Кәсіби бағдар беру бойынша өткізілген отырысының № хаттамасы Күні: Қатысушылар



бет1/4
Дата08.11.2022
өлшемі46,78 Kb.
#48471
  1   2   3   4
Байланысты:
хаттама анықтама


Кәсіби бағдар беру бойынша өткізілген отырысының
хаттамасы
Күні:________
Қатысушылар:


Күн тәртібіндегі мәселелер:
1.Мұғалімдерді кәсіптік бағыт-бағдар берудегі нұсқау, бұйрық, шешімдермен таныстыру


Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Теміржанова сөз алды. Оқушыларды еңбекке баулу және мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт беру маңызды істердің бірі. Саналы түрде таңдалған мамандық жеке тұлғаның болашақ өміріне әсер етеді. Болашақтағы кәсіби мақсатына дұрыс бағыт алған оқушы бойындағы қарым қабілетін шығармашылықпен дамыта білсе сапалы маман ретінде қалыптасатыны белгілі.
Сол себепті қазіргі таңда түлектерге кәсіби бағдар ұсынып, кеңес айту үлкен маңызға ие. Кәсіби бағдар беру – шешімі табылуға тиісті өте күрделі кешенді мәселе. Өзінің әдістемесі және мазмұны жағынан оның психологиялық, педагогикалық, физиологиялық және әрекеттік аумағы жағынан әлеуметтік сипаты болады. Нәтижесі қоғамның экономикалық өміріне әсер етеді. Сонымен қатар, кәсіби бағдар беру қоғамның жұмыс күшін қайта өндірудің маңызды құралы саналады. Білім саласындағы кәсіби бағыттың ауқымы кең және алуан түрлі. Бұл істің жүргізілуі кадрлар даярлауды жоспарлаумен, білім беру жүйесін одан әрі жетілдірумен тығыз байланысты екендігі сөзсіз. Қазіргі заман талабына сай мамандықтарды игерген жастарға сұраныс өте жоғары. Нарықтағы бәсекелестік күн өткен сайын артып келеді. Бүгінгі заман талабы кәсіптік білім беру саласында адамның табиғи ерекшеліктеріне сәйкес мыңдаған мамандықтар мен кәсіптерге дайындау – кезек күттірмейтін талаптардың бірі.Мектебімізде оқу жылының басталуына орай оқушыларға Кәсіби бағдар беру жұмысы қолға алынып жылдық жоспар жасақталды.
Қаулы етеді:
1.Оқушыларға Кәсіби бағдар беру жоспары құрылып, жүзеге асырылсын және тоқсан сайын атқарылған жұмыстардың есебі берілсін.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет