Орындаған: Әзімхан К.
Тобы: 1701-29 Қабылдаған: Арынбаева Д.
2022ж. презентация Тақырыбы: Әдебиеттегі модернистік бағыттар, ағымдар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Әдебиеттегі модернистік бағыттар, ағымдар
4. Кіріспе
1. Модернизм. Модернизм әдеби бағыт ретінде
2. Әдеби бағыттар мен ағымдар
3. Жоспары: Қорытынды
5. Қолданылған әдебиеттер тізімі
6. Әдеби бағыт және ағым – көптеген жазушылардың, топтар мен мектептердің шығармашылығына тән рухани және эстетикалық ұстанымдардың, сондай-ақ, осы ұстанымдардың өзара сәйкестігіне негізделген бағдарламалық-шығармашылық мақсаттардың, тақырыптардың, жанрлар мен стильдердің жиынтығы. Әдеби бағыт әдеби процестің көркемдік-эстетикалық ұстанымдарын құрайтын түсінік. Әдеби ағымдар мен әдеби мектептердің бірімен-бірі пікір алмасып, дамуы - әдеби процестің заңдылығы болып саналады. Әдеби бағыт ағымдар мен мектептерге тән ортақ рухани мазмұндағы көркем ұстанымдардың негізгі шарттарын қамтиды. Кіріспе: Модернизм – ХХ ғасырдың 20-жылдары пайда болған адамдардың рухани дағдарысын бейнелеуге негізделген көркемдік-эстетикалық жүйе. Модернизмнің төменгі шегі реалистік мәдениет болса, жоғарғы шегі 1950 жылдары пайда болған постмодернизм болып саналады. Модернистік өнерді авангардтық өнермен шатастыруға болмайды, бірақ олардың ара-жігін ашып, ажыратып берудің өзі қиын. Модернистік өнердің түрлеріне символизм, экспрессионизм, акмеизм жатса, авангардтық өнер түрлеріне футуризм, сюрреализм, дадаизм кіреді. Модернизм мен авангардизмнің өнерде жаңа бір нәрсені жасауды басты мақсат етіп ұстағанымен, модернизм сол жаңаны көркемдік пішін арқылы жасауды мұрат тұтады.
Кейбір кеңестік зерттеушілер модернизм мен позитивизмді бір дүниетаным ретінде қарастырады және коммунистік идеологияға сәйкес келе бермегендіктен, модернизмнің тек ұнамсыз жақтарын ғана қазбалап көрсетуге тырысқан. Сондықтан да олар модернизмді буржуазиялық қоғамдағы рухани дағдарыстың көрінісі, буржуазиялық жекелік және бұқаралық сананың қайшылықтарының жемісі деп бағалады. Бірақ сол модернистік пайымдаулардың социалистік қоғамда да өркен жайып, көрініс бере бастағанын өздері де бірден тап басып тани алмады.