Кибербуллинг дегеніміз не? Кибербуллинг



Дата21.09.2023
өлшемі1,68 Mb.
#109506

Кибербуллинг дегеніміз не?
Кибербуллинг – адамды интернетте, әлеуметтік желі мен түрлі мессенджерлерде қорқытып, зорлық көрсету. Кибербуллингке кез-келген адам тап болуы мүмкін. Бірақ бұл тәсілмен шабуыл жасайтындар негізінен кәмелет жасына толмаған мектеп оқушыларын нысанаға алады. Өйткені, қорғансыз балалар қорыққанынан өзіне қысым жасалып жатқаны туралы ешкімге айтпайды. Тіпті ата-анасы мен жақындарына тіс жармай, шабуылшының айтқанынан шықпайды.
Кибербуллинг жасайтындардың арасында педофилдер көп кездеседі. Олар балаларды алдап-арбап, желіге жалаңаш түскен видео не суреттерін салуға көндіреді. Кейін сол суреттерді жұртқа жария етемін деп қоқан-лоққы жасау арқылы кездесуге шақырады не ақша бопсалайды. Ал қысымға шыдамай, шарасыз күйге түскендері көп жағдайда өзіне қол салады. Сарапшылардың сөзінше, кибербуллинг қазір бүкіл әлемдегі өте өзекті проблемаға айналған. Өкініштісі, Қазақстанда да кибербуллингке ұшыраған балалар аз емес.
Ата-аналар білуі тиіс сақтық шаралары
Ғаламтордағы қауіп-қатермен күресте ата-ананың рөлі маңызды. Олар баланың қауіпсіздігіне ең бірінші кезекте жауапты адамдар болуы тиіс дейді мамандар. Сондықтан, ата-аналарға балаларына интернеттегі қауіп туралы айтып, мінезіндегі кез-келген өзгерісті бақылау ұсынылды.
Егер қамқоршылар өз ұл-қыздарының күмәнді желілерге кіріп, қаскөйлердің құрбаны болғанын анықтаса, оларға ұрыспай, барынша қолдау көрсеткені жөн. Балаға оны түсінетінін жеткізе отырып, оны жұбату қажет. Кейін проблемамен бірге күресіп, баланы психологқа да көрсетіп алған дұрыс дейді зерттеушілер.
"Егер бала проблемасын айтып келсе, оны бас салып кінәлап, ұрысудың қажеті жоқ. Телефонды да бірден тартып алып, ғаламторға шектеу қоймау керек. Мұндай жағдайда бала ата-анасынан көңілі қалып, екінші мәселесін айтпайтын болады. Әке-шешелері балаларымен байыппен сөйлесіп, олардың еш кінәсінің жоқтығын түсіндіруі керек. Қамқорлықты сезінген баланың сенімі оянып, тығырықтан шығатынына сенеді. Бізде көп ата-аналар балаларымен сөйлеспейді, оларды не мазалап жүргенін байқай бермейді. Ал білген кезде кеш болуы мүмкін", – деді әлеуметтанушы Халида Әжіғұлова.
Бала біздің жарқын болашағымыз, болашаққа деген үмітіміз. Осы жолда бала өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ата-ананың басты міндеттерінің бірі. Қазіргі технологияның қарыштап дамып жатқан заманында, балаларымызды кибербуллингтен қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ата ана мен ұстаздардың парызы. Осы орайда, балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында ата- аналар мен ұстаздардың үнемі назарында ұстауы қажет ақпараттарды назарларыңызға ұсынамыз!!!


















Похожие публикации:

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет