Дәріс 17. Мемлекеттік құрылыстың кеңестік үлгісінің іске асырылуы
.
1. Ф.И. Голощекиннің «Кіші қазан» идеясы: мәні мен салдары.
2. Ұжымдастырудың әдістері мен қарқыны. Ашаршылық салдарлары.
3. Қазақстандағы индустрияландырудың ерекшеліктері.
Дәріс 18. Мемлекеттік құрылыстың кеңестік үлгісінің іске асырылуы
.
1.Сталиндік қуғын-сүргін, оның ауқымы және ауыр зардаптары.
2.Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің көрсеткен ерлігі.
3.Қазақстандықтардың
майдан іс-қимылдарына, партизандық қозғалысқа
қатысуы.
Дайындаған: К.С.Ө.
Шымкент,2023 жыл
Қазақстанда
социализмнің бұрмалануы
1925 - 1933 жылдары
Қазақ өлкелік
партия комитетінің бірінші
хатшысы болған
Ф. И. Голощекиннің
есімімен және қызметімен тікелей байланысты. Ол «қазақ ауылы», Қазан
лебін сезінген жоқ, сондықтан
«Кіші қазан»
төңкерісін жасау қажет деген идеясын ұсынды.
«
Кіші Қазанның» мақсаты
- қазақ ауылында социалистік өзгерістерді жүргізу және кедейлер мен
батрактардың көмегіне сүйене отырып, кеңестендірудің әлеуметтік базасын жасау еді.
Голощекин Қазақстанда 1917 жылғы
Қазан революциясы іске аспаған, сондықтан «Кіші Қазан»
революциясын жасау керек деп өз тұжырымын айтты. Осы саясат барысында
1925-1928 жылдары өткізілген іс-
шаралар:
1.Қазақ ауылын кеңестендіру;
2.Жайылымдық-шабындық жерлердің қайта бөлу;
3.Ірі бай шаруа қожалықтарын тәркілеу бағыттарында жүзеге асырылды.
Голощекин бұл идеясын
1927 жылы ұсынып, 1930 жылы VII өлкелік партия конференциясында нақтылады
.
Саяси бюро мүшелігіне кандидат
А. А.
Андреев
VI Бүкілқазақтық партия конференциясында бұл бағытты
қолдайтындығын мәлімдеді.
Ірі саяси қайраткер және экономист
Смағұл Садуақасов
«Кіші қазан» бағытына қарсы шығып, өз идеясын
ұсынды.
Голощекиннің бағыты
елеулі қарсылыққа ұшырады, сол жағдайда ол И. В. Сталинге хат жазып, онда
өлкелік партия комитеті бюросы бағытының өңін айналдыра баяндап берді. И. В.
Сталин қысқа әрі мейлінше
айқын жауап қайтарды, онда былай делінген еді:
«Голощекин жолдас! Мен осы жазбаңызда белгіленген саясат
негізінен алғанда бірден – бір дұрыс саясат деп ойлаймын И. Сталин».
Осыдан бастап Голощекин идеясына жол
ашылды.