Кері байланыс қағидаттары Кері байланыс: Бағалаушы тұрғысында емес, сипаттамалық



Дата24.04.2023
өлшемі18,55 Kb.
#86184


Кері байланыс қағидаттары
Кері байланыс:

  • Бағалаушы тұрғысында емес, сипаттамалық түрде болуы тиіс. Біз адамның әсерін жай сипаттағанда, ол осы ақпаратты оған керек болатындай етіп пайдалануға ерікті болуы тиіс. Бағалау санаттарынан аулақ болып, біз адамның ұмтылысын қолдаймыз.

  • Жалпыланған емес, нақты болуы тиіс. Яғни толық мінез-құлқына емес, оның қатысушының нақты жеке көрінісіне қатынасы болуы керек. Әлдекімнің «басымды» болғаны соншалықты пайдалы еместігін айту: «сол сәтте біз осы проблеманы талқылағанда, маған басқалардың не айтып отырғанын сенің тыңдамайтыныңды көрсетті және мен қысым көрсететініңді немесе шабуыл жасайтыныңды сездім».

  • Кімнің кері байланысты алатынын және кімнің беретінін қажеттілікте ескеруі тиіс. Кері байланыс егер ол оны беретін адамның ғана көзқарасын қорғайтын болса және оны алатын адамның қажеттіліктерін ескермесе, қауіпті болуы мүмкін.

  • Кері байланыс оны алатын адам өзгертуі мүмкін жағдайға бағытталуы тиіс. Егер кері байланыс қандай да бір жөнделмейтін ақауға қатысты болса, онда кері байланысты алушы оны бақылай және нақты өзгерте алмайды, бұл жағдайды сәтсіздік жаңдайы тек ұлғаюы мүмкін.

  • Бездіретін емес, тартымды болуы тиіс. Кері байланыс алушы байқауға жауап бере алатын сұрақтарға тұжырым жасағанда, барынша пайдалы.

  • Уақтылы болуы тиіс. Жалпы алғанда, кері байланыс орындалған әрекеттен кеін дереу берілгенде пайдалырақ болады (әрине, оны қабылдаушы адам тыңдауға дайын болса).

  • Хабарламаны дұрыс түсінгеніне күмәні болмауы үшін кері байланыс тексерілген болуы тиіс. Мұны тексерудің бір жолы – кері байланысты алушы естігенін қайтадан түсіндіріп айтуы керек.

  • Топтың мәнмәтінінде іске асырылуы тиіс. Кері байланыс тренингілік топта берілгенде және кері байланысты беруші мен оны алушы топтың басқа мүшелері де осылай қабылдағанына көз жеткізу арқылы оның дұрыстыған тексере алады.



Кері байланысты қалай береді:

Өзіңіз туралы бірнеше сөз айтыңыз


«Мен» есімдігімен өз сөйлеміңізді бастаңыз
Алдымен жақсы жақтарын атап шығыңыз
Түсіністік білдіріңіз
Сізге ұнамайтынын нәрсені нақтылап айтыңыз. Жалпылама айтудан аулақ болыңыз.
Сөкпеңіз
Қолдануға пайдалы болатын нақты кеңес беруге ұмтылыңыз


Кері байланысты қалай алуға болады:
Кері байланысты соққы емес, ұсыныс ретінде қабылдаңыз
Сіз қайсы іс/қимыл/әрекет бойынша кері байланыс алғыңыз келетінін айтыңыз
Ұқыпты тыңдаңыз, сөйлеп тұрған адамның сөзін бөлмеңіз.
Қорғанбаңыз
Айтылғанған кері байланысқа талас тудырмаңыз
Кері байланыс үшін алғыс айтыңыз
«Мұғалім өзінің түсініктемелерінің, бағалары мен балдарының оқушылардың сенімділігіне және олардың құлшынысына тигізетін әсерін сезінуі тиіс, сол себепті де ол кері байланыс беруде мейлінше сындарлы болуы тиіс».
Бағалауды реформалау тобы, 2002

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет