті органдарға жетуге көмектеседі;
-адам организмінде жиналған қалдықтар мен шлактардың шығуына әсер етеді.
Адам организмінде қоректік судың мөлшерінің өзгеруі және судың құрамындағы тұздылығының өзгеруі салдарынан ас қорыту процесі өзгереді.
Адам өз организміндегі судың азаюы бірден әсер етеді және сусыз бірнеше тәулік қана өмір сүреді. Адам өз организмінінің 2% суын жоғалтса организм шөлдеу процесі басталып, 10 % суын жоғалтса галлюцинация және жұтыну процесі бұзылады. 10-20% суын жоғалтса өміріне кері әсер тигізе бастайды. Жануарлар 20-25 % организм суын жоғалтса өледі. Жұмыс түріне ,сыртқы ортаға байланысты адам тәулігіне 2- 4 литр су ішеді. Орташа тәуліктік сумен қоректену 2-2,5 литрге тура келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет